Мұның алдында министрлік өкілдері білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялаған болатын. Ведомство мәліметінше, 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант, PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінгені айтылады. Еске сала кетейік, былтыр 2017 жылы 37 932 білім гранты берілген болатын. Оның ішінде 35 082 грант – 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша – 300 грант), 2850 грант – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінген еді.
Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен танысу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз.