Жаңа қалашықтың жалпы жер аумағы 25 мың гектарды құрайды. Алдағы уақытта қала аумағына қосымша 5400-ге жуық жер телімі қосылатын болады. Онда облыстық әкімшілік, республикалық аумақтық бөлімшелер, көп қабатты тұрғын үйлер, театр, кітапхана, мұражай, мектеп, бала-бақша, стадион, емхана, саяқбақ сынды өзге де әлеуметтік нысандар мен түрлі құрылымдық органдардың ғимараттары орналаспақ.
Жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың тұрғын үйге бөлінген жер аумағымен қосқандағы аумағы 670 гектарды құрайды. Ал әкімшілік іскерлік орталықтың жер көлемі 225 гектар болмақ.
Орталықтың құрылысының бірінші деңгейі 2019-2021 жылдарға жоспарланған. Бұл уақыт аралығында жалпы аумақтың 20 гектары игерілетін болады. Құрылыстың алғашқы деңгейінде облыс әкімдігінің ғимараты (4545 шаршы метр), облыстық әкімшілік басқармалардың нысандары, (24 242 шаршы метр), республикалық аумақтық бөлімшелер (56 880 шаршы метр), Конгрес хол (15000 шаршы метр), «Түркістангенплан» орталығының (3000 шаршы метр) құрылысы толығымен аяқталатын болады.
Түркістанда елімізде баламасы жоқ сауда кешені ашылады
Түркістан қаласында келер жылдың қаңтар айында тұтынушылар мен тауар өндірушілерді тікелей байланыстыратын «Grand Bazar Yassy & EcoBazar» сауда орталығы ашылады....