Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында мың адамға лайықталған жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
«Есен ана» атауы берілген исі мұсылман баласының ортақ рухани орнын салтанатты түрде ашып, ел игілігіне беруге Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысып, лентасын қиды.
“Ұлық Алланың қалауымен біздер Ұлылар отаны атанған – Отырар ауданында мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені зәулім мешіттің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Күмбезі ұзақтан көз тартатын мешіттерді қай тұрғыдан алсақ та, әр пендеге жақсы ой мен ізгілікті амалдарды еске салатыны белгілі. Мешіттен аттап өтуге ешкімнің жүрегі дауаламайтыны да сондықтан. Алланың қаһарынан қорыққан жан құлшылық жолында жүрмесе де, дүниеден қайтқан аруақтардың рухтарына «Құран» бағыштатып, садақасын салып, басына саулық, отбасына амандық, ел-жұртына тыныштық тілейді, шын жүрегімен езіліп, шүкірлік айтады. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын”,- деп ізгі тілегін жеткізіп, мешітке қасиетті Құран кітабын сыйға берді.
«КИЕЛІ МЕКЕН»: ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕН АУМАҒЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан қаласында жұмыстар жалғасып жатыр. Киелі шаһардағы тарихи орындар қоқыстан тазарып, абаттандырылуда....