Түркістан қаласында ашылған “Turkistan media” Халықаралық орталығына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
Жуырда ғана облыс әкімі Жансейіт Түймебаев лентасын қиған бұл медиа орталыққа белгілі тележурналист Төребек Байтасов директор болып тағайындалды.
Төребек Төрекелдіұлы Байтасов
1987 жылы 27 тамызда ОҚО Шымкент қаласында туған.
1994 жылы Макаренко ат. №41 мектепке барды.
2004 жылы Техникалық лицейді тәмамдады. /Шымкент/
2005-2009 жж. Әл Фараби ат. ҚазҰУ-ң «Журналистика» факультетін оқыды. /Алматы /
2009-2011 жж. Абай ат. ҚазҰПУ-ң «Филология» магистрі. /Алматы/
2008-2010 жж. Қазақстан РТРК АҚ «Таңшолпан» таңғы бағдарламасында редактор;/Алматы/
2010-2011 жж. Хабар агенттігінде «Тіл тірегі» бағдарламасында жүргізуші-редактор; /Алматы/
2011-2012 жж. «24 КZ» арнасында «Билік КZ» және «Үкімет КZ» бағдарламаларында редактор; /Астана/
2013-2017 жж. Қазақстан РТРК АҚОФ «Қазақстан Шымкент» телеарнасында редактор-жүргізуші./Шымкент/ «Ғұмырдария», «Таң нұры» сынды хабарларды жүргізіп, авторлық «Сөз түзелді» және «Заңгерлік анықтама» хабарларын жүргізді.
2017 жылдан бастап Түркістан облысы Ішкі саясат басқармасы “Ақпараттық талдау орталығы” директорының орынбасары қызметінде. /Шымкент/