Келес ауданы Ошақты ауылдық округі Сарыжылға елді мекенінде “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Сапарәлі Қажы Төрегелдіұлының жүлдесіне арналған футболдан турнир өтті. Турнирге ауданның елді мекендерінен және Сарыағаш ауданынан 28 команда қатысып, ойын өте тартысты өтті.
Ақтық, шешуші кезеңге дейін сүрінбей келіп турнирдің жүлделі 3 орны және 30 000 теңге қаржылай сыйлығы Қошқарата ауылдық округі Бесқұбыр елді мекенінің жастары иеленсе, 2 орын мен 50 000 теңге қаржылай сыйлықты Ошақты ауылдық округі Қоңыртөбе елді мекенінің жастары иеленді, ал турнирдің 1 орны мен бас жүлдесі 100 000 теңгені Ошақты ауылдық округінің Береке елді мекенінің жастары жеңіп алды.
Осымен 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан Сапарәлі Қажы Төрегелдіұлының жүлдесіне арналған турнир өте қызықты және тартысты өтті. Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған айтулы шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтетін болады.