Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып подполковникДюсебаев Нұрмаханбет Бексейітұлы тағайындалды.
Дюсебаев Нұрмаханбет Бексейітұлы 1977 жылы Шымкент қаласында туған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын 6506 әскери бөлімінде өтеген.
2002 жылы облыстық әскери комиссариатта заң кеңесшісі болып бастаған. Әскери қызмет барысында Н.Дюсебаев бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде заң қызметінің, түрлі басқармалардың бастығы қызметтерін атқарған. Бұған дейін ол ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы лауазымында болған. ҚР Қарулы Күштеріндегі еңбек өтілі 18 жылға жуық. II-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және мерейтойлықбірқатармедальдармен марапатталған. Отбасылы.3 перзент тәрбиелеуде.