Түркістан облысына ҚР Президенті сайлауына байланысты ЕҚЫҰ-дан және өзге халықаралық ұйымдардан бақылаушыларкелді.Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық бақылаушылар –Түркітілдес мемлекеттер Парламентінің бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповжәне Өзбекстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Суяржон Құрбанкуловпен арнайы кездесті.
Кездесу барысында қос тарап та сайлау науқанының әділетті әрі ашық өтуіне мүдделі екендерін жеткізді.
Сайлау учаскелерінің жұмысын көрген Түркітілдес мемлекеттер Парламентінің бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповнауқан әділетті әрі айқын өткізіліп жатқанын айтты.
«ҚР Президенті сайлау науқанын қадағалау үшін келдік. Түркістан облысындасайлау науқаны жоғары деңгейде өткізілуде. Өңір тұрғындары белсенді түрде қатысып жатыр. Саяси науқан жауапкершілікпен атқарылатынына сенімім мол. Әрбір сәт мұқият қадағалануда.Дауыс берушілердің қарасы өте көп әрі белсенділігі жоғары екен.Бұл – қуантарлық жайт», – деді Түркітілдес мемлекеттер Парламентінің бас хатшысы А. Мамаюсупов.
Облыс басшысы халықаралық бақылаушыларға саяси додаға атсалысқандары үшін алғыс айтты. Өзі де тұрғындармен бірге дауыс бергенін айтып, сайлаудың жоғары деңгейде өтіп жатқанын жеткізді.