Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, “Оңтүстік” АИО және “Палантрейд” компаниясы бірлесе отырып,Арыс қаласындағы жарылыстан жапа шеккендерге көмек көрсетті. Аталған мекемелер арыстықтарға 4000 дана консерві және тушенка жөнелтті.
Сондай-ақ оқиға орнына жанар-жағармай толы бензовоз көлігін аттандырды.