“Түркістан – Қызылжар – Қостанай – Көкшетау” ақпараттық турында жүрген түркістандық БАҚ өкілдерінің сапары Қостанай облысы, Сарыкөл ауданында жалғасын тапты. Тәгіл ауылдық округы, Соналы ауылына ат басын тіреген делегация ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, Соналы орта мектебіне барды. Бұл мектепте Түркістан облысы, Жетісай ауданынан былтыр көшіп келген Ақшолпан Зұлпыхарова орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 4 баланы анасы Ақшолпан өзінің батылдық танытып көшіп келгеніне өкінбейтінін жеткізді. Жұмысшы болып істейтін жолдасының айлығы да жеткілікті.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...