Түркістанда «Magnum» азық-түлік дүкендер желісі ашылатын болды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open space» форматындағы Қоғамдық қабылдауында белгілі болды. Бүгінгі Қоғамдық қабылдауда тұрғындарды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қабылдап, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады.
Өздерінің арыз-талаптары мен өтініштерін ала келген тұрғындардың дені кәсіп ашқан азаматтар болды. Атап айтқанда, «Grand Miks» ЖШС директоры К.Юлдашев Түркістан қаласындағы индустиалды аймақта газ және канализация мәселесі бойынша келген. Аталған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары “Арнайы экономикалық аймақ Түркістан” АҚ төрағасының орынбасары А. Менлибековке қадағалауға тапсырма берді. Ал Түркістан қаласының тұрғыны Ә. Өтепберген түйе шаруашылығымен айналысу үшін қаржылай қолдау сұраса, «Фабрика Дружба» ЖШС директоры О.Шубникова кәсіпорын орналасқан жерге кәріз құбырын тартып беруді сұрап келген.
Алматы қаласынан арнайы келген «Magnum Cash & Carry» ЖШС төрағасы А. Османов облыс орталығынан «Magnum» дүкендер желісін ашуды жоспарлаған. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары М. Мырзалиев халыққа қызмет көрсетудің озық үлігісін көрсету және азық-түлік өнімдерін арзан бағада сатуды көздейтін дүкендер желісінің Түркістанда ашылуына түркістандықтар да мүдделі екенін жеткізді.
Бірқатар тұрғындар кәсіп ашуға алған несиесін уақтылы жаба алмай жатқанын айтса, кейбірі бизнес нысандарына тартылмаған инфрақұрылымды реттеуге күш салуды өтініп келген.
Облыс әкімінің орынбасарының Қоғамдық қабылдауына 13 адам келген. Олардың шешімін таппаған мәселелері бақылауға алынып, нәтижеге жету үшін жұмыстар атқарылатын болады.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open space» форматында ашылған Қоғамдық қабылдау кеңсесіне барлық мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімі Ө. Шөкеев пен басқарма басшылары ай сайын келіп, тұрғындарды қабылдайтын болады.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...