Тылда еңбек еткендер де маңдайынан тер сорғалатты.
Ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған “Ардагерлер туралы” туралы заңның қабылдануы енді ерлік көрсеткендердің ешбірі материалдық және моральдық тұрғыдан елеусіз қалмайтынына дәлел.
Елімізде, әсіресе облыста майдан даласынан аман қайтқан ардагерлер саны жылдан жылға азайып барады. Президенттің енді қал-қадірінше солардың қадіріне жетуге тырысып, тырмысып жатқаны азаматтық. Заң аясында Ұлы Отан соғысынан бөлек бұл санатта Ауған соғысына, Чехословакия мен Таулы Қарабақтағы жанжалдарды шешуге, Ирактағы бітімгершілік операциясына қатысқан азаматтар да бар екен. Бұлардың қай-қайсысы да адам басын бәйгеге тігер жер. Өзі үшін емес, елі үшін. Тылда еңбек еткендер де маңдайынан тер сорғалатты. Ол да қарақан басының қамы үшін ғана емес еді. Сондықтан мені әсіресе бұл заңның ешкімді бөліп-жармағаны қуантты. Бұл бір алалауы жоқ заң екен.
Сейдахмет Байдәулетов,
мәдениет саласының ардагері.