ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАҚПАҚТЫҚ ТҰРҒЫН ТІГІН ЦЕХЫН АШҚАН
Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округінің тұрғыны Рахматулла Айсұлу «Бастау бизнес» бағдарламасымен мемлекеттік грант алып, тігін шеберханасын ашқан. Әуелі ол кәсібін ашамын деген талапкерлерге арналған жоба жайлы естіп, құжат тапсырған. Кейін арнайы курс сабағын алып, сертификат иесі атанған. Сосын арнайы қайтарымсыз гран алып, кәсібін бастаған. Бүгінде кәсібін жолға қойған. Ауылдастарынан тапсырыстар қабылдайды. Көрпе, жастық, жасау, киімдер тігеді. Табысы да жаман емес. Енді алдағы уақытта тағы да жеңілдетілген несие алып, кәсібін үлкейтуді жоспарлап отыр.