Қазығұрт: Қарабау – тарихи мекен
Сынтас қалажұрты қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарайтын Қарабау ауыл округінің орталығы Сынтас ауылында, Келес өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Ескерткіш үстіне ХХ ғасырдың басынан бергі молалар орналастырылып, ХХ ғасырдың соңына қарай үлкен мазаратқа айналған. Қазіргі таңда адам жерленбейді. Сынтас қалажұртын 1957 жылы А.Г.Максимова бастаған археология экспедициясы анықтап, тіркеген. Ал, 1982 жылы Н.П.Подушкиннің жетекшілігімен алғашқы зерттеулер жүргізілген. Ескерткіш толық зерттелмеген. Жобасы сопақша келген цитадельден негізінен күйдірілген керамика бұйымдары: құм, құмыра, саптыаяқ, қақпақ, құбыр секілді заттар табылған. Сырлы-бояулы асхана ыдыстарының сынықтары да көптеп кезігеді.
Халық аузында осы Сынтас қалажұрты жайында көптеген аңыз-әңгімелер бар. Солардың бірінде араб шапқыншылығына қарсы күрес көріністері айтылады. Сондай-ақ, әлі күнге дейін су ағып тұратын жерасты ауыз су канализациясы жайлы аңыз да тыңдаушы назарын аударады