Бүгін Түркістан облысы Қазығұрт аудандық «Nur Otan» филиалының кезектен тыс XLIII конференциясы өтті. Конференция барысында аудандық мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп, облыстық мәслихат партиялық тізіміне үміткерлер анықталды. Сонымен қатар аудандық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның ХХ съезіне қатысуға делегаттар сайланды.
Конференцияда 63 делегат дауыс берді. Облыстық мәслихатқа үміткер ретінде пікірсайысқа 8 кандидат қатысты. Олар: Нұржан Әшіров, Гульбахира Тажибаева, Сағи Қыпшақбаев, Аскарбек Перналиев, Саян Батырбаев, Перизат Ырсалы, Жанар Жансеитова, Жавлон Сабитов. Тиісті квотаға сәйкес 4 үміткер жоғары дауыспен өтті. Дауыс беру нәтижесінде жергілікті кәсіпкер Нұржан Әшіров ең көп дауыс жинады.
Аудандық мәслихаттың тізімінде әйелдердің үлес саны –11(32,3 ), ерлер-23(67,6). Жастар – 8(23,5). Қызметтегі депутаттардың ішінен 4 адам ғана жаңа тізімге енгізілген. Тізімдегілердің көпшілігі – шағын және орта бизнес өкілдері.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазығұрт ауданында 16 депутаттық мандат бар. Соның 1 орны әзірге бос тұр. Депутаттардың бәрі дерлік ер кісілер. Енді бұл үрдіс праймериз ережелеріне байланысты толығымен өзгертілмек. Яғни, алдағы сайлау қортындысымен аудандық мәслихат құрамына 30 пайыз әйелдер мен 20 пайыз жастар кірмек. Бір сөзбен айтқанда, аудандағы депутаттық құрам кем дегенде 60-70 пайызға жаңармақ.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...