ҚАЗЫҒҰРТ: САРАПХАНАДА РУХАНИ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ШАРА ӨТТІ
Cарапхана ауылдық мәдениет үйінде жас жеткеншектердің бойына үлкендерді құрмет тұтуға, ұлттық салт- дәстүрірімізден нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында “Жасы үлкен қария- ақылы мол дария” атты ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Кездесу барысында ардагер ұстаздар Жақсыбаев Құлжабай мен Тезекова Зүлфия әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.