Қоғам белсендісі, IT маманы Садық Шерімбек “Түркістан қаласына Түркі мемлекеттері бір-бір мөлтек аудан салып берсе”, деген ұсыныс айтты. “Түркістан қаласына әр облыс бір-бірден ғимарат салып береді деп жатыр. Кеше міне бизнесмендерді желкелеп жатыр. Жақсы. Бірақ, осы біздің атамыз бүкіл Түркі әлемінің ақсақалы ретінде інілеріне “Әу” деп жіберсе жақсы болар еді. Әр Түркі мемлекеті Түркістанға бір-бірден аудан салып берсе қалай болады екен деймін да. Ал, ол аудандарды символик түрде сол елдердің атымен яки астаналарының атымен атап қойсақ. Мысалы, Түркия/Анкара ауданы, Әзірбайжан/Баку ауданы, Мажарыстан/Бұдапеш ауданы, Өзбекстан/Ташкент ауданы, Түркменстан/Ашқабат ауданы, Татарстан/Қазан ауданы деген сияқты. Сонша уақыттан бері айтып келе жатқан ұрандарын “қара шаңыраққа” бір үлес жасап дәлелдеп жіберсе, қанеки. Әлбетте құрылыстарда парсы стиліне емес, көшпелі мәдениеттің белгілеріне көбірек мән берілсе игі болар еді”, – деді ол.
Бәйдібек ауданының тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасы 50 бас уақ мал сатып алған
Шақпақ ауылының тұрғыны Ержүрек Бәйтенов «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен 2,5 млн теңге несие алған. Аталған сомаға Жамбыл облысынан...