Бұл жайында белгілі саясаттанушы Дос Көшім Түркістанда өткен Үкіметтік емес ұйымдардың VIII Азаматтық форумында айтып өтті, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастырған жиынға “Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметов, “Чернобыль одағы” ҚБ төрағасы Бақытжан Әшірбаев, “Жалынды жастар” ҚБ төрағасы Сардор Исманов, “Береке” ҚБ төрайымы Роза Абдуллаева қатысып, ұсыныстарын айтты.
ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Нарымбетов Түркістан облысында өтіп отырған форум жұмысына сәттілік тіледі.
Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы орны ерекше екендігін айтып өткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қоғамдық ұйымдар елді өркендету бағытында жұмыс істеуі қажеттігіне арнайы тоқталып өтті.
Форум аясында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Сондай-ақ, өңірдегі ең белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдеріне де құрмет көрсетіліп, республикалық ҮІІІ азаматтық форумға баратын делегаттардың тізімі бекітілді.