Еліміздегі бүгінгі экономикалық ахуал елді алаңдатып отырғаны рас. Әрине бұл жағдайға байланысты Мемлекет басшысы едел-жедел кеңес өткізіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары әзірленіп, халықты жұмыспен қамтуды қолдай отырып, басқа бюджет шығындарын қысқарту шараларын қамтамыз етуді ұсынды. Ал, ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк мұнай нарығындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Қаржы нарығын реттеу аясында арнайы штаб та құрылды. Ең алдымен жергілікті атқаругшы органдар бағаның негізсіз өсуін болдырмауды қамтамасыз етіп, қызметкерлердің санын қысқартпауға, еңбекақының уақытылы төленуін қадағалауы қажетті айтылды.
Айтайын дегеніміз, билік бұл жағдайдың халыққа барынша кері әсері тимейтіндей жағдай жасауға ұмтылуда. Сонымен қатар, қаржы министрі Әлихан Смаиылов бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алу, семинарлар, форумдарды өткізу және басқа да имидждік шаралар оңтайландырылмақ. Демек, қаржы үнемдеу барысында аты аталған шараларды азайту мәселелерін назарда ұстамақ.
Жалпы, тұрақтылығы мығым елде бұл жағдайға да аса дүрлігудің қажеті жоқ. Алайда, жалпы кез-келген нәрседе үнемдеуді үйреніп, ысырапшылдықты тоқтататын уақыт жетті.
Мырзабек САРБАЕВ,
Зейнеткер.