Осы аптада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Болат Исақов Жетісай ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, жиын өткізді.
Жиынға қала, кент, ауыл округтерінің әкімдері, мектеп диреткорлары және барлық мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Жиын барысында сөз алған Болат Әлмаханұлы
биылғы жылдың 9 айында департаментке жеке және заңды тұлғалардан 537 шағым түскенін, оның 492-сі мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетіне, қалғаны 45-і мемлекеттік көрсетілетін қызметке қатысты болғанын атап өтті.
Жиын барысында жарыссөзге шыққан азаматтар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын агенттік басшысына қойып, сәйкесінше тиісті жауаптарын алды.
Сондай-ақ, Болат Әлмаханұлы Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен халықты жұмыспен қамту орталығының, Жетісай қаласы әкімі аппаратының, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмыстарымен танысып, аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.