13-15 мамыр күндері Қарағанды қаласында Самбо күресінен шеберлер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті. Боз кілемде бірнеше салмақ дәрежесі бойынша белдескен балуандардың жеңімпаздары анықталды. Соның бірі Түркістан облысының атынан қатысқан Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының тұрғыны ардагер спортшы Әбуғани Салаев. Ол самбо күресінен шеберлер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды.
Жеңімпаз Ескі Иқан ауылында орналасқан №25 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Жас кезден спортпен шұғылдануды мақсат тұтқан ол бұл жарысқа жоғары дайындықпен барғанын жеткізді.