Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округіндегі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтті.
Аталмыш шараға Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, Оқушылар сарайының директоры И.Икапова, Сауран ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Мәткәрімұлы, Оранғай ауылдық округінің әкімі С.Пірметов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, ф.ғ.к Б.Сердәлі тағы да басқа зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынның салтанатты ашылу рәсімінде Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, Оқушылар сарайының директоры И.Ипакова, Сауран ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Мәткәрімұлы құттықтау сөз сөйлеп, М.Әуезов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан соң келген қонақтар М.Әуезов атындағы мектепте оқушылардың арнайы дайындаған «Әуезов әлемі» атты көрмесін, Абай ауылына саяхат жасады.
Шара барысында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Замана заңғары – Мұхтар Әуезов 125 жаста» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияны Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің қазақ филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Оқушалыр сарайы» директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары Ж.Исаева модераторлық жасады.
Ғылыми-әдістемелік конференцияда М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Н.Кадиров, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, ф.ғ.к Б.Сердәлі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің өкілі, Ө.Нұрғалиев атындағы әдеби сыйлықтың иегері Д.Ислам, М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология магистрі Ж.Усенбаева, Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Халжанхожа, Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Тұрғанбекова баяндама жасаса, ХҚТУ-дің студенті Д.Сәрсенбай өз арнауын оқыды. Конференцияның 2-ші бөлімі әдістемелік-инновациялық секциялық жұмыстармен жалғасын тапты.