Қазақстанның өсіп – өркендеуіне, ауылымыздың, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға – апаларымыздың төл мерекесі.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың ел үшін, халық пен келешек ұрпақ үшін жасаған игі істері, өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Осы орайда, Бөген ауылдық округі әкімшілігі мен ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 Қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай іс шара ұймдастырылды.
Мерекелік жиында, ауылымызда түрлі салаларда елге қызмет еткен, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отқан ата-апаларымыз, түрлі құттықтау хаттарымен марапатталып, концерттік қойылымдар ұйымдастырылды.