Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына үміткер Тимур Қырықбаев Қазығұрт Ауданы, Алтынтөбе ауылдық округінің Алтынтөбе елді мекенінде сайлаушылармен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Кездесу барысында ауыз су, көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелері кеңінен сөз болды.
Бүгінде 79,7 пайыз елді мекені ауыз сумен қамтылған Қазығұрт ауданында 968,6 шақырым су құбыры тартылған.
Алдағы уақытта Темір Базарбайұлының тікелей ықпалымен 2023-2027 жылдары Айнатас, Шанақ бекеті, Ызабұлақ, Жаңаталап, Тұрбат, Сарапхана секілді 6 шағын елді мекенде локальды су жүйелері шешіліп, Қазығұрт, Қақпақ, Қызылқия, Шарбұлақ елді мекендерінде суармалы су жүйелерінің гидранттары күрделі жөндеуден өткізіліп, қажетті жерлері реконструкцияланатын болады.
Ал, Алтынтөбе ауылдық округіне Қаржан өзенінен су келетін арықты жергілікті атқарушы билік тарапынан арнайы қаржы бөлдіруге, ауылға су келетін ескі арықты қайта тазалап қолданысқа беруге, үлкен Келес магистраль каналының бойын темір тормен қоршауға ықпал етіледі.
Сонымен қатар, 2025 жылға дейін жергілікті бюджеттен 411,9 млн теңге қаржы бөлініп, Қақпақ, Сырлысай, Заңғар, Талдыбұлақ, Майлыошақ, Бақабұлақ, Шанақ, Ақжар, Ескі Шанақ, Станция Шанақ, Ызабұлақ, Еңбекші, Амангелді және Қызылдала елді мекендеріндегі 16 мектепті, Шарбұлақ, Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендеріндегі ФАП-тар газдандырылып, аудандағы газбен қамтамасыз етілген елді мекендердің үлесі 95,3%-ға жетеді.
Кездесуде кандидаттың бастамалары сайлаушылар тарапынан жоғары бағаланып, қолдау көрсететіндіктерін айтты.