Аудан аумағында қолайлы бизнес–ахуалды құру және инвестициялық тартымдылықты арттыру жөнінде аудан прокуроры К.Нәрікбаевтің төрағалығымен кәсіпорын басшыларының қатысуында мәжіліс өтті. Аталған мәжіліске аудан прокуроры Каукен Бахытбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Азат Әбдіғалиұлы, тиісті сала және дербес бөлім басшылары, жергілікті тауар өндірушілер, өндірістік кәсіпорын басшылары, және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілісте қаралған күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Әрбір инвестициялық жобалардың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарында тиісті мекемелермен сүйемелдеу қызметін көрсету.
2. Аудан бюджетінің кіріс көзін ұлғайту мақсатында аудан көлемінде орналасқан алайда, өзге аудан, қаланың кірістер басқармасына тіркелген кәсіпорындарды ауданға тіркеу жұмыстарын кәсіпорын басшыларының келісімімен бірлесіп жүргізу.
3. Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттардың мөлшерін азайту мақсатында аудан аумағында орналасқан қыш зауыттарының пештеріне арнайы мұржа (фильтр) орнату.
4. Көктемгі дала жұмыстарына шаруаларға берілетін жеңілдетілген жанар-жағармай бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіру барысы.
Сауран ауданы: Жібек жолы ауыл округінде мемлекеттік бағдарламамен жүйелі жұмыстар қолға алынады
Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Жібек жолы ауыл округ тұрғындарымен кездесуінде осылай деді. Ежелгі Сауранды мекен еткен халықтың саны бүгінде 3...