Аудан көлемінде жасөспірімдердің құқықтық, сауаттылығын арттыру мақсатында «Жасөспірім және Заң» атты жиын Жеңіс ауыл округінде өтті. Іс-шараға Қарақұм, Бөген, Жеңіс ауыл округтерінің 9-11 сынып оқушылары және ата-аналары қатысты.
Жиынға аудан прокуроры А.Қыдырбай, аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева қатысып, мектеп оқушыларының өзекті сауалдарына жауап беріп, қылмыс пен құқықбұзушылыққа теріс ұғым қалыптастыру, ерте жүктілік, нашақорлыққа қарсы күрес, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған жиын кестеге сәйкес жалғасын табады.
ЕЛДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА ӘРБІР АЗАМАТ А ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУ ҚАЖЕТ
Мемлекет басшысының өткен жыл Жолдауында елімізде жүзеге асатын реформаларға қатысты бес бағыт белгіленген болатын. Осы ретте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындылды....