Сауран аудандық Мәдениет үйінде “Дін мен терроризм бір-бірімен байланыспайтын ұғымдар” тақырыбында Мәдениет үйінің қызметкерлері мен аудан жастары арасында кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Қайратұлы, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің теолог маманы Н.Тәжібай, Түркістан облысы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ директорының орынбасары М.Халықов қатысты.
Кездесу барысында теолог маман Медет Халықов экстремистік кейбір топтардың террористік іс-әрекеттерін атап, олардың қоғамға қауіпті екенін және дінге байланысы жоқ екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында теолог маман Н.Тәжібай экстремистік діни топтардың ықпалынан сақтанудың жолдарын атап, деструктивті діни ағымдардан аулақ болуға шақырды.
Жиын соңында теолог мамандар кездесуге қатысушылардың пікірлерін тыңдап, қойған сұрақтарына жауап берді.