1 наурыздан Қазақстанда коронавирус дертінен қорғайтын жаңа қаулы күшіне енбек. Көктемнің алғашқы күнінен бастап Оңтүстік Кореядан, Италиядан, Жапониядан және Ираннан Қазақстанға келгендер 14 күн бойы үйде оқшауланатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұрын бірінші санатта тек Қытай болса, енді бұл тізімге Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Иран енгізілген.
Бұл елдерден келген азаматтар 1 наурыздан бастап, үйлерінде 14 күнге карантинге оқшауланады.
Карантиндегі адамдарға қонақ шақырмай, туыстарына баруды шектеуге, сонымен қатар, мүмкіндік болса пәтердегі отбасының өзге мүшелерінен оқшаулануға кеңес беріледі.
Сондай-ақ, дене тепмературасын күніне 2 рет өлшеу ұсынылды.
Ережелер арасында бөлмені жақсылап желдетіп, қолды жуып, жеке бас гигиенасын сақтау керектігі айтылды.
14 күндік карантин аяқталғаннан кейін де дәрігерлер телефон арқылы жоғарыда аталған елдерден келгендердің денсаулығын бақылауды жалғастырады.
Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин атап өткендай егер вирустық белгілер анықталған жағдайда жедел жәрдем шақыру керек. Оның айтуынша, медициналық мекемеге өз бетінше баруға болмайды.
- Қауіптілігі жағынан екінші санатта үш мемлекет бар – Сингапур, Таиланд, Малайзия.
- Үшінші санатқа – Вьетнам, Германия, Австралия, АҚШ, БАӘ, Канада кірген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирустың таралуына жол бермес үшін еліміз Оңтүстік Корея және Иран мемлекеттерімен әуе рейсін уақытша шектейтіні белгілі болған.
- Шаралар 1 наурыздан бастап қабылданады.