Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы оңтүстік өңірде өз жалғасын тауып жатыр. Осы орайда Төлеби ауданында кезекті жалпы аудандық сенбілік өтті. Шара барысында аудан тұрғындары көше бойларын, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартты. Елді мекендерді көгалдандыру бағытында жол жиектеріне, саябақтарға күздік тал көшеттері егілді.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, тұрғындар, БАҚ өкілдерімен бірге, «Төлеби баба» саябағының аумағына көшет отырғызды. Сенбілікте 4000-ға жуық тал көшеті егіліп, 5000-нан астам тұрғын атсалысты. Сондай-ақ, 70 техниканың көмегімен күл-қоқыс арнайы полигонға жеткізілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі