Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне берілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінеәлеуметтік қолдаушараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрінің 2024 жылғы 05 тамыздағы №63 бұйрығының 6-тармағына сай, жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді.Тізбеде алдағы кезеңге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың саны және олардың мамандықтары көрсетіледі.
Ауданның жергілікті өкілді органы (мәслихат) жыл сайын көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар, 10 тармағы негізінде,Маман otbasybank.kz/program-bank Баспана Маркет жылжымайтын порталы арқылы Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
l) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы алған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
Кредиттік бюродан есеп. Аталған бағдарламаға сай 2025 жылға 130 маманға 51 116,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы және 55 маманға 481 670,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарлануда. 2025 жылы сұранысқа ие мамандықтар тізбесі мен атауы Қазығұрт ауданы әкімдігінің ресми ( turkistan-kazigurt) cайтына жарияланады.