Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен бастау алған жүгері өңдеу зауыты жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Жобаның құны – 31 млрд. теңге, онда 550 жұмыс орны ашылады.
Ауыл шаруашылы саласын әртараптандыру үшін қолға алынған жаңа зауыт индустриалды аймақта орналасқан ірі өндіріс орнының құрылысы 2 кезеңнен тұрады. Алдымен жүгеріні сақтау және кептіру кешенінің құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда іргетасын құю жұмыстары аяқталып, құрал-жабдықтары алынған. Монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Екінші кезеңде жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық іске қосылады деп күтілуде.
Айта кетейін, Түркістан облысының оңтүстік аумақтарында мақтадан бөлек жүгері егуге бет бұру көзделген.
Шардараға іссапар аясында Көксу ауыл округінде орналасқан ағын су қашыртқыларын механикалық тазалаудан өткізу жұмыстары қарқынды. Ағын су қашыртқыларын 3 кезеңге бөле отырып, тазалау жұмыстарын жүргізуге кесте жасалынып, бекітілген. Осы кестеге сәйкес, 1-кезеңде 93,729 шақырымдық көлемді тазалау қолға алынған. Тазалау жұмыстарына «Тұран су» ШЖҚ МКҚ мекемесі тарапынан 3 дана эксковаторлар бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңға қашыртқылардың тазаланған көлемі 11,5 шақырымды құрайды. Жұмыстар жалғасуда.
Сонымен бірге, аудандағы 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстары қарқынды. Аудандағы 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру үшін “Ислам Даму” банкі арқылы 17,4 млрд.теңге қаржы бөлінген. Жоба бойынша Сүткент, Достық, Ақшеңгелді ауыл округтерінде орналасқан 105 дана, Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм ауыл округтерінде орналасқан 89 дана, осы жұмыстар 2022 жылы 14 қарашасында басталып, 2025 жылы мамыр айында аяқталуы жоспарланған. Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауыл округтерінде орналасқан 108 дана тік дренаждарға конкурс жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңға жобадағы Сүткент, Достық, Ақшеңгелді Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм ауылдық округтеріндегі тік дренажды ұңғымаларды қайта құрылымдаудан өткізу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Қызылқұм ауыл округінде орналасқан Л-1 ағын су лотогының құрылысын «Тұран су» ШЖҚ МКҚ мекемесі жүргізген. Бүгінгі таңға осы құрылысты өткізу қабылдау жұмыстары аяқталмаған. Оның бас себебі, құрылыс барысында жіберілген кемшіліктердің орын алуы болып отыр. Орын алған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді.
Ақшеңгелді ауыл округіндегі Егізқұм елді мекенінде орналасқан лотоктар жүйесін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары белсенді.
4-К-2-8 каналы ұзындығы 7,458 км, 4-К-2-9 каналы ұзындығы 3,138 км, барлығы 10,596 км, құрылыс жұмыстары басталған. Бүгінгі таңға аталған каналдардың орындары тазаланып, свайларын жаңарту жұмыстары қолға алынған, диаметрі 60-тық 400 дана, 80-дік 60 дана, 100-дік 20 дана лотоктар тасымалданып әкелінген.