• Latest
Төлеби ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда

Төлеби ауданында «Ауыл аманаты» жобасымен қолдау тапқан шаруалар саны артып келеді

09/11/2023
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

29/05/2025
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

29/05/2025
ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

29/05/2025
Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

29/05/2025
Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

29/05/2025
Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданында Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

29/05/2025
ТҮРКІСТАНДА ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

29/05/2025
ТҮРКІСТАН: САУРАН СЕКТОРЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАН СЕКТОРЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

28/05/2025
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

27/05/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, May 31, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Төлеби ауданында «Ауыл аманаты» жобасымен қолдау тапқан шаруалар саны артып келеді

09/11/2023
in Қоғам
0
Төлеби ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда
518
SHARES
1.5k
VIEWS

Аудан тұрғындарының  76 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы тұрғындарды қолдау үшін биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары.  Ауданда бағдарлама аясында Киелітас, Көксәйек ауылдық округтерінің азаматтарына несие беру жоспарланған болатын.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұранысы бойынша, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің азаматтары да аталған бағдарламаға енгізіліп отыр.  Бүгінгі күнге ауданға жоспарланған 1,3 млрд теңгенің, 1,1 млрд теңгесіне құжаттары тапсырылып, 142  жобаға 817 млн.теңге несиесі берілді.

Кәсіпкерлік саласында іске асыралып жатқан инвестициялық жобалар: аудан таулы аймақ болғандықтан туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне  айналдыруымыз қажет. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140 бірлікке жетіп отыр. 2023 жылдың 9 айында 31884 демалушыларға 691,2 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Аудан аумағында бұл салаға тартылған инвестициялық жобаларға тоқтала кетсек,   Алатау ауылдық округінде жеке кәсіпкер Еркінбек Бексултан демалыс аймағын іске қосуда, құны 100 млн.тг, 5 жұмыс орны,  Ал Нысанбек елді мекенінде құны 800 млн. теңгені құрайтын жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның демалыс орны ашылды.  Сонымен қатар Ақмешіт шатқалында К.Ысқақовтың демалыс аймағы, жеке кәсіпке М.Сақыбаев  қонақ үй, ресторан, бассейн құрылысын жүргізіп,  600 млн.тг инвестиция құйды. Тағы бір айта кететін жоба Зертас ауыл округінде жеке кәсіпкер К.Қожамжарова саумалымен сауықтыру орталығын іске қосты. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ Алатау ауыл округінде  жеке кәсіпкер Т.Наралиевтың демалыс орны ашылған.  Бүгінгі таңда Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн. теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылды. Кешенде тәулігіне 20 адам ем алуда. Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде  келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.

Соңғы жылдары ауданда жаңа инженерлік-инфрақұрылымдар, тұрғын үй нысандары мен білім ғимараттары салынды. 5 елді мекенді (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) тұрғын үй салуға жер телімдерімен (217 гектар) қамту үшін инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде (ауыз су, электр жүйесі, газ). Нәтижесінде, 1 мыңнан астам (1 007) жер телімі беріледі. 44250 адам жер телімінде кезекте тұр.

Облыстық бюджет есебінен Қапал батыр көшесіндегі 5 қабатты 48 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысын бастуға 60 млн теңге қаржы қарастырылды.  Жоба құны 2 млрд 551 млн теңге. Сонымен қатар, халықтың осал топтарына арналған 20 пәтерге  192 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінде үйлерді сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Жалпы аудан аумағында 680 шақырымды құрайтын 552 ішкі көшелер бар. 2022 жылы жақсы және орташа жағдайдағы асфальтталған жолдардың үлесі 85 пайыз немесе 535 шақырым болатын. Биыл бұл көрсеткішті 90.3 пайызға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Асфальтталған жолдардың ұзындығы 614 шақырым, 502 көшеге жетеді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында  ағымдағы жылы 29 көшеге 835 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы су құбырларының ұзындығы – 1 226 шақырым, абонент саны – 22 368 бірлік  су есептегіштер –  20 856 дана. Аудандағы 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз су жүйесіне қосылып, көрсеткіш 98.2 пайызды құрап отыр. Аталған мәселені толық шешу үшін ауыз сумен қамтылмаған Жаңакүш елді мекеніне тиісті қаржы қарастырылды (жалпы құны – 286 млн. теңге, бөлінгені – 245 млн. теңге). Нысан келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде аудан халқы 100 пайыз ауыз су жүйесімен қамтылады.  Сонымен қатар, ауыз су сапасына да назар аударылуда. Ескірген су жүйелерін жөндеп, ашық су көздеріне су тазалағыш қондырғыларын орнату жұмыстарына биыл 1,2 млрд. теңге бөлініп,  9 нысан бойынша жаңарту жұмыстары жүргізілуде. (5 нысан (Керегетас, Зертас, Бейнеткеш, Нысанбек, Көктерек (Ленгір) биыл аяқталады, 4 нысан (Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Жаңажол) өтпелі). Көктерек су тазалау имаратының құрылысын аяқтауға 64 млн теңге қаралды.

Бүгінде Ленгір қаласындағы өзекті мәселенің бірі –кәріз жүйесі.   Төлеби ауданы бойынша 3 кәріз  жүйесі бар,  қала тұрғындарының 25,0% қамтылған. Жаңадан салынып, кәріз жүйесіне қосылған үйлердің санының артуына байланысты бұрынғы кәріз жүйесінің күші жетпеуде. Осыған орай, заман талабына сай келетін  «Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны – 2,6 млрд. теңгені құрайды (биыл 900 млн. теңге бөлінді). Нысанды келесі жылы пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз (сиымдылығы тәулігіне 3500 м3 су өңдейді).

Осы күнге дейін табиғи газға 55 елді мекеннің 51 –і қосылып, 21 149 абонент (115 366 адам) көгілдір отын тұтынушысы, қамтылу деңгейі 93 пайызды құраған болатын. Биыл Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық елді мекендерінде табиғи газ құбырының құрылысы (2022 жылы 693 млн. теңге, 2023 жылы 144 млн. теңге) аяқталатын болады. (қосымша 1021 абонент көгілдір отынмен қамтылады) Нәтижесінде аудан халқы табиғи газбен 100 пайыз қамтылып, абонент саны 22 170 болады.

Жалпы аудан аумағында 933,7 шақырым электр желісі бар. Облыстық бюджет есебінен 29 елді мекеннің  73 көшесіне электр желісін жүргізуге және трансформатор орнату құрылысын аяқтауға  989 млн. теңге қаржы қарастырылды.Биыл бұл жұмыстарды аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарламасының аясында биыл 19,6 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 4 трансформаторды ауыстырады. 2 123,0 млн теңгеге Ленгір қаласында 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр станциясын салынуда.  Жоба аясында жалпы – 9720 халық сапалы электр қуатымен  қамтылатын болады.

Алдағы жылдары да аталған жұмыстар жалғасын табатын болады, ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылып, жаңа трансформаторлар орнатылады. Нәтижесінде аудан халқы сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандыру маңызды болып отыр. Ағымдағы жылы ауданда мемлекеттік қаржы есебінен 12 көше (құны 60 млн. теңге), жеке инвестиция (Шұбарағаш) есебінен 1 көше жарықтандырылды.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін білім, мәдениет, спорт нысандары салынып жатыр. Ауданда 68 мектеп (67 мемлекеттік, 1 жеке меншік) жұмыс жасайды.  Биыл Тағайна елді мекенінде 200 орындық мектеп, Зертас елді мекеніндегі Шомшақты мектебіне 150 орындық және Көксәйек елді мекеніндегі саз мектебінің қосымша ғимарат құрылыстары мен Ленгір қаласындағы 80 орындықты Оқушылар үйінің құрылысы жүргізілуде.  Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қаратөбе елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылында №6 мектеп іске қосылды

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде, аудан аумағында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда.

Атап айтқанда: Достық елді мекенінде 900 орындық; Көксәйек елді мекенінде 600 орындық;  Қосағаш елді мекенінде 300 орындық; Бірінші Мамыр елді мекенінде 900 орындық мектептерінің жобалары ұсынылды. Аталған мектептердің үшеуі келесі жылы, біреуі (Бірінші Мамыр) 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жалпы ауданда 55 денсаулық сақтау мекемелер бар.  Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 45 млн теңге бөлінді. 2023 жылдың 9 айында 1975 сәби дүниеге келді. 2023 жылдың 9 айында ана өлімі тіркелмеген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылға Төлеби ауданы бойынша 5 медициналық нысан 4 ФАП және 1  ДА (Диханкөл, Кеңесарық, Жаңажол, Зертас, Аққұм) салу жоспарланып отыр.

Аудан тұрғындарына мәдени және ойын-сауық қызметін көрсету мақсатында 15 мәдени нысан, 31 кітапхана жұмыс жасайды. Бірде-бір мәдениет нысандары жоқ Аққұм, Киелітас ауылдық округтерінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Момынай (310 млн) елді мекенінде мәдениет үйінің құрылысы аяқталса, ал Киелітас (339 млн) елді мекенінде 146 орындық мәдениет үйі салынуда).

Ауданымызда спорт саласын дамыту мәселесі ерекше назарда.

Тұрғындардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 400 спорттық нысан жұмыс жасайды.Соңғы жылдары аудан аумағында мемлекет есебінен 6 кіші футбол алаңшасы және демеушілер тарапынан күрес түрлерінен  1 спорт кешені және 7 футбол манежі салынды.

Сондай-ақ, бюджет есебінен Бірінші Мамыр және Көксәйек елді мекендерінде замануи үлгідегі спорт кешендері салынуда. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі спорт кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны биыл 9 айда  50,4  мың адамды құрап, аудан халқының 41%-на жетті.

Ауданда жұмыспен қамту шаралары кенінен жүзеге асырылуда.  «Еңбек» бағыты бойынша 4217  мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды (2650 тұрақты, 1567 уақытша). «Бастау Бизнес» жобасы  аясында 944 адам оқып, сертификат алды. «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бойынша жеке бастамалар аясында 1101 жаңа жұмыс орындары ашылды. «Жастар практикасына» 215  жастар жұмысқа жолданды.  Қоғамдық жұмыс орнына 936 азамат жолданды.

Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету мақсатында жалпы 631 отбасыға 232 млн теңге төленді. бойынша биыл 1 023 отбасыға (5 535 адам) 531 млн. теңге қаралып, 580 отбасыға (3 201 адам) 203,5 млн. теңгеге көмек көрсетілді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында  жалпы 90 адамға 124 млн теңге төленді. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Төлеби ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. Ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемі 9 айдың көрсеткіші бойынша 50,3 млрд.тг болса, оның 30,1 млрд.теңгесі мал шаруашылығына, 20,2 млрд.теңгесі егін шаруашылығына тиесілі. Биылғы жылы 65 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 22,1 мың гектар астық,   29,3 мың гектар жоңышқа,  1,2 мың гектар картоп,  100 гектарға ноқат, 1,8 мың гектар көкөніс.  Бұл салада негізгі жүзеге асатын ірі жобаларға тоқтала кетсек:  Көксәйек ауылдық округінде «ADS AGRO» компаниясы 600 млн. теңге несие алып, жылқы басын 1 800-ге жетікізіп, бордақылауда. Ет өнімін вакуммен орау және мал етінің сүйегінен ұнтақ шығару қондырғыларын орнатты.

Бүгінгі күннің басты міндеті – жаңа кәсіпорындарды ашып, жаңа жұмыс орындарын құру, ауданға инвестициялар тарту. Бұл бағытта Көксәйек ауылдық округіндегі 35 га аумаққа «Қазығұрт бақтары» АШӨК балық шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Жоба құны 2 млрд теңге, қуаттылығы жылына 2 мың тонна балық өндіру. Іске асыру мерзімі 2024-2025 жылдар.  Нәтижесінде 20 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы жылдық жоспар 46 млрд.тг болса, 9 айдағы көрсеткіш 34,9 млрд.тг, нақты индекс көлемі 106,1 %. Өңдеу өнеркәсібі бойынша жылдық жоспар 42 млрд.тг болса, 9 айда 32,1 млрд.тг орындалып, нақты индекс көлемі 105,6 %. Аудан өнеркәсібінің басым бағыттары: битум өндіру, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы.

Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 106,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11.1 млрд теңгеге артығымен орындалған. құрылыс жұмыстарының көлемі 4,7 млрд. теңгені құраса, өнеркәсіп саласындағы бұл көрсеткіш 35,0 млрд. теңге, ауылшаруашылығы – 50,3млрд. теңге,

Төлеби ауданында 2023 жылдың 9 айындағы ауданның бюджет көлемі 15,3  млрд.теңге, трансферттер түсімі – 10,9  млрд.теңгені құрады. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ашылып, кәсіпорындардың өнім көлемдері артып, туристік нысандардың саны өсуінен ауданның өзіндік кірістері де артуда. Нәтижесінде, ауданның өзіндік кірістер – 3,6 млрд.теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты. 2023 жылғы кірістер жоспары 2022 жылдың нақты түсімімен салыстырғанда 879 млн.теңгеге ұлғайды, кірістер – 122,4%.

Бүгінде ауданда ағын су тапшылығы күн санап артуда, осы мәлелені шешу мақсатында Кемеқалған ауылдық округінде 13 гектар жерге сыйымдылығы 1 мың текше метрді құрайтын «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы басталды (200 млн. теңге бөлінді, жалпы құны – 1 123 млн. теңге). Тоған іске қосылғанда суармалы жер көлемі  305 гектарға ұлғайып, Абай елді мекенінің жерлерін ағын сумен қамтылады.

Previous Post

Төлеби ауданында 2 млрд теңгеге балық өндіру зауыты бой көтермек

Next Post

Төлеби ауданында шаруаларға «Ауыл аманаты» бағларламасымен 800 млн теңгеден астам қолдау көрсетілген

Related Posts

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат...

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығын дамыту ісі қарқынды жүргізілуде. Соңғы жылдары бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, өңір экономикасының маңызды бір бағытына...

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы,...

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік әділдік қағидаты ұлттық бағдарымызға айналды. Елдің саяси ұстанымында басты орынға шыққан әлеуметтік саясат жалпыға тең мүмкіндік...

Next Post
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН 60-ҚА ЖУЫҚ АСА АЗАМАТ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛҒАН

Төлеби ауданында шаруаларға «Ауыл аманаты» бағларламасымен 800 млн теңгеден астам қолдау көрсетілген

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

29/05/2025
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

29/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,476)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page