Түркістан қаласында 38 220 абонент ішінде ауыз сумен 37 655 абонент немесе. Су алу көздері Біресек (1590 м3/сағ) және Мырғалымсай (3 200 м3/сағ). Су жинау резервуарлары арқылы 72 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде (Шобанақ 4 дана (40 000м3), Б.Майлина 2 дана (16 000м3), Б.Майлина 2 дана (16 000м3), «Түркістан Су» МКК -21 ұңғыма, «Арыс теміржолы» ЖШС – 14 ұңғыма). Ағымдағы жылы 2 нысанды ал, қалған 3 нысанның құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда. (Мақтазауыт, 1-2 м/а, Яссы ж/е Шауғар, Төреқұлов, – 13 961 абонент). Ағымдағы жылы – жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз су жүйесімен қамту басталды.
Іске асу мерзімі: 2022-2023 жж. Қамтылатын абонент саны- 2750. Жобаны толықтай іске асырсақ ауыз сумен қамту 2023 жылы 100% болады.
Орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе қаланың 12 297 абоненті қамтылған. 2021 жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту имараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Оның 27 дана КНС, 127 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары қолданыста. 2021 жылы 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған болатын. Биылғы жылы жалпы 15 жоба іске асырылуда. Қазіргі танда, 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса 4 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 5 нысанның ЖСҚ әзірленуде. Нәтижесінде жыл қорытындысымен кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9%, ал 2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса көрсеткіш –80% қамтитын болады. 2022-2023 жылдарға жеке тұрғын үйлерге қосатын 2 жобаға ЖСҚ әзірленуде (Отырар 2-кезек, Ортақ 3-кезек).
Сонымен қатар, мердігер мекемелер тарапынан инфрақұрылым жүргізілген аумақтарды қайта-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 141 көшені қайтап қалпына келтіру қажет болған. Қазіргі таңда, 92 көше қалпына келтірілді, қалған 49 көшені алдағы уақытта қалпына келтіру жоспарлануда.
Бүгінгі таңға Бірлік секторында қайта-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған секторларда Шауғар секторы – 50%, Бекзат секторы- 70%, Сауран секторы- 75%, Отырар секторы – 60%, Яссы секторы- 50%-ға аяқталып отыр. Алдаға уақыттағы қар және жауын-шашын салдарынан құрылыс жұмыстары жүргізілген аумақтарда өз деңгейінен төмендесе қосымша мердігер есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.