• Latest
Сауран: Рәміздер – Тәуелсіздіктің тұмары

Сауран: Рәміздер – Тәуелсіздіктің тұмары

05/06/2023
Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

22/09/2023
Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

22/09/2023
ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

22/09/2023
ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

22/09/2023
ТҮРКІСТАН:«ҚАПЛАНБЕК-ЖІБЕК ЖОЛЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН:«ҚАПЛАНБЕК-ЖІБЕК ЖОЛЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

21/09/2023
ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕСКІ ИҚАН АУЫЛЫ АРҚЫЛЫ ӨТКЕН

ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕСКІ ИҚАН АУЫЛЫ АРҚЫЛЫ ӨТКЕН

21/09/2023
АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ» АТТЫ ҒИБРАТТЫ ШАРА ӨТТІ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ» АТТЫ ҒИБРАТТЫ ШАРА ӨТТІ

21/09/2023
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 17 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 17 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

21/09/2023
Ордабасы ауданында «Жасөспірім және Заң» атты жиын өтті

Ордабасы ауданында «Жасөспірім және Заң» атты жиын өтті

19/09/2023
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ СЫРЛЫСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ СЫРЛЫСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

18/09/2023
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы тағайындалды

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы тағайындалды

14/09/2023
“Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз тәрбие – ұлттың жарқын болашағының кепілі!”

“Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз тәрбие – ұлттың жарқын болашағының кепілі!”

12/09/2023
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, September 24, 2023
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Сауран: Рәміздер – Тәуелсіздіктің тұмары

05/06/2023
in Қоғам
0
Сауран: Рәміздер – Тәуелсіздіктің тұмары
498
SHARES
1.4k
VIEWS

Құрметті, аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 4-маусым Рәміздер күнімен құттықтаймын. Бұл патриоттық пен намыстың мерекесі. Еліміздің даналығы мен қаһармандығын сипаттайтын мереке.

Елтаңба, Ту, Гимн тәуелсіздігіміздің басты символы. Тереңнен тамыр тартқан тарихымыздың айқын көрінісі. Сан ғасырдан бері ата-бабамыз аңсаған еркіндіктің бойтұмары. Көк Туымызда самсаған құс еркіндігімізді бейнелесе, Елтаңбадағы әрбір символ рухымыздың асқақ екенін паш етеді. Ал, Гимн бабалардың сан ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманының жыры. Татулық пен бірлікке үндеуде. Кемелді келешегіміздің асқақ үні.

Тарихымызды түгенделіп, дініміз бен тіліміз қайта оралды. 130-дан астам ұлт өкілдері туған елдің көк туының астында ауызбіршілікте өмір сүруде. Бүгінде көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық беделді ұйымдардың штаб-пәтерлерінде желбіреп тұр. Әлемдік додаларда Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалуда. Бұл Тәуелсіз ел екеніміздің айғағы.

Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азаматтың борышы. Тәуелсіздіктің тұмары Рәміздер күні құтты болсын! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Көк байрағымыз еркіндікте желбіресін! Мерекеде сіздердің отбасыларыңыздың амандығын тілеймін!

 

1992 жылдың 4 маусымында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойған еді. Ал «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

 

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып саналады.

 

Осынау мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов сынды қайраткерлер кірді. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты. Үздік туынды ұсынған байқау жеңімпаздарын қазір халық мемлекеттік рәміз авторлары ретінде таниды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы. Тудың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Еліміздің мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Әнұранның авторлары ретінде – әуенін жазған Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің есімі тарихта қалды. Үздік мәтінге жарияланған байқауды Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

 

Кейін, яғни, 2006 жылы жаңа Мемлекеттік гимн қабылданды. Таңдау ел арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» әніне түскен еді. Бұл 1956 жылы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық тандемінен шыққан туынды.

Алғаш рет рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Тұңғыш Президенттің салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

 

Құрметпен,

Сауран ауданының әкімі

Ғалымжан Үсенбаев

Related Posts

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

by Алаш Ақпарат
22/09/2023
0

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Көксәйек елді мекенінде туған Нұрсұлтан Қаппаров осыдан 6 жыл бұрын 2017 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауылына...

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

by Алаш Ақпарат
22/09/2023
0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен бастау алған жүгері өңдеу зауыты жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Жобаның...

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

by Алаш Ақпарат
22/09/2023
0

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың...

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

by Алаш Ақпарат
22/09/2023
0

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелер зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Салықбаев Қайрат, ауданның...

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Мұрағаттан табылған Қажымұқанның видеосы көпшілікті таңқалдырды (Видео)

Мұрағаттан табылған Қажымұқанның видеосы көпшілікті таңқалдырды (Видео)

18/02/2018
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
Алматылық азамат өз жерін қазаққа тегін бере салмақ

Алматылық азамат өз жерін қазаққа тегін бере салмақ

1
Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

0

«Жетібай-Жаңаөзен» автожолы қайта жаңартылады

0
Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

22/09/2023
Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

22/09/2023
ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

22/09/2023
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

ТҮРКІСТАН:«ҚАПЛАНБЕК-ЖІБЕК ЖОЛЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕСКІ ИҚАН АУЫЛЫ АРҚЫЛЫ ӨТКЕН

11

Айдарлар

  • Алаш (11)
  • Ауыл шаруашылығы (48)
  • Білім (25)
  • Дін (8)
  • Жастар (8)
  • Жаңалықтар (2,089)
  • Мәдениет (82)
  • Саясат (40)
  • Спорт (46)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (6)
  • Қауіпсіздік (7)
  • Қорғаныс (3)
  • Қоғам (2,044)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In