Бүгін Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мәжілісі өткізілді. Жиынды облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізді. Мәжіліске облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов және фракция мүшелері қатысып, жалпы 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу және Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттері мен функцияларының атқарылуы туралы жауапты екі басқарманың есебі тыңдалды.
Самбодан Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының ардагер спортшысы жеңімпаз атанды
13-15 мамыр күндері Қарағанды қаласында Самбо күресінен шеберлер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті. Боз кілемде бірнеше салмақ дәрежесі бойынша...