«Бұқаралық спортты дамыту» мақсатында және Ұлы жеңіске 77 жыл толуына орай ескі Иқан ауылдық округіне қарасты мекемелер арасында волейболдан ашық турнир өтті.
М.Юлдашев атындағы спорт мектебінің ұйымдастыруымен волейболдан өткен тартысты жарыстан командалар бар шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде 1-орынды Иқан жалпы орта мектебі, 2-орынды №1 мектеп, 3-орынды Ескі Иқан жалпы орта мектебі иемденді.