13 мамыр күні “В.Вахидов” жалпы орта мектебінде “Исламдық бағыттағы деструктивті ағымдар” тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің теолог маманы Н.Тәжібай, “Қоғамдық келісім” КММ Сауран аудандық филиалының маманы Ж.Өтепбаев, Түркістан облысы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Б.Абдрахман, мектеп директоры Т.Басанов қатысты.
Кездесуді мектеп директоры Т.Басанов ашып, келген қонақтарды таныстырды. Кездесу барысында теолог маман Бауыржан Абдрахман қоғамдағы түрлі деструктивті діни ағымдардың сыртқы формасы, ерекшеліктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында теолог маман Н.Тәжібай керағар діни ағымдардың жетегіне ермей, олардан аулақ болуға шақырды. Жиын соңында теолог мамандар оқушыларға сауалнама жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.