Түркістан қаласында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 14 500 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 14155 немесе 97,6 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (11352) 1,2 есеге артты. Жұмыспен қамтылған адам саны 29 628, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (29128) 1,0 есеге артып отыр. Өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 127,8 млрд теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (97,2) 1,3 есеге артты, бюджетке төленген салық көлемі 11,6 млрд. тенгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,853 млн теңгені құрап 1,4 есеге артты.
Белсенді ШОБ субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласында өнеркәсіп саласында 10 млрд 332,8 млн.теңгенiң өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (8813,5) өсім 1,1 % құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 6 млрд 151,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (5621,8) 109,4 %-ды құрап өсім беріп отыр. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 3 млд 293,9 млн.теңгенi құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырған (2851,8) 115,5 пайызға артты.
Үдемелi индустриалды-инновациялық даму жөнінен 2022 жылдың ІІ тоқсандығы бойынша индустриалды аймақтың қатысушылары 1,01 млрд. теңгеге өнім өндіріп, 110 млн. теңгеге салық төледі. Нәтижесінде 2022 жылы индустриалды аймаққа құны 3 млрд.теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысына қол жеткізді. Айта кетсек, олар: 1.«Ali Construction Group»ЖШС – 890 млн.тг., 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы. 2.«TECHTRONIC STROY»ЖШС – 500 млн.тг., 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы. 3.«Гүлзада»ЖК – 100 млн.тг., 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы. 4.«Бозарық АБЗ»ЖШС – 1500 млн.тг., 100 жұмыс орны, асфальтты бетон сұйығын жасау жобасы.Осы аталған жобалар жоғарыда аталған көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек.
Келесі жоба – 2022 жылы жоспар бойынша құны 810 млн.теңге және 54 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба 2022 жылы іске қосу жоспарланған болатын. 1.«Баянды Құрылыс» ЖШС – 593 млн.тг., 28 жұмыс орны; 2.«Оспан» ЖК – 100 млн.тг., 6 жұмыс орны; 3.«EuroBlock Production» – 113,8 млн.тг., 20 жұмыс орны; Аталған кәсіпорындар ішінен «Баянды Құрылыс» ЖШС іске қосылып 31 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қалған екі кәсіпорын тамыз айында іске қосылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың қаңтар-шілде айында «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС-і 198,5 млн.теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Рахымжан» жеке кәсіпкерлігі «Forte bank» ұйымынан 100 млн теңге көлемінде несие алып, жыл соңына дейін 90 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда және осы бағдарлама аясында 11 жоба 662 млн теңгеге субсидияланып, 6 жоба 60 млн теңгеге кепілдендірілгенін айрықша атап өткім келеді.