• Latest
Төлеби ауданы: Жастарды жұмыспен қамту – басты міндет

Төлеби ауданы: Жастарды жұмыспен қамту – басты міндет

11/06/2024
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025

02/05/2025
ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

30/04/2025
АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

28/04/2025
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

26/04/2025

25/04/2025
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

20/04/2025
Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

20/04/2025
ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20/04/2025
АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

19/04/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Friday, May 9, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Төлеби ауданы: Жастарды жұмыспен қамту – басты міндет

11/06/2024
in Қоғам
0
Төлеби ауданы: Жастарды жұмыспен қамту – басты міндет
494
SHARES
1.4k
VIEWS

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Төлеби ауданында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында семинар-тренинг, экскурсия өтті. Семинар-тренинг, экскурсия мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.

Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін тамаша мүмкіндік. Себебі, мұнда:

– “Жастарға арналған 2,5 % несие”

– “Бизнестің жол картасы-2025”

– “Бастау бизнес” жобасы жөнінде ақпараттармен бөлісті.

Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша түрлі бағдарламалар бар. Осы бағдарламаларға жастар көптеп қатысып ел экономикасының дамуына үлес қосу керек. Шараға қатысушылар алдымен ұйымдастырушылар мен шара қонақтары Леңгір қаласында орналасқан «КазПласт» ЖШС тігін цехында экскурсияға барып  жұмысымен танысты, Сомен қатар, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде танысып, түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.  “КазПласт” ЖШС- нің жұмысын менеджер АХЧ – Қалымбетов Гульжан ханым таныстырды. Өндіріс орнында 150 адам жұмыс істейді. Кәзіргі таңда Ресей елінен тапсырыс түсіп, зауытқа арнайы киім тігіп жатқандығын айтып өтті. Кәсіп иелері, жастарға өзі қызығатын кәсіп ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің төмендегі  шаралары қолданылады.

Жастар практикасы. Түлектерге алған кәсібі (мамандығы) бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыспен қамтуға – 12 айға дейінгі мерзімге жастар практикасын өтуге жәрдемдесу шарасын ұйымдастырады.  Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 5 жыл ішінде бітірген және 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатысушылар ретінде белгіленеді. Жастар практикасын өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс. Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгіну тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Еңбек кітапшасы (бар болса). Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы. Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз түлектерге, 35 жастан аспаған жастар, жұмыс тәжірибесі жоқтар  қатарынан жүзеге асырылады. Оқу орындарының түлектері үшін “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен келісім негізінде қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа орналастырады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін). Білім туралы құжат (бар болса).

«Ұрпақтар келісімі» жобасы.  Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қатысушыларды зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен шарт негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 6 ай мерзімге жұмысқа алады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін). Білім туралы құжат (бар болса). Жастар практикасына, «Брінші жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-портал және www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы мансап орталықтарына жүгінбей-ақ өтінім беруге болады.

20 шақты жылдан бері іске асырылып келе жатқан халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламалары алдымен нарықтық экономикаға көшудің салдарын жұмсартуға, кейін әлемдік қаржы дағдарысының әсерін азайтуға арналды. Жоғары біліктілікті талап етпейтін, еңбекақысы төмен жұмыс орындарын ұлғайту көбірек назарға алынған бұл құжаттар жеткілікті, тұрақты жұмыс орындарын құруға қабілетсіз. Бағдарламалардың алғашқы нұсқа­лары жұмыссыздық деңгейінің 1999 жылғы 34,5%-дан 2008 жылға қарай 12%-ға дейін төмендеуіне, турасын айтқанда, халықтың жаппай кедейлік қамытын киіп кетпеуіне ықпал етті деуге болады. Одан соң қаржы дағдарысы нәтижесінде жұмыссыздар саны жарты миллионнан едәуір асқан елдегі экономикалық жағдайдың нашарла­уына байланысты Үкімет «Жұмыспен қамтудың жол картасын» (ЖҚЖК) іске қосты. Бұл 2020 жылға қарай шамамен 1,5 миллион адамды еңбекпен қамтуға тиісті. 2011-2016 жылдар ішінде шамамен 399 млрд теңге қарастырылған бұл бағдарламаның орнына 2017 жылы басқасы келді де, кейін коронавирус пандемиясына байланысты жол картасы қайта басталып, қосымша 300 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл бастаманың негізгі ережесі – азаматтарды, еңбек нарығына шығатын жастарды оқыта отырып, әрі қарай жұмысқа орналасуға көмектесу еді. Сөйтіп, аталған мақсатқа қол жеткізуге 14,3 млрд теңге бағытталды. Оның аясында қосымша қаржыға халықты жұмыспен қамту орталықтары құрылып, ізденушілерге тегін кәсіптік, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары ұсы­нылды. Сондай-ақ мемлекет жалақыны 6 айдан 12 айға дейін ішінара субсидиялай отырып, жастар тәжірибесі үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құруға да тырысты. Бірақ субсидиялау тәсілі біркелкі болмай, мөлшері ай сайын азайып отырды. Жастар практикасы бағдарламасы өз кезегінде одан әрі жұмысқа орналасу үшін тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бергенімен, ұзақмерзімді жұмыс орындарын құруға мұрындық бола алмады. Ал тәлімгерлердің жалақысы небәрі 26 мың теңгені құраған. Жұмыспен қамтудың жол картасы еңбек ұтқырлығын арттыру үшін азаматтарды жұмысқа орналасу кепілдігінсіз елдің оңтүстігінен солтүстігіне көшіру шығындарын жабуды қарастырды. Дегенмен берілген қызметтік тұрғын үйдің жалдау ақысын және коммуналдық қызметтерді жұмысшылар өздері төлеуге мәжбүр болған. Бағдарламаны сәтті жүзеге асыруға баспана, жұмысқа орналасу және инфрақұрылымның дамымауы сынды факторлар кедергі келтіргені айқын. 2022 жылдың күзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аударған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігін мойындап, азаматтардың ең алдымен жұмыс орындары бар өңірлерге көшуі тұрғысында бағдарламаны қайта қарау ниетін мәлімдеді. Жуырда өткен Үкімет сағатында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтқандай, ендігі үміт – қаралып жатқан жаңа Көші-қон туралы заңның еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатындағы ықпалды шараларында. Бағдарламаның тағы бір бағыты бо­йынша жұмысын жаңа бастаған кәсіп­керлерге шағын несиелер ұсынылып, негізінен ауыл тұрғындары осы дағдыларға оқытылды. Жыл өткен сайын кәсіпкерлікті қарқынды дамыту басым мақсатқа айналды. Кейін азаматтар негізінен тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы мен нысандарын: жолдарды, құбырларды, мектептерді, ауруханаларды, мүге­дек­терге арналған орындарды жөндеу мен салу секілді уақытша жұмыстарға тартылды. ЖҚЖК мақсаттары мен міндеттерінің көбі 2016 жылы қабылданған «Еңбек» бағдарламасында жалғасты. Жұмыспен қамту орталықтарының міндетін мойнына алған Enbek.kz бірыңғай цифрлық платформасында осы жылдың қаңтарында 227 мың жұмыс іздеушіге 92 мың бос орыннан келген. Оның 68 мыңға жуығы мемлекет тарапынан субсидияланды. Сөйтіп, негізінен білім беру секторында (17 мың бос жұмыс орны) орташа жалақысы 100-200 мың теңге, сондай-ақ біліктілігі төмен адамдарға (11 мың) жалақысы 100 мың теңгеден аспайтын жұмыс ұсынылған. Жалпы, хабарландырулардың денін бухгалтерлерді, сатушыларды және медицина қызметкерлерін жалдауға арналған табысы 100-200 мың теңге шегіндегі вакансиялар құраған. Байқап отырғанымыздай, осы уақытқа дейін қалыптасқан үрдіс азаматтардың бәрін бірдей табысы жоғары жұмыс орындарымен қамтуға әкелмеді. Негізінде, мұндай қисын жұмыс іздеп сабылған халыққа емес, жұрттың адал ақысын үнемдеуден пайда көретін жұмыс берушіге қолайлы секілді. Ал айлығы аз болса да әрең тапқан жұмысынан айырылып қалмаудың қамын ойлаған халықтың көпшілігі барға шүкір, жоққа сабыр етумен күн көреді. Өнімді және жоғары білікті жұмыс орындары еңбек нарығында аз, елде жұмыспен қамтылғандардың 61 пайызы орта және төмен дағдыға ие. Сарапшылар мұндай жұмыстардың нашар экономика жағдайында немесе автоматтандыруға байланысты тез жоғалып кететінін айтады. Жұмыс күшінің сұранысында орта білікті жұмысшылар басым, сапалы, күрделі жұмыс орындары жетіспейді. Адам капиталы – әлемдегі еңбек нарығын дамытудың басым тұжырымдамаларының бірі болғанымен, экономиканың сұраныстарына жа­уап беру үшін бұл даму қандай бағытта жүретінін нақты түсіну тағы қажет. Өз кезегінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі кейінгі бірнеше жылда іс жүзінде өзгермегенін хабарлады. Бұл ретте ресми қаулылар ЖҚЖК жұмыс істеген барлық уақыт ішінде тек 580 мың азамат (барлық қатысушының 23,3%-ы) тұрақты жұмыспен қамтылғанын көрсетеді. Сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасы тек 334 мың жұмыс іздеушіге (қатысушылардың 13,3%-ы) тұрақты жұмыс орнын алуға көмектескен. Былтыр үшінші тоқсанда елімізде 9 млн экономикалық белсенді азамат тіркеліп, олардың ішінде жұмыссыздар саны 451 мың адамды – 5%-ды құрады. Бірақ 2,1 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 23%-ын алатын өзін өзі жұмыспен қамтығандардың бәрі бірдей тұрақты жұмыс істеумен жоғары табыс тауып жүрген жоқ. Өз бетімен қамтылған топтардың бір бөлігінің табысы жалдамалы жұмысшылардың орташа жалақысына да жетпейді. Олардың жартысы 60-150 мың теңгеге өмір сүрсе, шамамен 350 мыңнан аса өзін өзі жұмыспен қамтығандардың кірісі күнкөріс деңгейінен төмен. Бұл ретте KPMG есептеулеріне сәйкес еліміздегі нақты жұмыссыздық деңгейі уақытша жұмыспен қамтылмағандар, жасырын жұмыссыздар және өзін өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандарды ескергенде, 20%-ға дейін барады. Бұған қоса 2010 жылдардың ортасынан бастап елімізде жаңа жұмыс күшінің тұрақты ағыны байқалады. Жыл сайын еңбек нарығына жұмыс тәжірибесі жоқ 300 мыңға жуық жас шығады. Алайда жаңа жұмыс орындарының пайда болуының қазіргі қарқыны бұл өсімге ілесе алмауы мүмкін. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының демографиялық болжамы Қазақстандағы халықтың табиғи өсу коэффициенті әлем бойынша орташа деңгейден 52%-ға жоғары екенін көрсеткен. Осыған байланысты 2034 жылы жұмыс күшінің саны 10 миллион адамнан асуы, әрі қарай жастар тобының көбеюіне байланысты жұмыс орындарының тапшылығы 1 миллионға жетуі ықтимал.

Сарапшылар айтып жүргендей, еліміздегі жұмыссыздықты азайту саясаты жалақысы төмен уақытша жұмыс орындарының көмегімен еңбек нарығын тұрақтандыруға бағытталған. Экономист Қуат Әкежановтың пікірінше, алдағы он шақты жылда жұмыс орындары тапшылығының күрт өсуін болдырмау үшін бізге жұмыс орындарын субсидиялаудың неғұрлым өнімді нысанына көшу, сондай-ақ еңбек ұтқырлығы жүйесін қайта қарау қажет. Бұл жұмыспен қамтуды, халықтың табысын арттырумен қатар, әлеуетті жұмысшыларға тартымды жағдайлар ұсынуға әлі дайын емес экономиканың жаңа салаларының дамуы­на мүмкіндік береді.

Әзірге былтыр қабылданған жаңа Әлеуметтік кодекспен, сондай-ақ Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен ендігі бесжылдықта сапалы жұмыс орындарының санын 3,6 млн-ға дейін ұлғайту, жұмыспен қамту құрылымын жақсарту жөнінде биік мақсаттарға көз тігіп отырмыз. Сонымен, жыл сайын табысы медиандық көрсеткіштен асатын адамдардың саны орта есеппен 250 мыңға артпақ. Мәселе – тағы да сол ұзақмерзімді жұмыс орындарын құруға, жоғары жалақыға қалай қол жеткізетінімізде.

Қазақстанда жастарды қолдау маңызын жоғалтпаған мәселелер қатарында тұр. Бүгінде халықтың 59%-ы жастар санатындағы азаматтар. Осы ретте жастарды жұмыспен қамту және кәсіп ашуда қолдау өзекті болып отыр. Осы мақсатта Қазақстанда жобалар мен бағдарламалар іске қосылып үлгерген, алайда бұл туралы көбі біле бермейді.

“Серпін – 2050” оқыту бағдарламасы.  Жоғары оқу орнын немесе арнайы білім мекемесін тәмамдамаған азаматтар “Серпін – 2050” бағдарламасы негізінде білім беру, техникалық немесе ауыл шаруашылық ғылымдарын игере алады. Бағдарлама қатысушысы өз қалауына қарай үш бағыттың біреуін таңдайды. Дегенмен білім беру мерзімі аяқталған соң қатысушы солтүстік өңірде қалып, жұмыс істеуі керек. “Серпін – 2050” бағдарламасымен оқыған азаматқа жатақхана ұсылынып, стипендиямен қамтылады. Білім алуға ниетті азаматтар жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжат пен аттестатын ұсынуы керек.

“Баршаға арналған техникалық-кәсіптік білім” бағдарламасы.  Бұл бағдарлама техникалық және кәсіптік білімі бар азаматтарды даярлауға арналған. Сонымен қатар жастар алғашқы мамандығын да игере алады. Ол 9 және 11-сыныпты аяқтаған жастар үшін қолжетімді болып отыр. Ал білім алу мерзімі мамандық пен кәсіптердің деңгейі бойынша айқындалып, мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Мұнымен қоса бағдарлама қатысушысы бір реттік ыстық тамақпен қамтылып, стипендия төленеді. Ал оқу орнына дейінгі жол ақысы мемлекет тарапынан төленбек. Бағдарламаға өтініш берген соң жеке басын куәландыратын құжатты, аттестат, куәлік немесе диплом мен 086-У нысанындағы анықтама өткізуі қажет. NEET жастардың жұмысқа орналасуына ықпалдасу. Жастар саясатындағы негізгі бағдарламалардың бірі NEET жастарды қолдау болып отыр. NEET – еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын азаматтардың санаты. Аталмыш бағдарламаға 35 жасқа дейінгі кез келген азамат оқуын аяқтаған соң үш жылдың ішінде қатыса алады. 2022 жылы бағдарламаға қатысу мерзімі 6 айдан 12 айға дейін ұзартылған. “Алғашқы жұмыс орны”. Сонымен қатар жоғарғы оқу орнын аяқтаған жастар үшін “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасы бар. Жастар саясаты аясында жүзеге асырылатын бұл бағдарлама NEET санатындағы, 29 жастан асқан жастарға, жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтарға арналған. “Алғашқы жұмыс орны” аясында өтініш білдірген азаматтар дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа сай 24 айға жұмысқа орналаса алады. Ал жалақыны жұмыспен қамту орталығы 1 жыл көлемінде субсидиялайды. Субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішке тең. Жобаға қатысу үшін тұрғылықты мекенжайындағы жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып, жеке басын куәландыратын және білімі туралы құжат ұсынуы керек.

“Ұрпақтар келісімі”. Бұл жобаға қатысушы 18 айға тұрақты жұмыспен қамтылады. Алдымен жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім жасайды. Ал 6 айлық жалақыны жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды. “Ұрпақтар келісімі” жобасына қатысқысы келетін азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш беруі керек. Сонымен қатар жеке куәлігі, білімі туралы құжаты мен еңбек кітапшасын (бар болса) қоса ұсынуы қажет.

“Zhas Project” жобасы.  Бұл жоба аясында жастар өз идеясын жүзеге асырып қана қоймай, грант жеңіп, менторлық қолдау алады. 2022 жылғы пилоттық жоба барысында Алматы, Қарағанды, Маңғыстау мен Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстарында 250 жоба жүзеге асты.

“Жас кәсіпкер”.  Жоғары білім алып қана қоймай, жеке кәсібін ашқысы келетін жастар үшін де бірнеше жоба қарастырылған. Мәселен, “Жас кәсіпкер” аясында қатысушылар 25 күн арнайы оқудан өтеді. Оқу мерзімі аяқталған соң сертификатпен марапатталады. “Жас кәсіпкер” жобасына 18-29 жас аралығындағы тұрақты жұмысы мен табысы жоқ жастар, жас отбасы мүшелері мен аз қамтылған көпбалалы отбасылар, еңбекке қабілеті шектеулі жандар қатыса алады. Өтініш беру үшін жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжат ұсыну қажет.

“Бастау бизнес” жобасы.  Жастардың кәсіп ашуына жол сілтейтін бағдарламалардың бірі – “Бастау Бизнес”. Жоба негізінде азаматтар кәсіпкерлік негіздері, ауыл шаруашылығы саласында бизнес ашу қағидаларын меңгереді. Бұдан бөлек кәсібі бар азаматтарға да “Бастау Бизнес” аясында қолдау көрсетіледі. Дегенмен жоба қатысушыларына қатысты бірнеше шектеу бар. “Бастау Бизнеске” жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, ерекше қажеттілігі бар жандар, тіркелген мерзімі 3 жылдан аспаған кәсіпкерлер өтініш бере алады. Егер өтініш мақұлданса, қатысушыға грант немесе микрокредит түрінде бастапқы капитал беріледі. Ал бизнес тренері қатысушыға кәсібі арқылы алғашқы пайдасын алғанша қолдау білдіреді. “Бизнес Бастау” жобасына жұмыспен қамту орталығы арқылы өтініш береді. Ал толық ақпаратты “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алуға болады. Айта кетейік, Қазақстанда 1999 жылы қабылданған Мемлекеттік жастар саясатының концепциясы және 2004 жылғы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты туралы” заң негізінде жастар саясаты жүзеге асырылып келеді. Аталмыш саясат “Қазақстан – 2050” стратегиясының маңызды бөліктерінің бірі болып отыр. Ал жүзеге асырылатын бағдарламалар жастардың білім саласындағы әлеуметтік құқығын қамтамасыз ету, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулығын сақтау, шығармашылықты дамыту сынды бағыттарды қамтиды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы биыл да 1 қыркүйек күні өтті. Парламент Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды. Мемлекет басшысы жастар саясатына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге де тоқталып өтті. Соның ішінде жастарды дамыту мен оларды қолдауға арналған бағдарлама қажет екенін ескертті. Президент жаңа Жолдауында: «Елімізді инновациялық жолмен дамыту үшін Астанада және Алматыда қажетті экожүйе қалыптастыруға мән беріліп отыр. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін. Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн, – деді. Ресми ашылғанына көп уақыт бола қоймаған Astana hub халықаралық IT стартаптар технопаркі жақсы нәтижелер көрсетіп отырғаны мәлім. Бұл жоба жастардың кәсіпкерлікке алғашқы қадамдарын жасауда берер мүмкіндігі зор екендігін көріп келеміз. Қазіргі таңда технопарк стартаптарының біразы шетелдік кәсіпкерлерге тиесілі. Бұл – отандық экономикаға өте тиімді. Өйткені олардың жобалары мемлекетке салық төлеп, елімізде жұмыс орынының көбеюіне үлес қосады. Одан бөлек әлемдегі үлкен Nokia, Huawei сынды корпорациялар өкілдіктерін ашып, жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беріп отырады. Былай айтқанда, Astana hub кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы модератор.Технопарк жұмыс алаңымен қамтамасыз етіп, үлестіруші қызметін атқарып келеді. Мұндай жүйе еліміздің басқа да қалаларында ашылып, қолдауға ие болатын болса, білімді жастарымыздың дамуына, мықты жобалардың іске асуына зор мүмкіндік туатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы: «Біз бүгін алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап алдық. Енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз», –деп Жолдауды қорытындылап, бірлікпен іс атқаруға шақырды.

Жастар — елдің болашағы. Халқымыз жастар тәрбиесіне әрдайым көңіл бөліп отырған. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты аясында жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасалады, барлық шаралар олардың шығармашылық әлуетін ашуға бағытталады. Оқу орнында Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер Департаменті осы оқу жылында өз жұмысын бастаған болатын. Жастар саясаты — департаменті білім алушылардың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін ұйымдастыру, оларға азаматтық және ұлтаралық тәрбиені сіңіру, интеллектуалды тәрбие беру, адамгершілік және эстетикалық бағдар беру, жастар арасында жемқорлыққа қарсы бағытталған бағдарламалық шараларды өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау, волонтерлік бағыт беру іс-шараларын атқаратын, студенттермен тығыз жұмыс жүргізетін құрылымдық бөлімше. Мұнда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту да жүргізіледі. Жастардың гуманистік дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, ұлтжандылық сана-сезімін, құқықтық және саяси мәдениетін еркіндігі мен өзіндік ар-ұждандық сезімін, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуді қалыптастыруға атсалысады. Еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының дамуы қандай? Жастардың әлеуметтік жағдайын көтеру, рухани тұрғыда өсуіне бағытталған қандай жобалар бар? Қазақстанда қанша жастар ұйымдары бар және олармен байланыс қалай жолға қойылған?

Біріншіден, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Бұл бағытта 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жаңа жоспары әзірленді. Онда өңірлердің берген ұсыныстары, министрліктің бірқатар бастамалары да енгізілген. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының бойына жалпыелдік құндылықтарды барынша сіңіру мақсатында «Туған жерден – туған елге» туристік жобасын жүзеге асыру көзделуде. Жобаның ерекшелігі — ер жеткен балаларымызды республика көлемінде арнайы маршрут ұйымдастыру арқылы еліміздің киелі, қасиетті жерлерімен жақын таныстыру, осылайша олардың жүректеріне отансүйгіштік сезімдерді терең ұялату. Сондай-ақ, биылғы жылы жастардың еліміздің өңірлеріне саяхаты арқылы Қазақстан тарихы мен мәдениеті, табиғатына қызығушылығын тудыру мақсатында Жастар ішкі туризмін дамыту жобасын іске асырамыз. Өз елін, жерін мадақтайтын түрлі саладағы жастар шығармашылығын жас, дарынды авторларды анықтау мақсатында «Туған жер» фестивалі өткізіледі. Екіншіден, барлық оқу орындарында кешенді ерте ақпараттандыру жұмысын ұйымдастыру арқылы ерте кәсіптік жұмыс тетіктерін жетілдіру. Яғни, біз балаларымызды жастайынан болашақ кәсібін саналы таңдауға баулуымыз керек. Ол, өз кезегінде, жастарымыздың өз ісінде бәсекеге қабілеттілігін арттырады, өз ісін қызығушылықпен меңгеруіне және ынтамен айналысуына септігін тигізеді. Осыған орай, министрліктің бастамасымен жастарды ерте кәсіптік бағдарлау мақсатында мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарында «Түлектер тақтасы» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру шеңберінде республика бойынша 2521 мектепте, 338 колледжде және 44 жоғары оқу орындарында ақпараттандыру стендтері орналастырылған.

Сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен күрес мақсатында елімізде «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резерві» жобаларын жүзеге асыру жалғастырылуда. Үшіншіден, жастар кәсіпкерлігін дамыту, яғни, бұл — кәсіпкерлік жобалар, бизнес-инкубаторлар. Бұл бағытта да министрліктің жобалары бар. Солардың бірі — «Жастар-Отанға!» жастар фестивалі. Төртіншіден, ынталандыру жүйесі арқылы жастардың әлеуметтенуінің жаңа элементтерін енгізу. Бұл мақсатта қала және ауыл жастарына арналған әлеуметтік лифтілер жасау мақсатында «Жас ұлан» ұйымымен бірлесіп, Жалпыұлттық тұжырымдама жобасы әзірленді. Жоба жастарға қабілеттілігі бар салаларда өздерін көрсетуге мүмкіндік береді. Волонтерлік, шығармашылық және еңбек машықтары, кәсіпкерлік және басқа да өзін өзі танытудың формалары дамитын болады. Бұл мәселені шешуде жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 2017 жылы барлық өңірлерде мемлекеттік жеке серіктестік тетігі арқылы жастардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру мақсатында жоспарлар, кей өңірлерде жол карталары қабылданды. Осылайша, ауыл-қалаларда аула клубтары, спорттық алаңдар секілді ортаны көбейту көзделуде.

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік жастар саясаты саласына белсенді түрде 500-ден астам әртүрлі жастар ұйымдары тартылған, оның ішінде 11-і республикалық мәртебеге ие. Олар «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстанның жастар Конгресі» ЗТБ, ««Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы» ҚБ, «Жас ұлан» ББЖҰ, «Жасыл ел» ТШ МТО, Ұлттық еріктілер желісі, Қазақстан КВН Одағы, Қазақстан студенттер Альянсы, «Болашақ» БӨ», Ұлттық дельфий комитеті, Қазақстанның Скаут қозғалысы. Азаматтық белсенділікті және патриоттық сезімді арттыру мақсатында министрлік, өңірлік Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар, сондай-ақ, жастар ресурстық орталықтары жастар ұйымдары мен олардың көшбасшыларымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Жастар ұйымдарының көшбасшылары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің, Министрлік жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің, әкімдіктер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестердің және жастар саясаты саласындағы орталық және өңірлік деңгейдегі консультациялық-кеңесші органдардың мүшелері болып табылады. Сондай-ақ, жастар ұйымдары министрлікпен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шығармашыл жастарды қолдауға, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, мемлекеттік тілді дамыту, отбасы құндылықтарын, әскери-патриоттық тәрбиені насихаттау, жастардың бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту мәселесі бойынша ықпалдар жасау мақсатында бірқатар кешенді іс-шараларды іске асыруда. 2018 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға Республикалық бюджеттен қарастырылған қаржының жалпы көлемі 387,3 млн теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға 67,5 млн.теңге қарастырылды (2017 жылы – 96,6 млн.теңге). Жергілікті бюджеттен қарастырылған қаржыландыру көлемі 7 млрд 101 млн теңгені құрады ( 2017 жылы – 6 млрд 132 млн теңге), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға 2 млрд 215 млн теңге (2017 жылы – 1 млрд 796 млн теңге). Жастар әлеуметтік жобалары аясында әр бағытта іс-шаралар өткізіледі. Негізгі басымдықтар жастарды әлеуметтендіру және дамытуға бағытталған жобаларға беріледі, оның ішінде әскери-патриоттық тәрбие беру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, шығармашыл жастарды қолдау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіпкерлікті дамыту т.б. Атап айтатын болсақ, жыл сайын республикалық бюджеттен келесі әлеуметтік жобалар іске асырылады: «Жасыл ел» еңбек маусымының ашылу және жабылу рәсімін өткізу;  «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізу»; «Жастар және инновация» инновациялық идеялар фестивалін өткізу»;  «Жастардың ұйымдастырушылық дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру»; «Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу». Жастар саясаты саласындағы индикаторлар жүйесін енгізу «Қазақстан — 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асырудың екінші кезеңі аясында жүзеге асырылуда. Индикаторлар тізбесі мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ отырысының хаттамасымен бекітілді. Біздің ойымызша, бұл жастар саясаты саласындағы маңызды қадам. «Жастарға мейірімді мекен» индексі жастардың даму үдерісін және өңірлердегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын бағалайтын индикаторлардың жиынтығы болып табылады. Индекстің басты мақсаты — жастар саясатының жүзеге асырылуын талдау және орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жастар мәселелері бойынша қабылдайтын шешімдерінің сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау болып табылады. «Жастарға мейірімді мекен» индексі Біріккен Ұлттар ұйымы мен Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес есептелетін Әлемдік жастарды дамыту индексі (Youth Development Index) негізінде дайындалған. Әлемдік жастарды дамыту индексін Ұлттардың Британдық достастығы 183 мемлекет бойынша, 18 индикатордан тұратын келесі 5 бағытта есептейді:

1) білім;

2) денсаулық және әл-ауқат;

3) жұмыспен қамту және мүмкіндіктер;

4) жастардың саяси өмірге қатысуы;

5) жастардың азаматтық қатысуы.

Әлемдік жастарды дамыту индексінің 2016 жылғы есебінде Қазақстан 61 орынға ие болған. 2013 жылғы есеппен салыстырмалы түрде қарағанда азаматтық және саяси өмірге қатысу бағыттары бойынша алға жылжуды байқауға болады. Ал, білім, денсаулық және әл-ауқат бағыттары бойынша айтарлықтай өзгерістер жоқ. Сондай-ақ, халықаралық және шетелдік тәжірибеде осындай индекстерді есептеудің бірнеше үлгілері бар. Мысалы, Халықаралық жастар қоры (АҚШ) жалпы алғанда әлем жастарының 70 пайызынан тұратын 30 мемлекет бойынша Әлемдік жастар әл-ауқатының индексін есептейді. Жастардың дамуы мен әл-ауқатын бағалау жөніндегі индекстер Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің қауымдастығында, Австралияда, Қырғызстанда, Үндістанда және т.б. мемлекеттерде бар. Біздің «Жастарға мейірімді мекен» жастарды дамыту индексі аясында 33 индикатордан тұратын келесі 7 сала бойынша бағалау жүргізіледі:

1) білім;

2) денсаулық және салауатты өмір салты;

3) жұмыспен қамту және әлеуметтік мүмкіндіктер;

4) саяси өмірге қатысу;

5) азаматтық қатысу;

6) бос уақыт;

7) қауіпсіздік.

Индикаторлардың 25-і объективті деректер, олар бойынша мәліметтерді орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар береді. Ал, 8 индикатор субъективті. Яғни, олардың дерек көзі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өткізетін әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелері болып табылады. Объективті және субъективті индикаторларды бір арнаға тоғыстыру бізге жастар дамуының кешенді көрінісін береді. Таңдап алынған 7 сала мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына да сәйкес келеді. Тағы бір маңыздылық, осы бағыттар жастардың дамуы мен әл-ауқатын бағалайтын халықаралық индекстердің бағыттарымен сәйкес, яғни, сол арқылы біз халықаралық индекстер нәтижелері мен өз көрсеткіштерімізді салыстыру мүмкіндігіне ие боламыз. Жастарды дамыту индексі, бір жағынан, жастардың өміріне қатысты белгілі бір саланы бағалауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, әр сала бойынша өңірлердегі жастар жағдайын салыстыруға мүмкіндік жасайды. Осы арқылы біз кейбір мәселелерді айтарлықтай талқылауға, үздік өңірлердің тәжірибелерімен алмасуға, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызамыз. Қазіргі уақытта Жастар саясаты департаменті мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2017 жылғы көрсеткіштер бойынша пилоттық есептеуді жүргізуде. Осы жұмыстың нәтижелері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің келесі отырысында ұсынылатын болады. Алдағы жылдары индексті жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші жартыжылдығында дайындау жоспарлануда.

 

Previous Post

Төлеби ауданы: «Жастар практикасы» бағдарламасымен мектепке орналасты

Next Post

Төлеби ауданының тұрғыны Әскербек Ақбөпе «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс тапты

Related Posts

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

by Алаш Ақпарат
07/05/2025
0

Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады. Аудан басшысы тыл ардагерлері...

by Алаш Ақпарат
05/05/2025
0

Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара...

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

by Алаш Ақпарат
03/05/2025
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл - ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі...

by Алаш Ақпарат
02/05/2025
0

Келес ауданында облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесінде ата-ананың эмоционалдық қолдауының маңызы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті....

Next Post
Төлеби ауданының тұрғыны Әскербек Ақбөпе «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс тапты

Төлеби ауданының тұрғыны Әскербек Ақбөпе «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс тапты

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,458)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page