• Latest
Түркістан: Сот шешімімен еңбек дауы медиация тәртібімен реттелді

Отырарда ауданында «Жастар практикасы» бағдарламасымен биыл 120-ға жуық жас жұмыспен қамтылды

04/09/2024
ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ

ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ

24/07/2025
Суды үнемдеу – саналы қоғамның белгісі

Суды үнемдеу – саналы қоғамның белгісі

15/07/2025
Шардара ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды

Шардара ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды

14/07/2025
Шардара ауданында жағажай аймағында тазалыққа бақылау күшейтілді

Шардара ауданында жағажай аймағында тазалыққа бақылау күшейтілді

14/07/2025
Шардара ауданында абаттандыру және көгалдандыру бағытында жаңа жобалар іске асырылуда

Шардара ауданында абаттандыру және көгалдандыру бағытында жаңа жобалар іске асырылуда

14/07/2025
Шардара ауданында «Жаушықұм-Қалғансыр» бағытындағы аудандық маңыздағы жол салынады

Шардара ауданында «Жаушықұм-Қалғансыр» бағытындағы аудандық маңыздағы жол салынады

14/07/2025
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Шардара қаласының ауыз су нысандарының жұмысымен танысты

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Шардара қаласының ауыз су нысандарының жұмысымен танысты

14/07/2025
Шардара ауданындағы жүргізіліп жатқан жобалар таныстырылды

Шардара ауданындағы жүргізіліп жатқан жобалар таныстырылды

14/07/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңірдегі егістіктерге су үнемдеу технологиясының енгізілу барысымен танысты

Қазығұрт ауданының әкімі өңірдегі егістіктерге су үнемдеу технологиясының енгізілу барысымен танысты

14/07/2025
Қазығұрт ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды

Қазығұрт ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды

14/07/2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазығұрт ауданында іс-сапарда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазығұрт ауданында іс-сапарда

14/07/2025
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, August 2, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Отырарда ауданында «Жастар практикасы» бағдарламасымен биыл 120-ға жуық жас жұмыспен қамтылды

04/09/2024
in Қоғам
0
Түркістан: Сот шешімімен еңбек дауы медиация тәртібімен реттелді
497
SHARES
1.4k
VIEWS

2024 жылы жастар практикасы жобасына 250 адамды жолдау жоспарланып, нақты 117 адам жолданған. Жоспар 46,8 пайызға ғана орындалған. 2024 жылға Отырар ауданы бойынша мүгедектігі бар азаматтар үшін 5 мекемеде 10 квота орындары бекітілді.  А.ж. 7 айында нақты 2 мекемеде небәрі 2 жұмыс орындары ғана ашылған (50,7%). Отырар ауданында отбасының цифрлық картасына сәйкес 19.08.2024 жылға 12 238 отбасы тұрады, оның ішінде:

– 770 отбасы (6,3%) – қолайлы (А);

– 3 696 отбасы (30,2%) – қанағаттанарлық деңгейде (В);

– 4 232 отбасы (34,6%) – қолайсыз (С);

– 2 977 отбасы (24,3%) – дағдарыс деңгейінде (D);

– 563 отбасы (4,6%) – аппатты деңгейде (E).

2024 жылға бекітілген «Өңірдің жұмыспен қамту картасы» аясында 3 986 мың жұмыс орындарын ашу жоспарланып, а.ж. 7 айында нақты 2 022 жұмыс орын ашылған (50,7%). Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарының үлесі небәрі 31,4% құраса, жылдық жоспардың 26,8 пайызын ғана орындаған. Жұмысқа орналастыру дәлелі ретінде зейнетақы ажрналарының аударылуы 78,8% ғана құрайды. Ал жеке инвестициялық жобаларды тарту арқылы жұмыс орындарын ашу бағыты бойынша Отырар ауданында 6 инвестициялық жоба аясында 53 жұмыс орындарын ашу көзделіп, бүгінде 2 жобада небәрі 15 жұмыс орындары ашылған.  Сонымен қатар, а.ж. 2 тоқсанында ашылуы тиіс 2 жоба Ақтөбедегі жем өндіру кәсіпорны мен Шәуілдір ауылындағы сауда үйінің құрылысы бойынша жобалар басталмаған.

Отбасының цирфлық картасына сәйкес аудандағы әл-ауқатты бағалау бойынша 28,9% немесе 3540 отбасы D және Е деңгейінде және әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Дегенмен, бір де бір маманда ОЦК-да жұмыс жасау үшін логин, паролі (доступ) жоқ. Бұл ОЦК-дағы деректерді өзектендіру жұмыстары жүргізілмегендігін көрсетеді.  Сондай-ақ, жыл соңына дейін ОЦК-дағы D және Е санатындағы отбасылардың санын 6,3% төмендету бойынша жоспар белгіленді. Облыс өңірлерде құрылған жұмыс топтары ОЦК-дағы D және Е санатындағы отбасыларды мекен-жайы бойынша аралап, олардың жағдайына сәйкес қолданыстағы ақпараттық жүйелерде деректерді өзектендіру қажет.

Сондай-ақ, отбасылардың проблемаларын шешуге арналған шараларды қабылдап, ОЦК-дағы D және Е деңгейінен шығару қажет.

Яғни Отырар ауданы бойынша:

  • отбасында табысы жоқ, еңбекке қабілетті адам жұмыспен қамтылмаған 2098 адамды жұмыспен қамту;
  • медициналық мекемеге, МӘМС жүйесіне тіркелмеген 1010 адамдарды тіркеу;
  • мектепке, мектепке дейінгі мекемелерге тіркелмеген 642 балаларды тіркеу;
  • жеке қосалқы шаруашылықтың болмауын анықтап, тіркеу;
  • анықталған мәліметті ақпараттық жүйелерге енгізу қажет.

Отырар ауданы әкімдігінің мәліметіне сәйкес барлық сайлау учаскелерінде қолайлы орта қалыптастырылып, арнайы «Интерактивтік картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілген. Сайлау учаскілеріне мониторинг жүргізу  барысында ғимараттардың 15-де (38%) мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта өз деңгейінде бейімделмегені анықталды. Анықтама үшін: Үштам бастауыш мектебі, №490  с/у пандусы, тактилді жолағы, шақыру батырмасы орнатылмаған; А.Құртаев жалпы орта мектебі, №525 с/у  орнатылған пандус стандартқа сәйкес емес; Көксарай ауылдық клубы,№492  с/у пандусы, тактилді жолағы,  шақыру батырмасы орнатылмаған. Осы ретте, а.ж. 1 қыркүйегіне дейін сайлау учаскелерін реттеу, әр қарай «Интерактивті картасына» өзектендіру қажет.

Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №305 қаулысына сәйкес, «Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» жұмыспен қамту саласы бойынша 9 индикаторлық көрсеткіш енгізілген. Оның ішінде 2 индикаторлық көрсеткіш орындалмауда, атап айтқанда, жұмыссыздық деңгейі – статистикалық мәліметке сәйкес 5,0 % (жоспар-4,9%) құрап, жоспардан 0,1 пайызға жоғары болуда. Субсидияланатын жұмыс орындарынан кейін тұрақты жұмысқа орналастыру көрсеткіші биылғы жылы 65% құраса, бүгінгі таңға небәрі аяқтағандардың 40% ғана тұрақты жұмыспен қамтылуда. Жыл соңына дейін индикатор көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Жастардың оқу бітіре сала жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жасқа жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі. Ендеше бұл бағдарламаға қалай қатысуға болады, сол жайлы сөз өрбітіп көрелік.

Кім қатыса алады?Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаса болғаны.  Бұған мектеп пен колледж бітірген жастар да қатыса алады. Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.  Ал жастарға кеңес мынау. Практикаға қабылданып, жұмыс берушіге жолдама алған жас түлек өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиіс. Жұмыс берушіге жауапкершілігі мен ынтасын, талабын таныта алса, жаңа қызметке ие болмақ. Жастар практикасына қабылданған жас 6 ай бойы практикада болады. Одан аз да, кем де емес. Осы уақыт арасында нәтиже шығарғаны жөн. Жұмысқа келген жасты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сілтейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жастар практикасына қалған азаматтардың жартысы тұрақты жұмысқа орналасып қалады екен. Ал орналаса алмағандарға жұмыспен қамту орталығы басқа бір мүмкіндіктерді қарастырып көреді. Мәселен басқа мекемеге жіберу немесе Enbek электронды биржасына өтініш беру. Одан бөлек, шағын кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант алу сынды мемлекеттік көмек түрлері бар.

 

Қалай қатысамын? Жастар практикасына қатысқысы келген азамат Жұмыспен қамту орталығына барып тіркеліп, өтініш береді. Орталық мамандары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді.

Ол үшін мына құжаттар қажет:

– жеке куәлік (көшірмесі)

– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса)

– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және  жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Жұмыс қандай? Бұл әр өңірде әртүрлі. Мемлекеттік қызметтен бастап жекеменшік компаниялар мен зауыттарға дейін – бәрі бар. Бағыты мен мамандыққа байланысты. Жастар практикасына келген азаматтың өзі де қай мекемеде тағлымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Жастар практикасымен жұмысқа қабылдағысы келетін кәсіпорындар көп. Еңбекақы қанша? Жалақы мөлшері әр жылда әртүрлі. 2021 жылдағы есептемеге сүйенсек, 94 мың теңге болмақ. Қолға алатыны – 80 мың теңге. Бұл – мемлекет тарапынан берілетін жалақы. Зейнетақысы мен сақтандыруы жүреді. Егер жұмыс беруші бөлек еңбекақы төлеймін десе, оған да жол ашық. Қоғамдық жұмыс. Жастар практикасының құрамында қоғамдық жұмысқа тарту бағыты бар. Бұған мектеп пен колледжді енді бітірген түлектер қатыса алады. Ол үшін кәсіптік білім алу, курс оқудың қажеті жоқ. Қоғамдық жұмысқа тарту 12 мерзімге уақытша жұмыспен қамтуды көздейді. Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға екі төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.Жұмыс өтілін көбейту. Жастар практикасына еңбек өтілін жинағысы келгендерге тағы бір мүмкіндік бар. Ол – “Бірінші жұмыс орны” бағдарламасы. Яғни, азаматтың өзі таңдаған мекемесінде екінші рет тағы жұмыс тәжірибесінен өтіп, еңбек өтілін көбейте алады. Мұндағы жалақы мөлшері 58 мың теңгені құрайды. «Жастар практикасы» бағдарламасы – арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі бірден-бір жол. Оны әкімдік қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы ұйымдастырады. Бұл бағдарлама жастардың өз мамандығы бойынша практикалық тәжірибе жинақтауына жол ашып, келешекте тұрақты жұмыс орындарына орналасуына мүмкіндік береді. «Жастар практикасы» өткен үш жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жастан аспаған, алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы арналған. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. «Жастар практикасының» ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жұмыссыздардың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес 12 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

«Жастар практикасынан» өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне сәйкес есептеледі. Бұл ретте «Жастар практикасына» қатысушыға, экология­лық үстеме­ақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айлық жалақы төленеді. Түлектердің көпшілігі практика өткен ұйымда жұмыс істеуге қалады. Көп нәрсе үміткердің өзіне байланысты. Егер ол жастар тәжірибесі барысында өзін танытып, жұмысқа тез кірісіп кете алған болса, оған тұрақты қызметкер ретінде қалуды ұсынады. Жалпы, Жұмыспен қамту орталығы қаладағы бірқатар ұйыммен келісімшарт жасасады. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер, түрлі компаниялар бар. Алдымен оқу бітірген жастардан қай ұйымға тағылымдамаға барғысы келетіндері сұралады және тілектерін ескере отырып, олар белгілі бір ұйымға тәжірибеден өтуге жіберіледі.

Жастар практикасы – бұл жас мамандар үшін практикалық тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігі. «Жастар практикасының» мақсаты – ең алдымен, кәсіби тәжірибе жинау. Содан кейін өзін көрсету арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу. Жастар практикасы — алған мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерінің 35 жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған бағдарлама.Жастар практикасының ең басты құндылығы — сіздің ең алғашқы еңбек тәжірибесін алуға және еңбек өтілі болуға мүмкіндіктеріңіз бар. Жастардың оқу бітіріп, қолға диплом алған соң мамандық бойынша жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жас маманға жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі. Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, тәжірибие жинақтауға көмектесу. Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне бес жылдан аспаса болғаны. Бұған колледж бітірген жастар да қатыса алады. Жастар практикасына қабылданған жас 12 ай бойы практикада болады. Жастар практикасына жолданған азаматтардың басым көпшілігі сол жұмыс атқарған мекемесінде тұрақты жұмысқа орналасып қалуда. Жастар практикасына қатысқысы келген азамат Төлеби аудандық Мансап орталығына келіп жұмыссыз ретінде тіркеледі. Орталық мамандары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді. Ол үшін жеке куәлік, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжатымен Мансап орталығына өтініш береді. Жеке басын куәландырғаннан және «Еңбек биржасы» ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар өтініш берушіге қайтарылады. Жастар практикасына келген азаматтың өзі де қай мекемеде тағлымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде кемінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жалақы толық мемлекет есебінен жүргізіледі.

Жақында халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама 2029 жылға дейін ұзартылды. Аталған құжат 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек болатын. Үкімет мерзімін ұзартқан бағдарлама қазақстандықтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған.

«Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақты және мақсатты болуы керек. Әрбір басқару деңгейінде кедейлікті азайтудың нақты көрсеткіштері белгіленуі тиіс. Жұмысқа мұқтаж азаматтардың нақты санын анықтау қажет» – деген Президент тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан бағдарлама 5 бағытты қамтиды. Олар: өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орнын құру, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл тұрғындарының кірісін арттыру, табыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау шаралары, бюджет қаражаты есебінен жалақыны көтеру бойынша міндеттемелер, халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау. Деректерге көз жүгіртсек, ЖОО бітірген түлектердің шамамен 35 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ал 40 пайызы оқу бітіргеннен кейін бір жыл көлемінде екі қолға бір күрек таппайды. Осы орайда жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюды көздеген бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай 3,3 миллионнан ас­там адамды, оның ішінде 2,3 миллион жас­ты жұмыспен қамту жоспарланған. Қазақстанда қазіргі уақытта 207 жұмыспен қамту орталығы бар екен. Олар аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда тұратын адамдарды қабылдайды. Жастарды жұмыспен қамтуға арналған «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалары бар. Аталған бағдарламалар жастарды жұмысқа орналастырудың тетігін іске асыруды қамтиды. ЖОО бітірген жас маманға бірден жұ­мыс табылуы қиын. Қолында дипломы болғанымен, тәжірибесі жоқ маманды көп мекеме жұмысқа алғысы келмейді. Осы орайда мемлекет жастарға тығырықтан шығудың жолын ұсынады. Ол – «Жастар практикасы». Биыл да аталған жоба жалғасын тауып отыр. Мемлекеттік жобаға жұмыс берушілердің өзі аса қызығушылық танытып отыр. Былтыр «Жастар практикасына» 436 жұмыс беруші қатысып, 1996 жаңа жұ­мыс орнын ашқан. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға қызметке орналастыру үшін 2 164 жұмыс орнына 324 жұмыс берушімен шарт жасалған. Ас­тана қаласы әкімдігінің Халықты жұ­мыс­пен қамту орталығы Жастарды жұмыспен қамту бөлімінің маманы Ай­гүл Рақышеваның айтуынша, «Жастар практикасы» әлеуметтік қолдауға мұқ­таж азаматтарды нақты қажеттіліктері бойынша анықтауға, жастарды жұмыс­пен қамтуға мүмкіндік береді. – «Жастар практикасына» оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ жастар қатыса алады. Бағдарламаға қатысудың бір шарты – оқу бітіргеніне 3 жылдан аспауы керек. Яғ­ни, мектеп пен колледж бітірген жас­тар да қатыса алады. «Жастар практикасының» басты мақсаты – колледж немесе ЖОО жастарды мамандығы бойынша жұмысқа ор­наласуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Яғни, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Жұмыс түрі әр өңірде әрқалай. Жұмыс берушілер арасында мемлекеттік мекемелер, ж­кеменшік компаниялар мен зауыттар бар. «Жастар практикасына» келгендер қай мекемеде тағылымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Алайда бір айта кетерлігі, жастар жұмысы ауыр кәсіпорындарға, зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді. Бағдарлама аясында практикаға қабылданған жас түлек өзін жақсы қырынан танытып, қабілет-қарымын көрсете алуы тиіс. Өйткені жұмыс берушінің талабы маңызды. Жұмысқа келген жасты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сілтейді. Жас маман жауапкершілігін, талабы мен жұмысқа деген қызығушылығын танытса, жұмысқа тұрақты орналаса алады. Былтыр 998 түлекті жұмыспен қамту жоспарланған. Білім беру ұйым­дарының 252 түлегі жастар тәжірибесіне қатысып жатыр. Биыл 900-ге жуық жас тү­лекті жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. «Жастар практикасына» қатысушылардың жалақы мөлшері әр жылда әртүрлі. Биылғы есептеме бойынша, 198 мың теңге. Қолға алатыны – 107 мың тең­ге. Бұл – мемлекет тарапынан берілетін жалақы. Зейнетақысы мен әлеуметтік медициналық сақтандыруы жүреді. Егер жұмыс беруші бөлек еңбекақы төлеймін десе, өз қалауындағы дүние. «Жастар практикасы» бойынша жас ма­мандарды жұмысқа қабылдағысы келетін жұмыс орындары көп. Бүгінде IT мамандары, заңгер, экономист, қаржыгер, экология саласы және балық шаруашылығы бойынша мамандар сұра­нысқа ие болып отыр

Жастар практикасы – еңбек қызметінің түрі, жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарының түлектері білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мақсатында сатып алу бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алған кәсібі (мамандығы). Жастар тәжірибесі әдейі жұмыссыздар үшін арналған ішінен білім беру ұйымдарының түлектерін білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған кәсібі (мамандығы) жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан.  Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар: 1) жастар практикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. № 919 қаулысымен бекітілген өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына арнайы арналған; 2) жастар практикасына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу республикалық  немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздерден жүргізіледі; 3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.

Жастар практикасы – бұл:  Түлектер үшін – кәсіби тәжірибе алу;  өзін көрсету және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін алу; мемлекеттен қаржылық қолдау алу (мансаптың алғашқы 180 күнінде). Жұмыс берушілер үшін –  жас, ынталы, дәлелді қызметкерді алу;  компанияда тәжірибеден өту кезінде болашақ қызметкерді тегін тексеру (6 айға дейін);  қайта оқытудың орнына маманды үйрету;  өз компаниясының әлеуметтік жауапкершілігін көрсету. Жастар практикасына қатысу шарттары. Жастар практикасы жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің түлектерін алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы болып табылады.  Бітіруші меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымда жастар практикасынан өте алады. Мемлекет жастар практикасына қатысатын оқу орындары түлектерінің еңбекақысының 100% айына 15 мың теңге мөлшерінде төлейді (салық шегерілгенге дейін).

Жұмыс беруші өзінің қалауы бойынша қосымша практиканту. Жастар практикасының ең жоғары мерзімі – 6 ай. Жастар практикасынан өтуге ниет білдірген оқу орындарының түлектеріне арналған жадынама. Жастар тәжірибесі дегеніміз жастар тәжірибесі жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің түлектерін алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы болып табылады. Жастар практикасына қатысушының жұмыс күні жұмыс берушімен анықталады (жұмыс беруші қол қойған жұмыс уақытын есепке алу табелімен расталады). Мемлекет жастар практикасына қатысатын оқу орындары түлектерінің еңбекақысының 100% айына 15 000 теңге мөлшерінде төлейді (салық шегерусіз). Бітіруші меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымда жастар практикасынан өте алады. Жұмыс беруші өзінің қалауы бойынша қосымша практиканту. Жастар практикасының ең жоғары мерзімі-6 ай. Оқу орнын бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің түлектері жастар тәжірибесіне қатыса алады. Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және оның аудандық бөлімдері зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы сұратады. Жастар практикасына оқу орнын бітіргеннен кейін зейнетақы аударымдары жоқ түлектер жіберіледі.

Жастар практикасына қалай қатысуға болады

1 қадам. Құжаттар пакетін дайындау.

Құжаттарды жинау қажет:

Жеке куәлік

3-шығарылым туралы зақым келтіретін оқу орнынан

Диплом немесе анықтама. СТН көшірмесі

ӘЖК

Шарт зейнетақы қоры

2-қадам. Жастар практикасынан өту орнын іздеу (жұмыс беруші). Бітіруші өз бетінше (немесе практика, мансап және маркетинг бөлімінің (оқу орнының) көмегімен жастар практикасынан өту үшін жұмыс берушіні таба алады. Егер түлек жұмыс берушіні таппаса, ол Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тиісті бөлімшесіне (аудандық бөлімдер немесе қалалық еңбек биржасы) жүгіне алады.

3-қадам. Жастар практикасына жолдама алу. Егер бітіруші Орал қаласында тұрақты тіркелген болса, онда оған: тұрақты тіркелген жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет (аудандық бөлімдердің мекен-жайлары және жастар практикасын үйлестіруге жауапты қызметкерлердің телефондары қоса беріледі) Жоғарыда аталған құжаттар тізіміне қосымша үй кітабының көшірмесін ұсыну. 2. Егер түлек Орал қаласында тұрақты тіркелмесе (басқа қаладан келген студент), онда оған қажет: Еңбек құқығы Жастар практикасынан өту үшін жолдама алу. Жұмыс берушінің заңды мекенжайы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдама беру.

Жұмыс берушіде ресімделу. 1. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бекіткен үш жақты үлгі шартқа жұмыс берушіде қол қойылсын (Шарттың үлгісі қоса беріледі). 2. Жұмыс берушіде жастар практикасына жолдаманың үзбелі талонын толтыру және оны бұйрықтың көшірмесімен бірге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсыну. 3. Ай сайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жалақыны есептеу үшін жұмыс уақытын есептеу табелін ұсыну.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет тарапынан жастарға айрықша қолдау көрсетіліп келеді. Азаттықтың алтын таңымен бірге азаматтарды ел болашағы үшін қызмет етуге ықпал жасайтын түрлі бағдарламалар жүзеге асқан болатын. Бүгінде мемлекетіміздің дамуы үшін Жолдауда айтылған «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген түлектер аянбай еңбек етуде. Бұл білімді жастарды қолдаудың бастау көзі болғаны анық. «Болашақ» бағдарламасы – еліміздегі жастардың дүниенің төрт бұрышына барып, білім қуып қайтуға жасалған теңдессіз мүмкіншілік. Еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасалып, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол ашылды. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп келеді. Сонымен қатар «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау, халық тығыз қоныстанған өңірлердегі жұмыссыздық деңгейін төмендету, еліміздегі халық саны азая бастаған бірқатар өңірлерде демографиялық өсім көрсеткішінің артуына ықпал етіп, жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындарды мамандармен қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізген болатын. Ауылдық аймақтарда дәрігер, мұғалім, инженер, ауыл шаруашылығы мамандары және осы аумақтар үшін қажетті өзге де жоғары оқу орны түлектеріне деген қажеттілікті жою мақсатында жүзеге асқан «Дипломмен – ауылға!» республикалық бағдарламасы өз жемісін беруде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жетіп, жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болатындығының айқын көрінісін байқатты. Елімізде жастардың біліктілігі мен білімін ел дамуы үшін қолдану жұмыстарына баса назар аударып, мемлекет тарапынан өз кәсібін бастаймын деген жастарға 2,5% несие берілетіндігін, сонымен қатар ел жастары 100 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етілетіндігін жеткізді.

Табысқа жетудің жалғыз жолы – еңбек. Сондықтан дана халқымыз «Еңбек бәрін жеңбек» деп нақыл сөз қалдырған. Жұмыссыздық мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын қатты алаңдатып отырғанын Жолдау аясында айтқан сөзінен байқауға болады. Президенті NEЕT санатындағы жастардың мәселесіне назар аудару керектігін айтты. Елімізде не жұмыс істемейтін, не оқу оқымайтын, өз бетімен қалған жастарға көңіл бөлінеді деген болатын. Жұмысқа ынтасы жоқ жастардың қатары өткен жылдың бірінші жартысында 6,7 пайызға жеткен екен. Демек, 230 мыңнан астам жас азамат не жұмыссыз, не білімсіз қалып отыр деген сөз. Осы мәселені шешудің жолы ретінде Президент кәсіптік біліммен тегін қамту мәселесі әлі өзекті екенін айтқан еді. Жолдауда Президент ақпараттық технологиялар саласында кемінде 100 мың маман дайындау туралы да тоқталған болатын. Әлем сағат санап өзгеріп жатқан бүгінгі күнде цифрлы дамудың жолына түскеніміз анық. Қолымыздағы телефон ажырамас досымызға айналды. Бұл тапсырма Қазақстанның IT-индустриясының дамуына оң ықпал беретіні анық. Бұл дегеніміз еліміздің дамуы жолында жемісті еңбек етіп, өз еліміздің игілігі жолында пайдалануды көздеген білімді, ойы озат жастарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруына ашылған жол деуге болады.

Ел Президенті Қазақстанда оқуға жылдық 2-3% жеңілдікпен кредиттер берілетінін атап өтті. «Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайыз аралығында болады», – деді Мемлекет басшысы. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамда әріптестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады, әрі еліміздің болашағы атанған жастарды қолдаудың тағы бір жарқын көрінісі деп атауға болады.Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынды. Бұл озық ойлы, бәсекеге қабілетті елдің білімді жастарына жасалып жатқан үлкен қолдаулар мен мүмкіндіктердің бірі. Ел Президенті 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін бір жарым жылға дейін ұлғайтуды, ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер мөлшерін орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін арттыруды тапсырды. Бұл – жас отбасылар үшін қуанышты хабар.

Еліміздің қарыштап дамуы мен гүлденуіне жастардың қосатын үлесі көп екендігін және болашақ білімді ұрпақтың қолында екенін айқындап көрсетті. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Еңбек нарығын дамыту және халықтың, оның ішінде жастардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша жүзеге асырылатын шаралар жастарды қолдау ісін ілгерілетіп қана қоймай, алдағы уақытта жастарды қолдау, көтермелеу тұрғысындағы игі қадамдарға кеңінен жол ашатынына сеніміміз мол.  Мемлекет басшысы жастар саясатына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге де тоқталып өтті. Соның ішінде жастарды дамыту мен оларды қолдауға арналған бағдарлама қажет екенін ескертті. Президент жаңа Жолдауында: «Елімізді инновациялық жолмен дамыту үшін Астанада және Алматыда қажетті экожүйе қалыптастыруға мән беріліп отыр. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін. Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн, – деді. Ресми ашылғанына көп уақыт бола қоймаған Astana hub халықаралық IT стартаптар технопаркі жақсы нәтижелер көрсетіп отырғаны мәлім. Бұл жоба жастардың кәсіпкерлікке алғашқы қадамдарын жасауда берер мүмкіндігі зор екендігін көріп келеміз. Қазіргі таңда технопарк стартаптарының біразы шетелдік кәсіпкерлерге тиесілі. Бұл – отандық экономикаға өте тиімді. Өйткені олардың жобалары мемлекетке салық төлеп, елімізде жұмыс орынының көбеюіне үлес қосады. Одан бөлек әлемдегі үлкен Nokia, Huawei сынды корпорациялар өкілдіктерін ашып, жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беріп отырады. Былай айтқанда, Astana hub кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы модератор.Технопарк жұмыс алаңымен қамтамасыз етіп, үлестіруші қызметін атқарып келеді. Мұндай жүйе еліміздің басқа да қалаларында ашылып, қолдауға ие болатын болса, білімді жастарымыздың дамуына, мықты жобалардың іске асуына зор мүмкіндік туатыны сөзсіз.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің төмендегі  шаралары қолданылады. Жастар практикасы.  Түлектерге алған кәсібі (мамандығы) бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыспен қамтуға – 12 айға дейінгі мерзімге жастар практикасын өтуге жәрдемдесу шарасын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 5 жыл ішінде бітірген және 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатысушылар ретінде белгіленеді. Жастар практикасын өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс. Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгіну тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Еңбек кітапшасы (бар болса). Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.«Алғашқы жұмыс орны» жобасы. Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз түлектерге, 35 жастан аспаған жастар, жұмыс тәжірибесі жоқтар  қатарынан жүзеге асырылады. Оқу орындарының түлектері үшін “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен келісім негізінде қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа орналастырады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін). Білім туралы құжат (бар болса). «Ұрпақтар келісімі» жобасы. Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қатысушыларды зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен шарт негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 6 ай мерзімге жұмысқа алады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін). Білім туралы құжат (бар болса). Жастар практикасына, «Брінші жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-портал және www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы мансап орталықтарына жүгінбей-ақ өтінім беруге болады. Қазір елімізде 505 мыңға жуық жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Өткен жылы бұл NEET санатындағы азаматтар екі есе аз еді. Биыл жастар саясатындағы өзгерістерге байланысты жас мөлшері 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Сәйкесінше көрсеткіш те аспандады. Олар неге әлі күнге дейін бос кезіп жүр? Әлде «Жұмыс істегісі келген жол іздейді, қалғаны сылтау іздейдінің» кебі ме? Мемлекеттің экономикалық әлеуеті халықтың қаншалықты жұмыспен қамтылғанымен өлшенеді. Демек, кез келген елдің даму жолында екі қолға бір күрек таппай сенделгендердің тигізер әсері зор. Қазақстандағы саясаттанушы, әлеуметтанушы, психологтердің пікірінше, жұмыссыз жастар суицидтің, ажырасу­ фактілерінің көбеюіне негіз. Сондай-ақ нашақорлыққа, ішімдікке салынуға бейім келеді екен. Өткен жылғы статистика бойынша республикада 18085 адам нашақорлыққа қатысты тіркеуде тұрған. Оның 97-сі кәмелет жасына толмаған жастар. Бұл бізге белгілісі ғана, есірткіге әуес жандардың қатары біз ойлағаннан да әлдеқайда көп болуы ықтимал.  «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы былтыр жасаған әлеуметтік зерттеуін бағдарласақ, орталық жүргізген сауалдамаға жауап берген азаматтардың 61,1%-ы жұмысқа орналасуда кездедетін ең басты қиындық ретінде жұмыс тәжірибесінің жоқтығын атаған. Ал үштен бір бөлігі ЖОО мен кәсіптік оқу орнында алған мамандық бойынша орналасудың қиын екенін айтқан. Шенділер бұл проблеманы одан әрі күрделендіріп алмас үшін жыл сайын жаңа бастамаларды іске қосады. Ал нәтиже берген жобалардың мерзімін ұзартып, аясын кеңейтеді. Соның бірі – жастар практикасы. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов хабарлаған еді.

«Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде заң қабылданды. Оның бірнеше жаңа нормалары бар. Егер бұрын жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін болса, қазір 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Демек, жастарға арналған механизмдерді қолданатын азаматтардың саны едәуір артты. Егер бұрын жастар категориясына 3 млн 700 адам кірсе, қазір 5 млн 700 мың адам кіреді. Яғни олар осы нормаларға, осы қолдау тетіктеріне ие болады. Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасына сәйкес, бұрын жастар жарты жыл өтетін болса, қазір ол бір жылға дейін ұзартылған. Осы бір жылдың ішінде жастар 100 мың теңгеге жуық айлық алады. Сонымен бірге «Алғашқы жұмыс орны» деген бағдарлама да бір жарым жылға дейін ұзартылды. Бұл бағдарлама бойынша да жастар 100 мың теңгеге дейін айлық алады. «Жастар практикасы» жобасының мақсаты – университет пен колледж бітірген азаматтарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу. Яғни олардың тәжірибе жинақтап, белгілі бір қызметке бейімделуіне жәрдемдесу. Тек бір ескере кететіні жобаға оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаған маман ғана қатыса алады. Әрі жастар ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.

Жасырынатыны жоқ, кез келген жұмыс беруші, маманның тәжірибесіне аса мән береді. Жаңа ғана оқу орнын бітірген адамда қайдан тәжірибе болсын. Салдарынан кей жоғары білімі бар студенттер жұмыс таба алмай сандалып қалады. Осы орайда жастар практикасы оларға үлкен мүмкіндік. Бұл ретте бос қаңғып жүрген маманды қабылдаған жұмыс орны да ұтылмайды. Себебі олардың еңбекақысын мемлекеттің өзі өтейді. Ал бір жылға қызметке кіріскен азамат болса, тәжірибе жинақтайды. Өзім дәл осы жобамен бірнеше жасты қатарыма қабылдадым. Практика кезінде өздерінің қарым-қабілетін шыңдап, жақсы тұсынан көрінгендерді тұрақты жұмысқа алдым. Тек болашақта Үкімет бұл бағдарламаға бөлінетін квота санын арттырса екен деген ұсынысым бар, – деді Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Осы бағдарламамен жұмысқа кіріскен азаматтардың жартысы сол орында тұрақты қызметке ауысады екен. Ал орналаса алмаған жастарға жұмыспен қамту орталығы басқа мүмкіндіктерді іздейді. Мәселен, тағы бір мекемеге жіберу немесе «Enbek» электронды биржасына өтініш беру арқылы қолдау жасау. Одан бөлек, шағын кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант алу сынды мемлекеттік көмек түрлері қарастырылады. Былтыр Астана қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына 17,9 мыңнан астам жас жұмысқа орналасуға өтініш білдірді, «Жастар практикасы» жобасы бойынша – 923 жас, «Алғашқы жұмыс орнына» 179 адам жұмысқа орналастырылды, «Ұрпақтар келісімшартымен» 3 адам жұмысқа орналастырылды,­ «Әлеуметтік жұмыс орын» бойынша 49 адам­ жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 950 азамат жіберілді. Сонымен қатар жастар арасында грант иегерлері – 204 адам. «Бастау бизнес» – 2251 адам. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысып жұмысқа орналасқан – 40 жас болды, онлайн оқыту 196 азамат оқыды. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуден 9671 адам өтті. Тұрақты жұмыс орындарына 3407 жас жұмысқа орналасты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, биыл республика бойынша жастар практикасына 22 мыңға жуық азаматты жіберу жос­парланған. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасына кемінде 3 мың жастың қатысуын ұйымдастыру көзделіпті. Бұл бағдарламаларға қатысу үшін олар не істеу керек? «Алғашқы жұмыс орны» жобасы колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне, жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, оның ішінде NEET санатындағыларға арналған. Қатысу ұзақтығы – 18 айдан аспайды. Жалақы мөлшері – 30 АЕК. «Ұрпақтар келісімшарты» – 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған білім беру ұйым­дарының түлектеріне арнайы құрылатын жұмыс орны. 6 ай өткен­нен кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс беріледі және ол зейнет­керлік жасқа толған қызмет­керді алмастырады. Қатысу ұзақтығы – 6 ай. Мұнда да еңбекақы 30 АЕК мөлшерінде. Жұмыспен қамту орталығына барып тір­келіп, өтініш берсе, орталық ма­ман­дары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді. Түйіндесек, биыл 20 мыңнан астам түлек қаңтардағы ҰБТ-да шекті балды жинай алмады. Әрине, бұл шешуші сынақ емес. Талапкерлерде әлі төрт мүмкіндік бар. Десе де ескеретін факт. Осы ретте хакім Абай да «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деп теріс жолға түспес үшін күпірлігімізді емес, шүкірлігімізді арттырып, жалқаулықты емес, еңбекқорлықты серік ету керек екенін ескертеді.

Previous Post

Отырарда ауданында 2024 жылдың 7 айында 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылған

Next Post

Related Posts

ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ

ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ

by Алаш Ақпарат
24/07/2025
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен барлық мемлекеттік органның басты міндеті – отандық және шетелдік инвесторларға қолайлы орта қалыптастыру екенін...

Суды үнемдеу – саналы қоғамның белгісі

Суды үнемдеу – саналы қоғамның белгісі

by Алаш Ақпарат
15/07/2025
0

Су – өмірдің көзі. Бірақ адамзат дәл осы өмір көзін жиі елемей, көз алдымызда сарқылып бара жатқанын байқамай жатады. Төлеби...

Шардара ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды

Шардара ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды

by Алаш Ақпарат
14/07/2025
0

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Шардара ауданына арнайы іссапармен келіп, ауданда жүзеге асырылып жатқан бірқатар құрылыс және инфрақұрылымдық...

Шардара ауданында жағажай аймағында тазалыққа бақылау күшейтілді

Шардара ауданында жағажай аймағында тазалыққа бақылау күшейтілді

by Алаш Ақпарат
14/07/2025
0

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы жағажай және демалыс орындарында рейдтік...

Next Post

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ

ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ

ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ

24/07/2025
Суды үнемдеу – саналы қоғамның белгісі

Суды үнемдеу – саналы қоғамның белгісі

15/07/2025
Шардара ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды

Шардара ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды

14/07/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ

Суды үнемдеу – саналы қоғамның белгісі

Шардара ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды

Шардара ауданында жағажай аймағында тазалыққа бақылау күшейтілді

Шардара ауданында абаттандыру және көгалдандыру бағытында жаңа жобалар іске асырылуда

Шардара ауданында «Жаушықұм-Қалғансыр» бағытындағы аудандық маңыздағы жол салынады

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,627)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In