• Latest
Түркістанда жас ұстаздар форумы өтті

Түркістандық оқушылар ғарышты зерттеумен айналысады

28/11/2023
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

10/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

10/07/2025

Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың талап тілектерін тыңдады

10/07/2025
Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

10/07/2025
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

09/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

09/07/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Monday, July 14, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Түркістандық оқушылар ғарышты зерттеумен айналысады

28/11/2023
in Қоғам
0
Түркістанда жас ұстаздар форумы өтті
503
SHARES
1.4k
VIEWS

Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі жұмыс істейді. Оған 30-ға жуық бала қатысса, басым бөлігі қыз балалар. Болашақ ғалымдар ғарышта наноспутникпен байланыс орнатып үлгерді. Олар өз жұмыстары арқылы ауа температурасы, қысым, ылғалдылық пен ауаның ластануы туралы мәліметтер жинады. Жоба жетекшісі Еркін Ақтаевтың айтуынша, балалар теория арқылы нанотехнологияда микросұлбаларды құрастыруды үйренеді. Содан кейін олар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы барлық қажетті ақпаратты енгізеді. «Басты мақсат – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек көрсету, бағыт-бағдар беру. Бұл үйірмеге 12 жастан асқан ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады.  Қазақстан ғарышкерлік дамуының басынан бастап ғарыш кеңістігін игерумен тарихи байланысты болды. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғашқы жасанды Жер серігі 1957 жылы ұшырылғаны белгілі. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин де 1961 жылы «Восток» ғарыш кемесімен қазақ даласынан ғарышқа аттанды.

Қазақстандағы ғылым және ғарыш. Бұл бірегей оқиғалар – ХХ ғасырдың ең үлкен жетістігі. Кейіннен АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Италия сияқты елдер де өз азаматтарын ғарышқа ұшыра бастады. 70-жылдардың басында бұл қатарға Жапония, Қытай, Нидерланд, Испания және басқа елдер қосылды. Қа­зіргі таң­да әлемнің 200-ден астам елі ғарыш қыз­метімен айналысады. Олардың көпшілігінде өздерінің ғылыми және қолданбалы маңызға ие жасанды серіктері бар. Биыл – отандық ғарыш ғылымы және бүкіл Қазақстан үшін айтулы жыл. Нақты айтқанда, 2021 жылғы 12 сәуірде әлем жұртшылығы адамзаттың ғарышқа ұшуына 60 жыл толғанын атап өтті. Бұл оқи­ға басқарылатын космонавтиканың әлем­дік символы болды. Осы уақыт аралығында 570-ке жуық ғарышкер-зерттеуші ғарышта болған екен. Ал олардың 150-ден астамы ғарышқа қазақ жерінен ұшып, «Байқоңырда» ғарышкер мәртебесін алды. Қазақстанда басқарылатын кешендердегі ғарыштық зерттеулер қазақтан шық­қан тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіровтің ұшуы­мен тікелей байланысты. Дәлірек айтқанда, аталған зерттеулер 1991 жылы «Қазақстан-Ғарыш» нысаналы кешенді ғы­лыми бағдарламасы аясында серпінді дами бастады. Академик Ө.М.Сұлтанғазиннің ғылыми жетекшілігімен Қазақстан Республикасының ҒЗИ мен ЖОО және Ресей Федерациясының ғарыш саласы ұйымдарының ғалымдары мен мамандары «Мир» ОК бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттердің бағдарламаларын сәт­ті орындады. Бұл жұмыстарға қазақстандық ғарышкерлер де қатысты.

Әлемдік басқарылатын ғарышкерліктің даму тәжірибесі және «Мир» ОК мен ХҒС бортында Қазақстан Республикасының ғылыми ізденістері мен ғарыштық эксперименттерінің бағдарламаларын іске асыру ұшу алдындағы кезеңде даярлықтан өтетін ғарыш­керлерге жаңа бірегей ғылыми нәти­желерді алуда айқындаушы рөл берілетінін көрсетті. Бұл өздерінің функционалдық міндеттерін орындау және ұлттық ғы­лыми бағдарламалар шеңберінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттер жүргізу үшін ғана емес, штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде бірін-бірі өзара алмастыру мақсатымен басқа елдердің ғылыми бағдарламаларын іске асыру үшін қажет болды.Біздің ғарышкерлер әлемдік деңгейде қазақстандық ғылымның жоспарланған ғарыштық эксперименттерін орындап қана қоймай, басқа мемлекеттердің ғарыш саласындағы ғылыми бағдарламаларын орындауда тең құқылы әріптестер болды. Сонымен қатар ғарышкерлердің өздері басқарылатын кешендерде ұшу кезінде ғарыштық медицина және биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулердің объектілері болып саналады.Қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы кезінде басқарылатын кешендердің бортында әлемдік ғарышкерліктің негізгі бағыттары бойынша ғарыштық эксперименттер жүргізілді. Мәселен, 1991 жылы «Мир» ОК-де Т.Әубәкіровтің ұшуы кезінде бес ұйымның қатысуымен бес ға­рыштық эксперимент орындалды. Ал 1994 жылы Т.Мұсабаевтың ұшуы кезінде ҚР ҰҒА-ның оннан астам институтының қатысуымен 8 ғарыштық тәжірибе жүргізілді. Одан бөлек, 1998 жылы 20-дан астам ұйымның ғалымдары мен мамандарының қатысуымен 23 кешен­ді (жерүсті және ғарыштық) эксперимент орындалды.

Қазақстан 2001 жылы ХҒС бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер бағдарламасын алғаш­қы­лар­дың бірі болып іске асырды. 2015 жылы А.Айымбетовтің ХҒС-қа ұшуы кезінде Қазақстанның сегіз ҒЗИ мен ЖОО ғалымдарының қатысуымен 10 ғарыштық эксперимент жүргізілді. Қазақстандық ғарышкерлердің «Мир» ОК мен ХҒС-тағы ғылыми бағдарламаларын орындау арқылы айтарлықтай ғылыми және қолданбалы маңызы бар нәтижелер алынды. Олар өз кезегінде Қазақстанда ғарыш ғылымының дамуында халықаралық деңгейге сәйкес келетін жаңа ғылыми бағыттар құруға негіз болды.Ғарыш техникасы бұйымдарын жасау кезінде пайдаланылған қорытпалар, полимерлік және керамикалық материалдар бүгінде «Мир» ОК бортындағы көрмеде тұр. Кезінде осылардың көмегімен найзағай белсенділігі бар өңірлер бойынша әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарында штаттан тыс жағдайлардың дамуымен жаңа оптикалық құбылыстардың корреляциясы да белгіленді.Ғарыштық эксперименттерді орындау кезінде әзірленген әдістемелер мен технологиялар экологиялық картографиялауда және өсімдіктер мен табиғи экожүйелерді картографиялауда қолданылды. Сондай-ақ биоалуантүрлілікті бағалау, жайылымдардың антропогендік трансформация дәрежесін және мұнай-газ кен орындарының табиғи-аумақтық кешендерінің де трансформация дәрежесін, төтенше жағдайларды, шөлейттену процестерін бағалау үшін де пайдаланылды.

Ғарышта өсімдік жасушаларының селекциясын қолдана отырып, картоп, бидай сияқты өсімдіктердің экономикалық құнды формалары алынды. Аурулар мен қолайсыз экологиялық факторларға ерекше төзімді картоптың «Тоқтар» деп аталатын жаңа сортын алу жұмыстары аяқталды. Гендік инженерия бойынша экспери­мент­тер жүргізілді. Ғарыштық ұшу жағдайында бидай жасушаларына бөтен генді беру және трансгенді өсімдіктерді алу мүмкін болды. Жүргізілген зерттеулер ғарыштық факторлардың әсерінен болатын өзгерістер жасуша мен организм өмірінің әртүрлі аспектілеріне, соның ішінде құнды белгілерге әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Ғарышкерлердің ұшуға дейінгі, ұшу кезіндегі және одан кейінгі ней­ро­психологиялық және психофизиологиялық жағдайын бағалау бойынша алынған нәтижелер олардың, сондай-ақ жер бетіндегі төтенше жағдайдағы адамдардың жұмысқа қабілеттілігін бағалау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Әзірленген әдіс­тер мен критерийлер азаматтық авиация ұшқыштарын даярлау кезінде, авиациялық және ғарыштық медицина практикасында пайдаланылады.Қазақстан – қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы арқасында басқарылатын кешендерде әртүрлі бағыт бойынша ғарыштық эксперименттер жүргізудің, ғарыштық зерттеулерді дамытуда серпіліс жасаудың бірегей мүмкіндігіне ие болған санаулы елдердің бірі. Дәл осы қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы, басқарылатын кешендерде ғылыми зерттеулер мен эксперименттердің орындалуы және алынған нәтижелер Қазақстанда ғарыш саласының табысты қалыптасуы мен дамуына ықпал етті. Сондай-ақ Қазақстанды ғарыштық зерттеулердің әлемдік деңгейіне шығарды және еліміздегі ғарыш саласының ғалымдары мен мамандарына өз жұмыстары мен технологиялары арқылы әлемдік ғылыми ғарыш қауымдастығына қосылуға мүмкіндік берді.

Ғарышкерлер ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін арттыратын Қазақстанның флорасы мен фаунасынан табиғи биологиялық белсенді заттар негізінде жаңа мамандандырылған өнімдер әзірленді», – дейді ұстаз Еркін Ақтаев.Үйірмеге қатысушылар бір жыл ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Салмағы 1-ден 10 келіге дейінгі шағын ғарыш аппараттарына бірнеше камера мен сенсорлармен жабдықталған. Осылайша, осы наноспутниктердің көмегімен атмосфераға қатысты бірқатар ақпарат алынды. Қазан айында олар жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр.

Previous Post

Түркістан: «Мұғалім – оқушыға барлық жағынан үлгі болуы тиіс»

Next Post

Түркістан: Ордабасылық мұғалімдер эпикфейлтрек форматында кездесу өткізді

Related Posts

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Алишер Сатвалдиев және “Аmanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ауданға...

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №15 М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында қаладағы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кезекті оқу...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сала мамандарымен жиналыс өтіп, 4 мәселе қаралды. Аудандағы...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында адам саудасының алдын-алу бойынша іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, күн...

Next Post
Түркістандық ұстаздар шеберліктерін шыңдады

Түркістан: Ордабасылық мұғалімдер эпикфейлтрек форматында кездесу өткізді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,599)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In