• Latest
Рәміздер күні: «Көне Сауран қалашығынан – киелі Түркістанға» атты көк байрақты автошеру өтті

Рәміздер күні: «Көне Сауран қалашығынан – киелі Түркістанға» атты көк байрақты автошеру өтті

04/06/2023
Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

22/09/2023
Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

22/09/2023
ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

22/09/2023
ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

22/09/2023
ТҮРКІСТАН:«ҚАПЛАНБЕК-ЖІБЕК ЖОЛЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН:«ҚАПЛАНБЕК-ЖІБЕК ЖОЛЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

21/09/2023
ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕСКІ ИҚАН АУЫЛЫ АРҚЫЛЫ ӨТКЕН

ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕСКІ ИҚАН АУЫЛЫ АРҚЫЛЫ ӨТКЕН

21/09/2023
АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ» АТТЫ ҒИБРАТТЫ ШАРА ӨТТІ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ» АТТЫ ҒИБРАТТЫ ШАРА ӨТТІ

21/09/2023
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 17 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 17 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

21/09/2023
Ордабасы ауданында «Жасөспірім және Заң» атты жиын өтті

Ордабасы ауданында «Жасөспірім және Заң» атты жиын өтті

19/09/2023
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ СЫРЛЫСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ СЫРЛЫСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

18/09/2023
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы тағайындалды

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы тағайындалды

14/09/2023
“Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз тәрбие – ұлттың жарқын болашағының кепілі!”

“Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз тәрбие – ұлттың жарқын болашағының кепілі!”

12/09/2023
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, September 24, 2023
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Рәміздер күні: «Көне Сауран қалашығынан – киелі Түркістанға» атты көк байрақты автошеру өтті

04/06/2023
in Қоғам
0
Рәміздер күні: «Көне Сауран қалашығынан – киелі Түркістанға» атты көк байрақты автошеру өтті
506
SHARES
1.4k
VIEWS

Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай, «Көне Сауран қалашығынан – киелі Түркістанға» атты көк байрақты автошеру ұйымдастырылды. Айтулы іс-шараға Сауран ауданына қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтер, мемлекеттік мекемелер, білім, денсаулық саласының қызметкерлері белсенді қатысты.

 

Автошеру Сауран қалашығынан бастау алып, Түркістан қаласында Түркістан облысының 5 жылдығына орай, өткізіліп жатқан «Өнерлі өлке» облыстық фестивалі аясында Сауран ауданының мәдени күндерімен жалғасты.

 

Мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері ұлықталып, жиынға келген көпшілік Әнұранды қосыла шарқап, Рәміздерге құрмет көрсетті. Жиында Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев мерекелік шараға жиналған қауымды Рәміздер күнімен құттықтады.

 

“Еліміздің тарихындағы айтулы мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, әлем алдындағы өзінің әлеуетін көрсетер мызғымас негіздерінің бірі.  Ендеше, азат елдің айбынды нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың парызы, басты міндеті деп білемін. Өздеріңізге мәлім, 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заңы қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күндері аузын айға білеген өзге алпауыт мемлекеттермен иық тіресіп, талай елдің төрінде Гимніміз шырқалып, Көк туы желбіреген Қазақстанды төрткүл дүние танып, мойындады десек артық айтқандық емес.Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, мемлекеттік гимніміз – айбынды болсын”, – деп игі құттықтауын жеткізді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев.

 

Мемлекеттік рәміздерді мерекелеудің басты мақсаты – қазақстандық патриотизмді дәріптеу арқылы жастардың бойына отаншылдық рухты қалыптасыру бағытына үндеу болып табылады. Ендеше, Рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!

 

Конституциялық заңға сәйкес мемлекеттік рәміздер, яғни Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттің айрықша белгілері. Мемлекеттік рәміздердің өзіндік тарихы бар. Қазақстандық мемлекеттік рәміздердің мемлекеттік және этникалық бірегейлікті білдіретін түрлі мән-мазмұны бар.Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жаңа мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі Мемлекеттік рәміздерді әзірлеу және оны бекіту қажеттілігі болды. Еліміздің үздік зиялы күштері жұмылдырылған ауқымды жұмыстар жүргізілді. 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес Президиумының жаңа мемлекеттік рәміздерді дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Жарлығы шықты. Соған сәйкес арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шаймерденов және басқа да белгілі тұлғалар кірді. Елтаңба, Ту, Әнұран үлгілерін әзірлеуге байқау жарияланып, оған 600-ден астам адам қатысты. Барлығы 1 200 өтінім Мемлекеттік Тудың эскиздерін әзірлеген. Сондай-ақ болашақ Мемлекеттік Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы және Мемлекеттік Гимннің 750 нұсқасы ұсынылды. Сайысқа қатысушылардың алдында қиын міндет тұрды. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптарға жауап беріп қана қоймай, тарихи, саяси, экономикалық символизмді де алып жүруі керек болды. Егеменді жас мемлекеттің саяси мәні мен мақсатын мейлінше айқын көрсететін айрықша шешім табу қажет болды. Мұндай жауапты жұмысты Шәкен Ниязбеков (Ту авторы), Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихан (Елтаңба авторлары), Шәмші Қалдаяқов (гимн әуені), Жұмекен Нәжімеденов (гимн мәтіні) сынды шеберлер атқарған.

Мемлекеттік рәміздерді қабылдауда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ерекше рөл атқарды. Мемлекеттік Әнұранның мәтініне ел дамуының мұраттары мен мақсаттарына сәйкес келетін жекелеген түзетулер енгізіп, біріккен авторлар ұжымына енді. Ол қазақ тіліндегі терминдердің қолданылуына да ерекше көңіл бөлді. Назарбаевтың бастамасымен «Елтаңба», «Әнұран», «нышан, рәміз» деген ресми терминдер енгізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

Мемлекеттік Ту

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туда тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн және оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың негізгі түсі – аспан көк. Мемлекеттік тудың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Геральдика дәстүрінде әр түс белгілі бір ұғымды білдіреді. Сонымен аспан көк түс адалдықты, сенімді және мінсіздікті білдіреді. Сондай-ақ көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер әрқашан көкті өзінің тәңір атасындай қастерлеген, ал олардың көк туы ата-бабаға адалдықты бейнелеген. Қазақстанның мемлекеттік туында ол ашық аспан, бейбітшілік пен береке, ал бір түсті фон еліміздің бірлігін бейнелейді.

Геральдикалық қағидаларға сүйенсек, күн байлық пен молшылықты, өмір мен энергияны бейнелейді. Сондықтан елдің туындағы күн сәулелері астық түрінде бейнеленген. Ол байлық пен өркендеудің символы. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды.

Бүркіт бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында бұрыннан қолданылып келе жатқан негізгі геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл сурет әдетте күш, көрегендік және жомарттық символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған қыран мемлекетіміздің қуаттылығын, егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен тұрақты болашаққа ұмтылысты бейнелейді. Еуразия көшпелілерінің дүниетанымында бүркіт бейнесі ерекше орын алады. Олар оны еркіндік пен адалдық, ізеттілік пен батылдық, күш пен ой тазалығы сияқты ұғымдармен байланыстырады. Алтын бүркіттің айшықты бейнесі жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмтылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың маңызды элементі – оның тұғырында ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ. Қазақ ою-өрнегі – халықтың эстетикалық талғамына қатаң сәйкес келетін дүниені нақты көркем қабылдаудың бір түрі. Түрлі формалар мен сызықтардың үндестігін білдіре отырып, халықтың ішкі жан дүниесін танытатын құрал. Сондай-ақ тудағы ұлттық ою-өрнек Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейді.

Мемлекеттік Елтаңба

Мемлекеттік Елтаңбаның шеңбер тәріздес және шаңырақтың бейнесі түрінде жасалған, одан тараған уықтар күн сәулесі түрінде жан-жақты нұрланып тұрады. Шаңырақтың оң және сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнелері орналасқан. Жоғарғы бөлігінде бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыз, шаңырақ, уықтар, аңыздардағы  пырақтар бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» жазуы – алтын түсті. Елтаңбаның негізгі түсі – аспан көк. Мемлекеттік Елтаңба авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Шеңбер (дөңгелек) – Ұлы дала көшпенділері арасында ерекше құрметке ие болған өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік Елтаңбаның орталық геральдикалық элементі шаңырақ бейнесі – киіз үйдің үстіңгі күмбезді бөлігі, одан уықтар (тіреулер) жан-жақты күн сәулесі түрінде сәуле шашады.

Шаңырақ – киіз үйдің негізгі жүйе құраушы бөлігі, пішіні жағынан аспан күмбезіне ұқсайды және Еуразия көшпеділерінің дәстүрлі мәдениетіндегі тіршілік әрекетінің негізгі элементтерінің бірі. Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасында шаңырақ бейнесі – елімізде тұратын барлық халықтың ортақ үйі мен біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың беріктігі мен тұрақтылығы оның барлық уығының (тіректерінің) сенімділігіне байланысты болатыны сияқты, Қазақстанның тұрақты дамуы әрбір азаматтың әл-ауқатына байланысты.

Мемлекеттік Елтаңбадағы қанатты мифтік тұлпарлар – негізгі геральдикалық элемент. Ежелден бері жылқы бейнесі ерлік, адалдық, күш сияқты ұғымдарды бейнелейді. Тұлпарлар көпұлтты Қазақстан халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру жөніндегі сан ғасырлық арманын білдіреді. Олар таза ойлар мен дәйекті жақсартуға және шығармашылық дамуға ұмтылысты куәландырады. Сондай-ақ арғымақтардың алтын қанаттары да жүгерінің алтын масақтарына ұқсайды және Қазақстан халқының еңбекқорлығын және елдің материалдық әл-ауқатын білдіреді.

Өткен ғасырларда мүйіздер көшпенділердің діни ғұрыптарында, сондай-ақ олардың жауынгерлік айқастарында жиі қолданылған. Әртүрлі жануарлардың мүйіздері түріндегі көктегі рақым, жердегі құнарлылық және әскери сәттілік бейнелері әртүрлі халықтардың символдық композицияларында әрқашан маңызды орындарға ие болды. Олай болса, қанатты тұлпар – семантикалық және тарихи тамыры тереңде жатқан маңызды типологиялық образ.

Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасындағы тағы бір ерекшелігі – ол бес бұрышты жұлдыз. Бұл нышанды адамзат ерте заманнан бері қолданып келеді және адамдардың ақиқат нұрына, барлық ұлы және мәңгілікке деген тұрақты ұмтылысын бейнелейді. Мемлекеттік Елтаңбадағы жұлдыз бейнесі Қазақстан халқының әлемнің барлық халқымен ынтымақтастық пен әріптестікке ашық ел құруға деген ұмтылысын көрсетеді.

Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбада қолданылатын негізгі түс – құдіретті, күшті, байлықты, тұрақтылықты, тектілікті, имандылықты, әділетті, ізгілікті, мейірімділікті, адалдықты бейнелейтін алтын түс. Аспан түстес көгілдір түс алтын түспен үйлеседі және адалдықты, пәктікті, адалдықты, мінсіздікті, ашық аспанды, бейбітшілік пен берекені білдіреді.

 

Мемлекеттік Әнұран

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде белгілі болған Қазақстанның әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің Парламентінде бекітілді. «Менің Қазақстаным» әнін сонау 1956 жылы Шәмші Қалдаяқов жазған. Оған Мемлекеттік Гимннің мәртебесіне сәйкес өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасы Әнұранының мәтінін жазған – Жұмекен Нәжімеденов пен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.Ол алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда Президенттің салтанатты түрде ұлықтау рәсімінде тыңдалды. Сонымен қатар 2006 жылы Гимнді тыңдау ережелері өзгертілді. Ресми рәсімдерде орындалғанда, жиналғандар тұрып, оң қолының алақанын кеудесінің сол жағына қоюы керек.

Related Posts

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

by Алаш Ақпарат
22/09/2023
0

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Көксәйек елді мекенінде туған Нұрсұлтан Қаппаров осыдан 6 жыл бұрын 2017 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауылына...

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

by Алаш Ақпарат
22/09/2023
0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен бастау алған жүгері өңдеу зауыты жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Жобаның...

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

by Алаш Ақпарат
22/09/2023
0

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың...

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

by Алаш Ақпарат
22/09/2023
0

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелер зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Салықбаев Қайрат, ауданның...

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Мұрағаттан табылған Қажымұқанның видеосы көпшілікті таңқалдырды (Видео)

Мұрағаттан табылған Қажымұқанның видеосы көпшілікті таңқалдырды (Видео)

18/02/2018
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
Алматылық азамат өз жерін қазаққа тегін бере салмақ

Алматылық азамат өз жерін қазаққа тегін бере салмақ

1
Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

0

«Жетібай-Жаңаөзен» автожолы қайта жаңартылады

0
Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

22/09/2023
Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

22/09/2023
ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

22/09/2023
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Шардара ауданында зауыт жүгері қабылдауға дайын

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

ТҮРКІСТАН:«ҚАПЛАНБЕК-ЖІБЕК ЖОЛЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕСКІ ИҚАН АУЫЛЫ АРҚЫЛЫ ӨТКЕН

11

Айдарлар

  • Алаш (11)
  • Ауыл шаруашылығы (48)
  • Білім (25)
  • Дін (8)
  • Жастар (8)
  • Жаңалықтар (2,089)
  • Мәдениет (82)
  • Саясат (40)
  • Спорт (46)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (6)
  • Қауіпсіздік (7)
  • Қорғаныс (3)
  • Қоғам (2,044)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In