Бәйдібек ауданында өрт қауіпті маусымның басталуына байланысты өрттің алдын алу және табиғи аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, аудандық маңызы бар жол бойларына өрттің таралуын шектеу үшін арнайы минералды жолақтар жырту жұмыстары атқарылды. Бұл шаралар ашық алқаптарда және орманды жерлерге жақын орналасқан аумақтарда өрттің алдын алуға бағытталған.
Минералды жолақтар құрғақ шөп пен жанғыш материалдардың жан-жағына таралуына тосқауыл қояды. Аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың тапсырысымен атқарылған бұл жұмыстарға арнайы техника тартылып, өртке бейім аумақтар алдын ала анықталып, жоспарлы негізде өңделді.
Тиісті мекемелер мен азаматтарға дала және орман өрттерін болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Аудан әкімдігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және күдік туғызатын жағдайлар байқалған жағдайда шұғыл түрде жауапты органдарға хабарлауға шақырады.
Мамандардың айтуынша, құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың, өрттің алдын-алу шаралары ұйымдастырылады. Қатерлерді орманды, дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды. Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіру, топырақпен көму немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек. Жоғарыда аталып өткен кез-келген себеп өрттің болу қаупіне себеп болатынын ескере келе қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамай, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.Орман және дала алқаптарында кез келген алқаптың немесе орманның жануын байқаған кезде оны сөндіруге кірісу қажет, егер өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, өрт шыққан жерді анықтап тиісті органдарға хабарлау керек. Қазақстан – табиғи алқаптары кең, орманды, шөлді, далалы жерлері мол, климаттық ауытқулары жиі болатын мемлекет. Жаз мезгіліндегі аптап ыстық пен жауын-шашынның аздығы, сондай-ақ адам факторына байланысты жағдайлар дала және орман өрттерінің жиілеуіне себеп болуда. Әсіресе шілде–тамыз айларында Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде табиғи өрт қаупі өте жоғары деңгейге жетеді. Өрт апаты – табиғатқа, экономикаға және ең алдымен адам өміріне орасан зор қауіп. Орман мен дала өрттері нәтижесінде мыңдаған гектар жер өртеніп, жануарлар мен өсімдіктер жойылады, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнеді, ауыл шаруашылығына ауыр зиян келтіріледі. Сондықтан табиғи өрттердің алдын алу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Дала және орман өрттерінің алдын алу – табиғатты, ел байлығын және адам өмірін сақтау ісі. Бұл – мемлекет, жергілікті билік, бизнес, ауыл тұрғындары мен әрбір азаматтың ортақ міндеті. Алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырсақ, апаттың алдын алуға толық мүмкіндігіміз бар. Табиғат – аманат. Бұл аманатты сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз.
Тілсіз жау адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, ел экономикасына айтарлықтай материалдық шығын әкеледі. Негізінде, өрт жаздың қатты ыстығында, ұзақ уақыт жауын жаумай құрғақшылық болғанда жиілейді. Ал орманды және дала алқабының өртенуіне шөптің өздігінен жануы басты себеп. Сонымен қатар, орман өртінің 80 пайызға жуығы тұрғындар еңбек етіп немесе демалып жатқан жерлерінде өрт қауіпсіздігін сақтамауынан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан орын алуы мүмкін. Демек, дала өртінің негізгі себептерінің бірі – адамның отқа ұқыпсыз қарауы, яғни, орманда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы. Бір өкініштісі, орманға келушілердің көбі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныс емес, отты сақтықпен пайдалануға дағдыланбағандардың қатары көп. Негізінен, жанып тұрған сіріңкенің шиін, темекі тұқылын жерге тастау, бекітілмеген жерлерге, қылқан жапырақты жас екпелерге, бұрын жанған ағаштарға, орманның зақымдалған учаскелерінде, сондай-ақ, ағаш бұтақтарының астында және кепкен шөбі бар жерлерде от тұтатпау қажет. Орман өрті орын алса, әсіресе, ұзаққа созылған қуаңшылық жылдары жүздеген гектар жерге таралып, жалыны тиген жердің бәрін тып-типыл етеді. Орман өртінің табиғатқа келтіретін зияны аз емес. Өйткені жасыл-желектің қайта қалпына келуі үшін ондаған жылдар қажет. Өрт бола қалған жағдайда орманның табиғи қайта түлеуі жойылады. Зиянды орман жәндіктері орман өртінен нашарлаған сүрек-діңдерге қонып, тез көбейе бастайды да, кейіннен олар жанында өсіп тұрған сау ағаштарға ауысып, оларды зақымдап, шірітеді. Қызыл жалын орман ішіндегі құстардың ұясы мен жан-жануарлардың қоректік базасын да жояды. Ал орман өртінің алдын алу үшін алдымен адамдар табиғатты пайдалану мәдениетін меңгеруі қажет. Орманды өрттен сақтау, табиғатқа тағылық көрсетпеу бір адамның немесе бір мекеменің жұмысы емес, барша адамзатқа ортақ міндет. Яғни, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қоғам тыныштығының кепілі. Бастысы, жұртшылық өрттің туындауына жол бермеу үшін барын салуы қажет. Орман және дала өртінің алдын алу және жою мәселесі әрқашан басты назарда болып, аталған табиғи апатқа қарсы әрекет етуге дайын болуымыз қажет. Орман өрттері өзендер, көлдер мен ағындар сияқты жер үсті суларының сапасына жедел және ұзақ мерзімді әсер етеді. Орман өрттерінің айтарлықтай байқалатын әсері – жаңбыр суының ағыны. Өсімдік жамылғысы жоғалған кезде топырақ гидрофобты болып, судың сіңуін тежейді. Су осылайша сіңірілмегендіктен, қоқыстар мен шөгінділер үлкен су объектілеріне жеткізіліп, құнды су қорлары одан әрі ластануда. Өрттен кейінгі қатты су тасқыны үлкен қауіпке айналады және топырақтағы ауыр металдар су жолдарына сіңе бастайды. Орман өрті жылдағы температура мен уақытқа байланысты өсімдік жамылғысына айтарлықтай әсер етеді. Жалын көптеген жануарлардың тіршілік етуіне қорек көзі мен үйін жою арқылы қауіп төндіреді. Жанбайтын, бірақ жалынмен зақымдалған өсімдіктер мен ағаштар төзімділікті жоғалтады және саңырауқұлақтар мен жәндіктерге тез ұшырайды.Дала өртінің алдын-алудың алғашқы қадамы – өртті ешқашан қараусыз қалдырмау. Көптеген табиғи апаттардан айырмашылығы, орман өрттерінің көпшілігі алдын алуға болады. Орман өрттерінің экологиялық және экономикалық шығындары ұзаққа созылатын әсер етеді. Мұқият болу, профилактикалық шараларды қабылдау және өртті жауапкершілікпен бақылау арқылы өрттің жойқын әсерін болдырмауға болады. Орман өрттері – табиғаттың бір бөлігі. Ол жаңару мен өзгерудің құралы ретінде қызмет етеді және экожүйелерді қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Алайда, өрт көбінесе табиғатты бұзады және ауаны адам денсаулығына зиянды шығарындылармен ластайды. Сонымен қатар, өрт атмосфераға маңызды парниктік газ – көмірқышқыл газын шығарады.
Өрт қаупі бар маусымда орман қоры аумағында мына әрекеттерге тыйым салынады: 1) жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек жатқан кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға тыйым салынады; 2) жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастауға және темекі тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсіруге болмайды; 3) аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға тыйым салынады; 4) жанармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға болмайды; 5) іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын багына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, жанармай құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Табиғи өрттердің белең алуының басым көпшілігі адамдардың алаңғасарлық, немқұрайлық және мәдениетсіздік әрекеттеріне байланысты. Ойланбай тасталған темекі тұқылы, сөнбей қалған от – осының барлығы орны толмас үлкен қайғыға соқтырады. Ең бастысы – табиғи өртті ескерту, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ұқыптылық. Сондықтан, табиғи өрттің алдын алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз: – жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа-райында ауылдық елдi мекендер мен саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi; – желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз; – елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет; – өрт пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасанда әңгіме жүргізіңіз; – темекі тұқылын және жанып жатқан отты мұқият өшіріңіздер. Егер Сіз, табиғи, дала өртін немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.
Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Респуликасының заңнамаларына, яғни Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық кодекстеріне сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Табиғат – адамзаттың өмір сүруіне қажетті ең маңызды байлық. Таза ауа, көк орман, жайқалған дала – тіршіліктің қайнар көзі. Алайда табиғат байлығы тек бергеніне қарап өмір сүре алмайды. Оны сақтау, қорғау – әрбір адамның, қоғамның ортақ міндеті. Соның ішінде орман мен даладағы өрт қауіпсіздігін сақтау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Жыл сайын еліміздің көптеген өңірінде орман мен дала өрттері орын алып, мыңдаған гектар жер өртеніп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жойылады, адамдарға, ауыл шаруашылығына, экологияға үлкен залал келеді. Сондықтан бұл апаттың алдын алу – тек мемлекеттік органдардың емес, барша халықтың азаматтық жауапкершілігіне айналуы тиіс. Өрт қауіпсіздігін сақтамаудың салдары. Орман мен далада өрт шықса, оның салдары өте ауыр болады. Бірнеше сағаттың ішінде табиғатта ондаған жылда қалпына келетін орман алқабы отқа оранады. Өсімдіктер мен жануарлар тірідей жанып кетеді. Топырақ қабаты құнарсызданып, экожүйе бұзылады. Кейде өрт ауылға жақындап, үй, мал, қора-қопсы, техника отқа оралады. Тіпті адамдар зардап шегіп, адам өліміне де әкелетін жағдайлар кездеседі. Мұндай өрттің көбі – адамдардың өз қолымен, немқұрайлығынан шыққан. Өрттің шығу себептері. Орман мен даладағы өрттің негізгі себептері мыналар: Демалушылардың отты толық сөндірмей кетуі; Темекі тұқылын немесе шөлмекті шөптің арасына тастау; Қоқысты жағу арқылы сабан мен шөпке оттың таралуы; Трактор немесе көліктің ұшқыны құрғақ шөпке тиіп, от шығуы; Найзағай секілді табиғи себептер. Алайда зерттеулерге сүйенсек, өрттердің 90%-ы – адамның кінәсінен болады. Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері. Орман мен далада жүргенде келесі ережелерді сақтау – әр адамның парызы: Орманда немесе далада от жақпау – қажет болса, арнайы белгіленген жерде ғана жағып, соңынан міндетті түрде толық өшіру қажет. Темекі қалдықтарын, сіріңке шоғын тастамау – олар кішкентай болып көрінсе де, үлкен апатқа себеп болуы мүмкін.ь Шыны бөтелке, пластик қалдықтарын тастамау – олар күн сәулесін жинап, шөпке от беріп, өрт шығарады. Қоқысты өртеуге тыйым салу – әсіресе құрғақ шөп пен сабанды. Балаларға түсіндіру – өрттің қауіптілігін, қауіпсіздік ережелерін кішкентай кезден үйрету қажет. Мемлекет пен қоғамның рөлі. Мемлекет орман мен даладағы өрт қауіпсіздігі үшін арнайы заңдар мен ережелер қабылдап, Төтенше жағдайлар министрлігі, орман шаруашылығы, әкімдіктер, жергілікті полиция арқылы бақылау жасайды. Бірақ олар барлық жерде бола алмайды. Сондықтан қоғамның белсенділігі мен азаматтардың сана-сезімі шешуші рөл атқарады. Мектептерде, ауылда, қалада өртке қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, ерікті жасақтар құру, табиғат аясында тазалық пен тәртіпті сақтау – бұл тек тәрбие емес, нағыз патриоттық іс. Орман мен даланы қорғау – ата-бабадан қалған аманат. Қазақ халқы ежелден табиғатты құрметтеген, шөпті жұлмай, бұтақты сындырмай, отты орынсыз жақпаған. Ал қазір, өкінішке қарай, кейбір адамдар табиғатқа тұтынушылықпен қарайды. Бұл – үлкен қателік. Орман мен дала – болашақ ұрпаққа қалатын мұра. Сол мұраның күйіп кетпеуі үшін әрқайсымыз жауаптымыз. Орман мен далада өрт қауіпсіздігін сақтау – жай ғана ереже емес, бұл – табиғатқа, ұлтқа, болашаққа деген құрмет пен жауапкершілік. Өрт – бір сәттік бейқамдықтан туатын, бірақ салдары өте ауыр апат. Одан тек сақтық, ұқыптылық және саналы тәрбие арқылы ғана қорғана аламыз.
Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны анықталды. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс.
Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі – бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су жолының, теміржол, автомобиль жолдарының жақындығы ескеріледі. Орман шаруашылығын өрттен қорғаудың жоспары мен сызбасы жасалады.
Жоспарда көлік жолдары, тұрғын үйлер, кардондар, өзен, көлдер, орман шаруашылығының кеңселері, өрт бақылайтын мұнаралар, хабар қабылдайтын пункттер, өрт шығу қаупі бар нысандар белгіленеді. Сонымен бірге, оған өрт қауіпсіздігі құрылымының жоспарында орманды бақылау қызметін ұйымдастыру, өрт сөндіру-бақылау құрылғыларын салу, телефон байланысының жүйесін жаңартып тұру, радиобайланыс ұйымдастыру, ерікті өрт жасақшыларын дайындау және оларды көлікпен қамтамасыз ету т.б. қызметтер кіреді. Орман және дала өрттерінің алдын алу, оны болдырмауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлеміндегі мекемелерде лекциялар, баяндамалар, аудандағы ауылдық округтер мен шаруа қожалықтарға таратылатын ескерту хаттар жатады. Орманға барар жолдарда, демалатын жерлерде, орман жұмыстары жүріп жатқан жерлерде аншлаг паннолар, хабарламалар арқылы өрттен сақтандырулар шаралары жасалуы қажет. Алайда осыларды орман-тоғайлы жерлер маңында демалушылар ескере бермейді. Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға ықпалдарын тигізетіні анық. Орман өрттерінің болуының негізгі себептері мыналар:
– сөндірілмеген шылым не сіріңке;
– аңшылықтың салдары. Олар атқан оқтан бықсып шөп жанып тұтанады;
– механизатор орманда өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Тұтануға бейім майланған материалды тастап кетеді, техника қауіпсіздігін бұзады, көліктің жанында шылым шегеді және т.б.;
– орман ішінде болған демалушылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге от жағады;
– орман қоры жерлеріне жақын жерлердегі егістің орнын өртейді;
– күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кетеді. Ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып құрғақ шөптерді тұтандырады;
Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет. Өрттің тілсіз жау екенін және өрт болған жерде көптеген шығындар келтіретіні бәрімізге де белгілі. Осыған орай көктем, күз мезгілдері өртке өте қолайлы уақыт. Орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен сөнбейді, айналасындағы бірнеше метр жерге дейінгі өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Сонымен қатар бау – бақша егу мақсатында егістік жерлерді дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларына онша мән бермей, шөп-шалаңды бей-берекет жағудың арты орман-тоғай өртіне айналып кетуі мүмкін.
Табиғат байлығының бірі – орман. Оның қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы өте зор. Айта кетсек, су режимін бірқалыпты ұстап, топырақты түрлі эрозиялардан сақтап қана қоймай, ауаны улы газдардан тазартып, оттегі бөліп отырады. Табиғат тепе-теңдігін сақтап тұрушының негізгі себепшісі де сол – орман. Алайда ондағы әртүрлі өсімдіктер мен жануарларға үлкен залал тигізетін қатердің бірі өрт екені белгілі. Өрттің негізгі себептеріне тоқталсақ, олардың табиғи факторлар есебінен орын алатыны өз алдына, адамзат тарапынан себепші болуы да басты мәселе болып тұр. Біздің өңірдегі құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы, орман, дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады. Орман және дала өрттерінің өсуі көбінесе аумақты қажет емес қалдықтардан тазарту және ауыл шаруашылығы жерлерін қажет емес өсімдіктерді немесе қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу барысында орын алады. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде тиісті бақылау жүргізілмеуінен, минералданған жолақтарының болмауынан, жақын орналасқан орман алқаптарына жалын тарап, артынша түзелмейтін шығынға әкелі отыр. Аймақ тұрғындары төменде көрсетілген ережелерді сақтауы тиіс:
– шабындық, егістік, орман алқаптарында қураған шөптерді, қоқыстарды өртеуге және бақылаусыз қалдыруға жол бермеуді;
– ауа-райы құрғақ, ыстық және қатты жел кезінде от жақпауды;
–демалыс орнынан кетерде алауға су құйып, құм немесе топырақ сеуіп кетуді Жанып жатқан қалдықтар мен сіріңкені лақтырмауды;
– егер өрт аумағында болсаңыз өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын, және шығу бағдарын анықтап құтқару қызметіне 101, 112 нөмірі арқылы хабарлауды.
Орман мен далалық алқаптарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінен құралған мобильдік топ арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазіргі таңда далалық және егістік алқаптарда рейдтік шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаменті тарапынан бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халыққа табиғи өрттер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Өрт – тілсіз жау. Орман, тоғайлы, далалық алқаптарда өрт оқиғаларын болдырмас үшін қарапайым қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс.
Даладағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады: құрғақ шөптердің арасында өрттің көзі жоқ. Дала құрғақ шөптерінің жануы кейде найзағайдан болады, бірақ орман дала өрттерінің пайда болуын жиірек адам әкеледі. Орман дала өрттері болуының ең типтік себептері:
– сөндірілмеген шылым не сіріңке;
– аңшы атқан соң, тығын бықсып жана бастайды;
– механизатор орманда майланған материалды тастап кеткен, қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзып техникаға жанармай құйған, көліктің жанында шылым шеккен және т.б.;
– саяхатшылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөптің үстіне, кесілген қалдықтары бар ағаш кесетін жерде, ағаштың астында алау жаққан;
– орман алаңдарында шөпті немесе орманның жанындағы өрісте орылған егістің орнын жаққан;
– күн шұғыласы түсетін жерге тасталған шынының сынығы жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен жануы;
– орманда шаруашылық жұмыстарын (жарылғышпен тамырынан жұлу, қоқысты жағу, жолдарды, электролинияларын, құбырларды салуы және т.б.) дұрыс жүргізбегеннен. Орман өрттер төменгі, жер астындағы (торфты) және жоғарғы болады. Төменгі өрттерде (барлық оқиғалардың 90%) ағаштардың шөптердің төменгі жағы, шөп, шөпшек, жерден шығып тұрған тамырлары жанады. Таралу жылдамдығы – 1 метрден 3 метрге дейін, жалынның биіктігі – жарты метрден 1,5 метрге дейін. Минутына 3-4 м жылдамдықта өрт 10-14 сағатта үлкен өртке айналады. Жоғарғы жиі болатын өрт қатты желде болу мүмкін: от ағаштардың ұшар бастарынан минутына 5 метрден 100 метрге дейін және оданда көп жылдамдықпен өтеді. Жел жанып жатқан бұтақтарды және ұшқындарды таратады, олар өрттің жаңа ошақтарын тудырады. Шымтезек өрттер ақырын қозғалады, тәулігіне бірнеше метрден. Олар жер астынан оттың кенеттен шығуынан және олардың шеті кейде көрінбей жанған шымтезекке түсіп кету мүмкіндігінен өте қауіпті. Сондықтан өрт болған жағдайда шымтезекті батпақтарға жоламау керек, ал егер шымтезек алаңынан өту қажет болса, онда тек топпен ғана жүру керек, бірінші келе жатқан адам топырақты бақанмен тексеру керек. Жер астындағы өрттің белгісі – жердің ыстық болуы, топырақтан түтіннің шығуы. Шағын өртті (шегінің ені – 1 км-ге дейін) 3-5 адамнан құралатын топ арнайы құралдарсыз жарты сағаттың ішінде тоқтата алады. Мысалы, жасыл бұтақтардан жасалған сыпырғышпен, жас талмен (1,5-2 метр), қап тігетін матамен, брезентпен немесе киіммен отты қағу. Отты сабалап, өрт басталған жағына лақтыру керек, шағын жалынды аяқпен басуға болады. Тағы бір таралған әдіс – өрттің шетіне топырақ тастау. Бірінші күрекпен топырақты алып жалынды қағу керек, содан соң топырақтан қалыңдығы бірнеше сантиметр, ал ені жарты метрге дейін тұтас жол жасау керек. Бір адам жарты сағат ішінде 20 метр шамасында өрт шетін қағуы мүмкін. Егер сіз орманда шағын өртке кезіксеңіз, оны тоқтату үшін дереу шаралар қолдану керек, сонымен қатар мүмкіндік болса жақындағы елді мекенге немесе орман шаруашылығына біреуді көмек шақыруға жіберіңіз.
Кез келген апат жағдайда тұрғындар қорғау жұмыстарына қатыстырылады. Өртпен күресуге балаларды және жеткіншектерді, екіқабат әйелдерді және бала емізетін аналарды қатыстыруға тыйым салынады. Апат аймағында әкімшілік басқармасының ерекше заңдары әрекет етеді, осы заңдар барлық күштерді және техниканы өртті сөндіруге қолдануға рұқсат етеді. Егер сіз орман дала өртін сөндіретін топқа кірсеңіз, онда сізге өрт сөндіру тактикасын білу қажет, паналайтын жерді және оған баратын жолды білу қажет. Қорғайтын киім (мүмкіндігінше адамдарға арнайы киім, газқағар, каска, түтінге қарсы бетперде таратылады) кию керек. Әр топта жерді жақсы білетін жолсерік болу керек. Егер түтін аймағындағы көз көрерлік 10 метрден аз болса, онда оған кіруге болмайды.
Орман дала өрті аймағынан қалай шығуға болады? Егер өртпен күресе алмасаңыз, одан кетіп қалу жеткілікті: жаяу жүргіншінің жылдамдығы – минутына 80 метрден көп, ал төменгі өрттің жылдамдығы – 1-3 метр. Өрт шегіне перпендикулярлы жел жаққа қарай орман жолымен, алаңдармен, өзендердің және жылғалардың жағаларымен жүру керек. Қатты түтіндеуде ауызды және мұрынды сулы байламмен, орамалмен, киімнің бөлшегімен жабу керек. Кейде жоғарғы өрттің майданынан жүгіріп өтуге болады, бастысы – өкпелеріңізді күйдіріп алмау үшін демалмай жүгіру керек. Елді мекенге тақалған өртті тоқтата алмау жағдайында мемлекеттік қызметтер дүниені және малды қалай қорғау керектігін, не істеу қажеттігін, ал қажетті жағдайда эвакуациялау туралы алдын ала хабарлайды. Жеке заттарды тастан жасалған жанатын конструкциясыз салуларда немесе жерге көміп сақтауға болады. Эвакуация мүмкін болмаған кезде тек тастан жасалған саңылаусыз ғимараттарда, азаматтық қорғаныс баспаналарында немесе үлкен ашық алаңдарда күте тұру керек. Естеріңізде болсын, әрбір азамат сөндірілмеген шылым не сіріңке тастайтындай, алауды толық сөндірмей тастап кететіндей Қазақстанда орман көп емес.