Бәйдібек ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және аса жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық және диагностикалық іс-шаралар жүргізілді. Эпизоотиялық салауаттылық – ветеринариялық іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытудың, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатының сапасын айқындайтын биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды өлшемшарты. Эпизоотиялық салауаттылықты, сондай-ақ жануарлардың биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік ветеринариялық қызметтің негізгі міндеті. Мал дәрігерлері ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу үшін шаруа-фермер қожалықтарына және азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарына жиі барады. Ветеринариялық іс-шаралар – жануарлардың жұқпалы ауруларының профилактикасын, диагностикасын және емделуін қамтитын эпизоотияға қарсы іс-шаралар, халықты жануарлар ауруларынан қорғау шаралары, ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ жануарлардың өнімділігін арттыруға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге бағытталған өзге де шаралар. Ветеринариялық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілсе, эпизоотиялық жағдай айтарлықтай жақсарады.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ аурулардың пайда болуының және азықтан улануының, жануарларды ұстаудың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөптің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық жағынан таза аумақта;
2) шектеу шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуының алдын алу және жою мақсатында індет ошағында, ауру таралған пунктте, бақылау аймағында, қорғаныш аймағында жүргізіледі. Аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар (алдын алу, диагностикалау, жою) жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын аурулар бойынша жүргізіледі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалар (жануарлардың иелері) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көзделген іс-шараларды міндетті түрде жүзеге асырады, яғни:
– ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;
– ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналауды және диагностикалауды қамтамасыз етеді;
– ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде қызметтік міндеттерін орындауда көмек көрсетеді.Мал басы барлық ветеринариялық емдеу шараларымен толық қамтылған жағдайда ғана індеттен аман болады, соның нәтижесінде халық жануарлардан алынатын қауіпсіз өнімдерді тұтынады. Облыс аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және облыста қалыпты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында көктемгі профилактикалық ветеринариялық іс-шаралар басталды. Құрметті мал иелері, Сіздерден жануарларды уақтылы профилактикалық вакцинациялауда ветеринарлық мамандарға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Уақытылы өткізілген ветеринариялық іс – шаралар эпизоотиялық салауаттылықтың кепілі болып табылады.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидалары:
- Осы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды жоспарлау және жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлаудың және жүргізудің бірыңғай тәртібін анықтайды.
- Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;
2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар болып өткізіледі.
- Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды (профилактикалық, диагностикалық, жою шаралары) жоспарлау және жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» қаулысымен бекітілген, профилактикасы, диагностикасы және жоюы республикалық бюджеттің есебінен атқарылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының Тізбесіне сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі-Тізбе).
- Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шаралар (бұдан әрі-ветеринариялық іс-шаралар) аурудың түріне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысымен бекітілген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1476 қаулысымен бекітілген аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
- Ветеринариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасында және Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттерде тіркелеген ветеринариялық препараттарды қолдану арқылы атқарылады.
- Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау тәртібі
- Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) өкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді. Бұл ретте аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, Тізбеге енгізілген аурулар бойынша, мыналар негізінде жүргізіледі:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторинг мәліметтері;
2) кірісті (төл және басқа кірістер) пен шығысты (сойылған, өлген мал басы мен басқадай шығыстар) есептегендегі қолда бар жануарлар саны;
3) аурудың түріне байланысты ветеринариялық препаратты қолдану нұсқамасына (нұсқаулығына) сәйкес, ветеринариялық препаратты егу саны;
4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда қарастырылған диагностикалық зерттеулер саны;
5) көрші әкімшілік-аумақтық бірліктердегі және шектесетін шет мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы мәліметтері.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ЖАО ветеринариялық іс-шаралар жоспарларының әкімшілік-аумақтық бірліктер кесініндегі жобасын ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісімдегеннен кейін, ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті органға жібереді.
- Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтер және эпизоотиялық монитринг мәліметтері негізінде, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
- Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар негізінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО ветеринариялық іс-шаралардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер кесініндегі жоспарларын бекітеді және жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО жолдайды. 3.Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу
- Жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтарда эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-тармағындағы жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді.
- Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтардағы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды ЖАО ветеринария саласындағы қызметерді атқаратын бөлімшелері (бұдан әрі-ветеринариялық бөлімшелер) ұйымдастырады.
- Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды (вакциналауды/аллергиялық зерттеуді жүргізуді, қан сынамаларын алуды және ветеринариялық зертханаларға жеткізуді тиісті әкімшілік аумақтың ЖАО ветеринариялық пункттерімен қоса құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары (бұдан әрі-ветеринариялық ұйымдар) атқарады.
- Ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен, жануарларды профилактикалық иммундаудан өткізу үшін ветеринариялық препараттарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ЖАО беруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» қаулысында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ветеринариялық бөлімшелері ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, ветеринариялық препараттарды аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында бөледі.
- Ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп болғаннан кейін, ЖАО ұйымдары, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы, нысан бойынша осы қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес акт жасайды. Бұл актіге вакциналанған, аллергиялық зерттеуден, дауалаудан өткен жануарлардың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқор мәліметтеріне сәйкес тізімі, нысан бойынша 2-қосымшаға сәйкес тіркеледі.
- Қан сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаларға тасымалдау (жеткізу), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1576 қаулысымен бекітілген орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден және биологиялық материалдардан сынама алу қағидаларына сәйкес, нысан бойынша 3-қосымшаға сәйкес жасалынады. Осы актіге, алынған қан сынамалары бойынша тізім, нысан бойынша 4-қосымшаға сәйкес тіркеледі.
- Ветеринариялық-санитариялық қолайсыз аймақтардағы және эпизоотиялық ошақтардағы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу
- Жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ЖАО шешім қабылдайды. Карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу, жануарлардың жұпалы аурулары тізбесіне енгізілген аурулар бойынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығымен бекітілген карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу бойынша жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7583 болып тіркелген).
- Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қоса алғандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шаралардың тізімін, ретін және мерзімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық бөлімшесі мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы бірлесіп, жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағын жою бойынша іс-шараларының жоспарын (бұдан әрі-іс-шаралар жоспары) әзірлейді. Іс-шаралар жоспары кесте түрінде, реттік нөмірлерін, іс-шаралар атауын, орындалу мерзімдерін, жауапты тұлғалар мен орындаушыларды көрсете отырып құрылады. Қажет болған жағдайда іс-шаралар жоспарларына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
- Эпизоотиялық ошақ пен бақылау аймағында лажсыз (ағымдағы және қорытынды) залалсыздандыру жүргізіледі. Ағымдағы залалсыздандыруды ауру пайда болған уақыттан кейін, жаңадан ауырған жануар анықталған жағдайда, сондай-ақ жануарларды кезекті зерттеуден кейін, жүйелі түрде (әр аурудың мерзіміне байланысты) жүргізіледі.Карантинді немесе шектеу iс-шараларын алардың алдында қорытынды залалсыздандыру жүргізіледі.
- Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қосқандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шараларды, Қазақстан Республикасы Үкіметі құрған республикалық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринариялық қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалар, ветеринариялық бөлімшелермен бірлесе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бақылауымен жүзеге асырады.
- Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қосқандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімімен ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан ветеринариялық препараттарды бөледі.
- Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» қаулысымен бекітілген жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою ережелеріне және жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғаларға, жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарына сәйкес құны өтеледі.
- Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша ЖАО шешімімен карантинді немесе шектеу iс-шараларын алу туралы шешім қабылданады. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО шешімімен карантинді алып тастау туралы шешім қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында қарастырылған жағдайларда, уәкілетті орган шектеу шараларын белгілейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ветеринария саласындағы атқарылатын міндетті іс- шаралардың бірі. Бірдейлендіруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен реттеледі. Жануарларды есепке алу рәсімі жануарларға жеке нөмір беруді қамтиды, ол жануар иесі өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бірдейлендіру нөмірін бергеннен кейін компьютерлік деректер базасына ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізеді және ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға сырға салынады немесе таңба басылады. Бірдейлендіру қорытындылары бойынша деректер бүкіл Қазақстан аумағындағы бірыңғай мемлекеттік компьютерлік дерекқорға енгізіледі. Ол мал басының есебін жүргізуді ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, әр жануар бойынша ветеринариялық манипуляциялардың тарихын сақтауға мүмкіндік береді. Деректер базасында ветеринариялық- профилактикалық іс-шаралардың мәліметтері көрсетіледі, олардың негізінде ветеринариялық ілеспе құжаттар рәсімделеді. Ел аумағындағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатады. Егер иелігіңізде бірдейлендірілмеген жануарлар болса аталған ветеринариялық қызметтер көрсетілмейді:
– Ұрланған (табылған) жануардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес (бірдейлендірілген жануарды табу және оны иесіне қайтару оңайырақ).
– Бірдейлендіру нөмірінсіз мал дәрігері тарапынан ветеринарлық анықтама рәсімделмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдері келесі жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіру қажет.
– Бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
– Құлындар төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде).
– Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарында күтіп- бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
– Тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп- бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін. Әрбір ауылшаруашылығы жануарларын ұстап отырған мал иелеріне ветеринар мамандар тарапынан ұсыныстар:
– Дер кезінде, ең бастысы өз жануарларыңызды бірдейлендіру керек;
– Сатып алу, сату, сою, төлдеу, жануарлардың сырғаларын жоғалту кезінде үш күн ішінде ветеринар маманға хабарласуыңыз керек. Бұл компьютерлік деректер базасында толық және сенімді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Иелігіңіздегі жануарларды бірдейлендіру және есепке алу мәселелері бойынша жергілікті ветеринариялық станциясы мамандарына міндетті түрде жүгіну қажет.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру-дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі. Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатады: Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдері келесі жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей сәйкестендіріледі: бұзаулар, қозылар, лақтар, түйелер – туған күнінен бастап жеті күн өткен соң; құлындар-төрт айлық жастан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткен соң (чиптеу кезінде); тақ тұяқты жануарлардың төлдері (есектер, қашырлар, пони, зебра, Құлан және басқа да жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткен соң (чиптеу кезінде); асыл тұқымды торайлар, одан әрі өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және жұртшылық шаруашылықтарында күтіп – бағылатын торайлар-туған күнінен бастап жеті күн өткен соң; ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермер қожалықтарында ұсталатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа толғанға дейін кейіннен союға арналған торайлар-туған күнінен бастап жеті күн өткен соң; ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермер қожалықтарында күтіп – бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған торайлар-тоғыз айлық жас басталған күннен бастап жеті күн өткен соң. Ауыл шаруашылығы жануарлары бар халықтан барлық мал басын бірдейлендіруді жүргізуді табанды түрде сұраймыз. Ветеринария туралы Заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ветеринариялық ұйымға (вет. станция) жаңадан сатып алынған жануар, алынған төл, оны сою және өткізу туралы. Төлдерді бірдейлендіруді уақтылы жүргізбегені үшін ветеринариялық заңнамада ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қазақ халқы ежелден төрт түлік малына аса мән беріп, күн көріс құралы ретінде бағалаған. Осы салтымыз қазіргі күні де өзектілігін жойған жоқ. Әсіресе, халықтың басым бөлігі қоныстанған аудан, ауылдарда мал санын өсірумен қатар мал тұқымын асылдандыру көптеп қолға алынуда. Бұл өз кезегінде ветеринариялық іс-шараларды атқару және адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті аурулардың алдын алуда жүргізілетін ауқымды жұмыстарды қамтиды. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіріп, ҚР АШМ дерекқор базасына енгізу арқылы жануарлардың есебін анықтау және оларды аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу аса маңызды іс-шара. Бірдейлендірілген жануарлар аса қауіпті ауруларға қарсы мемлекет есебінен тегін егіледі. Осыған орай жануарларды бірдейлендірудің қазіргі заман талабына сай әдістері де қолданысқа келуде. Бұрын жылқы жануарына пайдаланылатын таңбалау әдісі кезінде (ыстық, суық тәсілдермен күйдіріп таңбалар басу) қиындықтармен қатар жануарларға зиянды жақтары да (механикалық соққы алу, құлау, сүйек сыну, дене мүшелеріне зақым келу, іш тастау, т.б.) орын алатын. Ал, қазір чиптеу арқылы бірдейлендіру тиімді әдіс болып отыр. Себебі, чип арнайы шприцпен жануардың тері астына салынады және өмір бойына сақталады. Чиптеу әдісін барлық жануарлардың түріне пайдалануға да болады. Сонымен қатар, аша тұяқты жануарларға (мүйізді ірі қара, түйе, уақ мал, шошқа) салынатын сырғаның чиптелген электрондық түрін (радиожиелікті) алуға болады. Бұндай сырға салынған жануарлар «Ақпараттық-талдау жүйесі (ИАС)» Республикалық мал шаруашылығы жүйесіне бірден тіркеліп тұрады. Электрондық сырға да, чип те сканер арқылы оқылады. Сканерді мал егесі сатып алуына да болады немесе ветеринариялық ұйымдардағы сканерді пайдалануға болады. Мал егесі сатып алған электрондық сырға мен чипті ветеринариялық ұйымдардың мамандары тегін салып береді.