Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2025 жылғы Ұлттық Ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге бағытталған жиын өтті. Жиынға дербес бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдігінің мамандары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Бәйдібек аудандық статистика басқармасының басшысы Сауран Жақыпбеков хабарлама жасап, санақ жүргізуде басшылыққа алынатын ережелер мен талаптарын және аудан бойынша жүргізілетін санақ науқанының мақсаты мен міндеттеріне, статистика басқармасымен бірге атқарылатын жұмыстар легін баяндап, санаққа енетін нысандардың тізімін ұсынды.
Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Биыл елде саланың жай-күйі туралы маңызды деректер беретін ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Санақтың мақсаты – экономиканың аграрлық секторының дамуын болжау мақсатында ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу.Жиналған деректер ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеуге, іріктемелік бақылаулар мен бір реттік есепке алуды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңартуға қызмет етеді.Санақтан алынған мәліметтер ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін пайдаланылатынын атап өткен жөн.Санақ жүргізіледі:заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары үшін онлайн режимінде 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін жеке қосалқы шаруашылықтар үшін – 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында планшеттерді қолдану арқылы сауалнама әдісіменАуыл шаруашылығы тауар өндірушілерін атсалысуға шақырамыз, жалпы саланың болашағы сіздерге байланысты.
Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң ережесi мен мерзiмдерi:
- Ауыл шаруашылығы санағының мақсаты ауыл шаруашылығының белгiлi бiр күнгi құрылымы мен жай-күйi туралы ақпарат жинау болып табылады.
1) ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығының белгiлi бiр күнгі құрылымы мен жай-күйi туралы ақпарат жинау мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ;
2) ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерi – ауыл шаруашылығы санағының объектiлерiне иелiк ететiн жеке және заңды тұлғалар;
3) ауыл шаруашылығы санағының объектiлерi – жер (саяжай) учаскелерi, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiк алқаптары, жемiс-жидек екпелерi, жүзiмдiктер, ауыл шаруашылығы жануарлары, ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөлiк, ауыл шаруашылығының өндiрiстiк үй-жайлары мен жабдығы және ауыл шаруашылығы қызметiн көрсетуге байланысты өзге де мамандандырылған үй-жайлар;
4) сұхбат жүргiзушi – санақ парақтарындағы сұрақтар бойынша ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерiне сұрау салуды жүзеге асыратын адам;
5) нұсқаушы-бақылаушы – ауыл шаруашылығы санағы объектiлерiнiң толық қамтылуына, санақ парақтарындағы деректердiң дұрыстығына бақылауды, сондай-ақ сұхбат жүргiзушiнiң жұмысына нұсқау беру мен бақылауды жүзеге асыратын адам;
6) санақ парағы – ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерi туралы мәлiметтерi бар белгiленген үлгiдегi құжат;
7) уәкiлеттi орган – мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын, өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын орталық атқарушы орган.
- Ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi
- Ауыл шаруашылығы санағы санақ парақтарын толтыру жолымен:
1) сұхбат жүргiзушiлердiң жеке тұлғаларға сұрау салу жүргiзу әдiсiмен;
2) заңды тұлғалардың өздерi толтыруы әдiсiмен жүзеге асырылады.
- Санақ парақтары уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде толтырылады.
- Ауыл шаруашылығы санағы кемiнде он жылда бiр рет өткiзiледi және бiрнеше кезеңмен жүргiзiлуi мүмкiн. Ауыл шаруашылығы санағы дайындық, негiзгi және қорытынды кезеңдердi қамтиды.
- Дайындық кезеңi 2 (екi) жыл iшiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Дайындық кезеңiнде мынадай iс-шаралар iске асырылады:
1) уәкiлеттi органның ауыл шаруашылығы санағын өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеуi;
2) ауыл шаруашылығы санағын өткiзу кезiнде атқарушы билiк органдарының келiсiлген iс-қимылдарын үйлестiрудi және қамтамасыз етудi, мәселелердi жедел шешудi жүзеге асыру үшiн республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссияларын құру. Комиссиялардың құрамына әрбiр деңгейге сәйкес орталық атқарушы органның жауапты хатшысы ( белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыстардың, аудандар мен қалалар әкiмдiктерiнiң басшылары кiредi;
3) уәкiлеттi органның ауыл шаруашылығы санағын өткiзу жөнiнде санақ парақтарын, әдiснамалық, нұсқаулық құралдарды әзiрлеуi және бекiтуi;
4) облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң ауыл шаруашылығы санағы субъектiлерiнiң тiзiмiн қалыптастыруы, нақтылауы және уәкiлеттi органға ұсынуы;
5) уәкiлеттi органның ауыл шаруашылығы санағының деректерiн енгiзу және өңдеу үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi, ауыл шаруашылығы санағын өткiзу үшiн оқыту бағдарламалары мен құралдарды әзiрлеудi ұйымдастыруы, сондай-ақ санақ кадрлары үшiн оқыту семинарларын өткiзудi ұйымдастыруы;
6) уәкiлеттi органның, ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссияларының және санақ кадрларының ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерi мен халық арасында ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң мақсаттары мен тәртiбi туралы бұқаралық-түсiндiру жұмысын жүргiзуi;
7) уәкiлеттi органның санақ кадрларын iрiктеуi және олармен ауыл шаруашылығы санағына қатысуға шарттар жасасуы;
8) уәкiлеттi органның санақ кадрлары қатарынан аудан деңгейiнде санақ бөлiмдерiн, ауылдық округ деңгейiнде нұсқаушылық және есептеу учаскелерiн құруы.
- Негiзгi кезең 7 (жетi) ай iшiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Негiзгi кезеңде мынадай iс-шаралар iске асырылады:
1) сұхбат жүргiзушiлердiң алынған мәлiметтердi санақ парақтарына түсiре отырып, ауыл шаруашылығы субъектiлерiне сұрау салуы. Әрбiр сұхбат жүргiзушi сұрау салуға жататын субъектiлердiң тiзбесiн нұсқаушы-бақылаушылар анықтайды;
2) санақ бөлiмiнiң сұрау салу аяқталғаннан кейiн санақ парақтары деректерiнiң дұрыстығын және ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерiн қамтудың толықтығын анықтау үшiн ауыл шаруашылығы санағы субъектiлерiнiң кемiнде 10%-ын қамти отырып, iрiктемелi бақылап аралауды ұйымдастыруы;
3) санақ бөлiмiнiң санақ парақтарын уәкiлеттi органға беруiн ұйымдастыруы;
4) уәкiлеттi органның санақ парақтары деректерiнiң түсуiне қарай оларды енгiзудi ұйымдастыруы.
- Қорытынды кезең 2 (екi) жыл iшiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Қорытынды кезеңде мынадай iс-шаралар iске асырылады:
1) уәкiлеттi органның ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларын шығаруы;
2) уәкiлеттi органның ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларын жиынтық және қорытылған деректер түрiнде жариялауды ұйымдастыруы.
- Қорытынды ережелер
- Ауыл шаруашылығы санағының қорытындылары әркiмге қолжетiмдi болып табылады және ресми жариялануға тиiс.
- Санақ құжаттамасының дербес мәлiметтерi құпия болып табылады, жария етуге жатпайды және статистикалық мақсаттар үшiн ғана пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізі, азық-түлік қауіпсіздігінің тірегі әрі халықты жұмыспен қамтудың маңызды саласы. Әлемдегі кез келген мемлекет аграрлық секторды дамытуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Бұл орайда, ауыл шаруашылығы саласын тиімді басқару мен дамыту үшін нақтылы, шынайы деректер аса маңызды рөл атқарады. Сол маңызды дереккөздердің бірі – Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы деген не? Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – ел аумағындағы ауыл шаруашылығы саласының толық көрінісін ашатын, мемлекет көлемінде жүргізілетін ірі статистикалық зерттеу. Ол егіншілік, мал шаруашылығы, техникамен жарақтану, жер пайдаланудың құрылымы, еңбек ресурстары мен өндірістік қуаттарды қоса есептегенде, ауыл шаруашылығының барлық аспектілерін қамтиды. Санақ әрбір шаруашылықтың (шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, агроөнеркәсіптік кәсіпорындар, жеке қосалқы шаруашылықтар) нақты жағдайын тіркеп, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі мен құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.
Санақтың маңызы неде?
- Шынайы статистикалық деректер алу. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығы саласындағы ең толық әрі сенімді деректер көзі. Өйткені ол: ауыл шаруашылығы жерлерінің нақты көлемін, егістік құрылымын, мал басын, техникалық жарақтандыру деңгейін, суармалы егіншілік жағдайын, еңбек ресурстарының санын және басқа да маңызды көрсеткіштерді анықтайды. Осы деректердің негізінде мемлекет шынайы жағдайды бағалайды.
- Ауыл шаруашылығы саясатын дұрыс жоспарлау. Шынайы деректерсіз ауыл шаруашылығының даму стратегиясын құру мүмкін емес. Санақ нәтижесі: субсидияларды әділ бөлуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу салаларын теңгерімді дамытуға, ішкі және сыртқы нарыққа бағдарлануға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мысалы, қай өңірде қандай дақыл тиімді өсірілетіні, қай облыста мал басы артып немесе кеміп жатқаны санақта анық көрінеді. Соған қарай инвестициялық жобалар жасалып, мемлекеттік қолдау бағыттары нақтыланады.
- Ауыл инфрақұрылымын дамыту. Санақ барысында ауылдағы инфрақұрылымдық жағдай да зерттеледі: ауыл жолдарының жағдайы, электр және су жүйесі, интернетке қолжетімділік, техника мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі. Бұл деректер ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды шешімдер қабылдауға негіз болады. Мәселен, қай өңірде су тапшылығы бар, қай жерде техника жетіспейді – осының бәрі санақта айқындалады.
- Ғылыми зерттеулер мен инновацияға негіз. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының деректері ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер үшін баға жетпес ақпарат. Олар деректерді талдап: жаңа технологияларды енгізу, топырақ құнарлылығын арттыру, жаңа дақыл түрлерін сынау, климаттың өзгеруіне бейімделу жолдарын ұсынады. Сондықтан санақ нәтижесі ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға серпін береді.
- Халықаралық міндеттемелерді орындау. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO), Дүниежүзілік банк сынды халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде ауыл шаруашылығына қатысты халықаралық есептіліктерге міндетті. Санақ деректері осы есептерді әзірлеуге, Қазақстанның халықаралық рейтингтерін арттыруға мүмкіндік береді. Санақ өткізу ерекшеліктері. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – ең ауқымды және күрделі статистикалық іс-шаралардың бірі. Оның ерекшеліктері: Ел бойынша барлық ауылдық елді мекендер қамтылады. Деректер электронды жүйе арқылы жиналады, бұл деректердің дәлдігі мен өңдеу жылдамдығын арттырады. Санаққа кәсіби статист мамандар қатысады. Жиналған деректер құпия сақталады және тек статистикалық мақсатта қолданылады. Санақтың ел дамуына әсері. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының деректері тек ауыл шаруашылығы саласына ғана емес: экономикалық жоспарлауға, әлеуметтік бағдарламаларды құруға, ауылдық жердегі кедейшілікпен күреске, өңірлік дамуды теңестіруге үлкен әсер етеді. Сондықтан санақ тек агроөнеркәсіп саласы үшін емес, елдің жалпы даму стратегиясы үшін маңызды құрал болып саналады. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, ауыл экономикасын дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі іргетасы. Ол ауыл шаруашылығы саласындағы ахуалды шынайы көрсетіп, мемлекетке дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы – біздің болашағымыз. Ал сол болашақты дұрыс жоспарлау үшін дәл, сенімді ақпарат қажет. Бұл міндетті Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы абыроймен атқарып келеді.
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығы саласының нақты жағдайын жан-жақты бағалайтын, елімізде белгілі бір мерзім сайын жүргізілетін ірі статистикалық зерттеу. Санақ барысында: егістік жер көлемі мен оның құрылымы, мал шаруашылығы өнімдері мен мал басы саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтары, еңбек ресурстарының саны, суармалы жерлердің жағдайы, ауыл шаруашылығындағы өндірістік қуаттар мен инфрақұрылым сияқты маңызды деректер жинақталады. Бұл мәліметтер ел көлемінде де, әр аудан деңгейінде де аграрлық саясатты дұрыс қалыптастырудың негізі болып саналады. Бәйдібек ауданы үшін санақтың маңызы. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы – табиғаты әсем, таулы-қыратты өңір. Мұнда халықтың негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы. Ауданның көп бөлігі мал шаруашылығымен айналысса, соңғы жылдары егіншілік те дамып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Бәйдібек ауданында ұлттық ауыл шаруашылығы санағының маңызы бірнеше қырынан көрінеді. 1. Шынайы дерек алу. Бәйдібек ауданында қанша гектар егістік бар? Қай жерде қандай дақыл егіледі? Мал басы қанша? Қанша шаруа қожалығы жұмыс істейді? Мұндай сауалдарға нақты жауапты ауыл шаруашылығы санағы береді. Бұл деректер: мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлау, субсидия бөлу, инфрақұрылымды дамыту үшін аса маңызды. Мысалы, Бәйдібек ауданында мал шаруашылығы дамығанымен, кейбір ауылдарда жайылым тапшылығы бар. Осындай мәселелер санақ барысында анықталып, шешу жолдары қарастырылады. 2. Шаруаларға мемлекеттік қолдауды әділ бөлу. Субсидиялар мен жеңілдетілген несие беру ісі шынайы мәліметтерге сүйенгенде ғана әділ болады. Санақ нәтижесі: қай өңірде мал саны артқанын, қай ауданда суармалы жер жетіспейтінін, қай ауыл шаруашылығы техникасы тозғанын көрсетеді. Бәйдібек ауданында кейбір ауылдарда егіншілік үшін су жетіспейді. Санақтың нәтижесі осы мәселені шешу үшін маңызды дерек көзіне айналады. 3. Ауыл инфрақұрылымын дамыту. Бәйдібек ауданының кейбір ауылдарында: жол сапасы нашар, электр желілері ескірген, ауыз суға қолжетімділік шектеулі. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы тек өндірістік көрсеткіштерді ғана емес, ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымдық жағдайын да есепке алады. Бұл деректер ауданның әлеуметтік бағдарламаларын нақтылауға көмектеседі. 4. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бәйдібек ауданының ауыл шаруашылығы Түркістан облысының азық-түлік қорын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қай өнімнің жеткілікті, қай өнімнің тапшы екенін білу үшін санақ деректері қажет. Мәселен, сүт өндіру, ет өндіру немесе астық қоры бойынша аудан үлесі мен әлеуеті санақта айқындалады. 5. Халықаралық міндеттемелерді орындау.Қазақстан ауыл шаруашылығы саласы бойынша халықаралық ұйымдарға есеп береді. Бәйдібек ауданынан алынған мәліметтер елдік есепке қосылып, Қазақстанның FAO (БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) сияқты ұйымдарға ұсынатын ресми статистикасына кіреді. Санақ өткізу ерекшеліктері. Бәйдібек ауданында санақ жүргізуге статистика басқармасы мен жергілікті әкімдік бірлесіп жауапты. Деректер арнайы планшеттер арқылы электронды түрде жиналады, бұл деректердің дұрыстығы мен тез өңделуін қамтамасыз етеді. Санақ барысында барлық ақпарат құпия сақталады және тек статистикалық мақсатта пайдаланылады. Шаруа қожалықтарына, фермерлерге, ауыл тұрғындарына сауалнамалар жүргізіледі. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – еліміздің аграрлық дамуын бағдарлайтын ең маңызды құралдардың бірі. Түркістан облысы, оның ішінде Бәйдібек ауданы үшін бұл санақтың маңызы зор. Өйткені шынайы дерексіз даму болмайды. Санақ нәтижесі: мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға, шаруаларға әділ қолдау көрсетуге, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізеді. Сондықтан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жауапкершілікпен қарау – Бәйдібек ауданы халқының ортақ міндеті. Өйткені бұл – біздің бүгінімізді және болашағымызды жоспарлаудың кепілі.