• Latest
Жетісай ауданында биыл тамшылатып суғару тәсілі 8 мың гектарға енгізіледі

Жетісай ауданында биыл тамшылатып суғару тәсілі 8 мың гектарға енгізіледі

01/07/2025
Саурандық мемлекеттік қызметшілерге сенім мен жауаптылықты арттыру мақсатында аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

Саурандық мемлекеттік қызметшілерге сенім мен жауаптылықты арттыру мақсатында аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

01/07/2025
Жетісайлық шаруаларға мемлекеттік қолдау көп

Жетісайлық шаруаларға мемлекеттік қолдау көп

01/07/2025
Жетісайда аудан әкімі елді мекендеріндегі ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен танысты

Жетісайда аудан әкімі елді мекендеріндегі ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен танысты

01/07/2025
Жетісайдың алғашқы қауындары Ресейге жөнелтілуде

Жетісайдың алғашқы қауындары Ресейге жөнелтілуде

01/07/2025
Бәйдібек ауданы: Ауыл шаруашылығы саласында мақта өңдеу кешені бой көтереді

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығында ауқымды инвест жобалар қолға алынуда

30/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында қожалықтар қолдау тауып келеді

30/06/2025
Бәйдібек ауданында ауылшаруашылығы санағын жүреді

Бәйдібек ауданында ауылшаруашылығы санағын жүреді

30/06/2025
Бәйдібек ауданында көктемгі егін егу жұмыстары жүрді

Бәйдібек ауданында көктемгі егін егу жұмыстары жүрді

30/06/2025
Бәйдібек ауданы: Ауыл шаруашылығы саласында мақта өңдеу кешені бой көтереді

Бәйдібек ауданы: Ауыл шаруашылығы саласында мақта өңдеу кешені бой көтереді

30/06/2025

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді

30/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық және диагностикалық іс-шаралар жүргізілді

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық және диагностикалық іс-шаралар жүргізілді

30/06/2025
Бәйдібек ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Бәйдібек ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

30/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Tuesday, July 1, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Жетісай ауданында биыл тамшылатып суғару тәсілі 8 мың гектарға енгізіледі

01/07/2025
in Қоғам
0
Жетісай ауданында биыл тамшылатып суғару тәсілі 8 мың гектарға енгізіледі
492
SHARES
1.4k
VIEWS

Жетісайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тәуекелділігі жоғары ағын су тапшылығының алдын алып, өнімділікті арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісін енгізу жұмыстары қызу жүргізілуде. Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов атқарылып жатқан жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысып, шаруалармен тілдесті. Су үнемдеу технологиясының тиімділігі мен мүмкіндіктері жайында сұхбаттасты. Отандық агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерінің бірі саналатын ағын суды үнемдеу технологиясы бүгінде 5041 гектарға енгізілген ауданда жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8000 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл облыс көлеміндегі жоғарғы көрсеткіштердің бірі.

«Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында елімізде ылғал үнемдеу технологиясын 1,4 млн гектарға ендіру қарастырылса, оның ішінде Түркістан облысының үлесі 16% немесе 216,3 мың гектарды құрайтын болады.

Бұл жаһандық жылыну процесі мен жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі мен ысырапшылдық сияқты келеңсіздіктердің алдын алуда оң ықпал етері сөзсіз.

Айта кетейік, егістікке қажетті ағын су тапшылығын жоюға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде Жетісай ауданында өткен жылы 23 гектар жерде жылыжай шаруашылықтары орналастырылған болса, биылғы жылы тағы 5 гектар жерге жылыжай салынуда. Ал, өнім көлемін арттыру мақсатында 1158 гектар жерден жылына 2-3 өнім алынуда. Тамшылатып суғару – ең алдымен судың ысырабы азайтып, екіншіден, өнім көлемі арттыратын суғарудың үнемді әдісі. Тамшылатып суғару өнеркәсіптік көлемде алқашқы рет Израильде өткен ғасырдың ортасында зерттеліп, өндіріске енгізілген. Қазіргі кезде бұл әдісті бүкіл дүниежүзі мемлекеттері озық технология ретінде қолданады. Тамшылатып суғару, тәжірибе көрсеткендей, бау-бақша, жүзім, гүл, газондық шөптер және көкөніс дақылдарын егуде өте тиімді. Бұл әдіспен егіліп алын­ған өнім бұрынғы әдіспен егілген өнімнен 7-8 есе, ал кей жағдай­ларға 10 есеге дейін артық өнім береді. Су көздері тапшы немесе жоқ жерлерде оның маңызы орасан зор және таптырмайтын әдіс. Бұл әдісті қолданып суғарғанда қатар аралықтарының арасы ылғалданбағандықтан арам шөп шықпайды. Су көздері ретінде сква­жина, суғару трубалары, ша­ғын арықшалар, каналдар (канал­дың толып ағуы міндетті емес), колонкалар және әртүрлі су жина­латын ыдыстар (бөшке, цистерна т.б.) пайдаланылады. Бұл әдісті пайдалану аяқ судың келуін күт­пей-ақ ерте көшетпен егілетіндік­тен өнімнің өте ерте пісуіне әкеледі. Ол жабық (жылыжай) және ашық жерлерде бірдей пайдалануға мүм­кіндік береді. Тыңайтқыш суда ері­тіліп өсімдіктің тікелей тамырына беріледі. Қазіргі кезде дүние жүзінде там­шылатып суғару екі түрлі жағ­дайда жүргізіледі. Біріншісі, шлан­галы түтіктер (израильдік) арқылы болса, екіншісі, ленталы түтіктер (америкалық) арқылы. Бұлардың айырмашылығы олардың салма­ғында: израильдік шлангілі труб­каларға қарағанда ленталы труб­калар әлдеқайда жеңіл (1000 есеге дейін) және сатып алу бағалары өте арзан. Бұл ленталы трубкалармен су­ғару әдістерін пайдалану қазіргі кезде негізінен арнаулы техника­мен үлкен алқаптарда егу проце­сімен бір мезгілде іске асырылады. Тамшылатып су­ғару әдісін аз көлемді жерлерде (есік алды, саяжай және аз көлемді жері бар фермаларда) пайдалануға болады. Аз кө­лемді және алқапты жерлерде де ленталы трубкалармен тамшыла­тып суғарып егу тиімді. Күзде егіс мерзімі аяқталысымен құрылғылар оңай жиналып, кез келген жабық ғима­раттарда сақталады. Көктем­де оларды қайтадан пайдалануға болады. Жалпы, бұл әдісті пайдалану өнімнің өзіндік құнын 10 есеге дейін арзандатуға қол жеткізеді.

Су ресурстарын тиімді пайдалану аграрлық саланың қарыштауына бастайтын негізгі жолдың бірі. Қазақстан аумағының 29%-ы далалық, 44%-ы шөлді аймақ болғандықтан, осы шөлді аумақты шаруаға қолайландыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Егістік алқаптарынан мол өнім алу үшін, сәйкесінше баптау жұмыстары да үздіксіз жүріп отыруы тиіс және ол шаруаға да, мемлекетке де қолайлы болу керек. Қазақстанда бұрыннан егістік алқаптары дәстүрлі түрде арық-тоғандар арқылы ағыстық тәсілмен суарылады. Ал Батыс Еуропалық елдердің өнімді суаруға енгізген жаңа тәсілдері бар. Соның бірі – тамшылатып суару. Тамшылатып суару – өсімдіктің тікелей тамырлық зонасына құбырлар, түтіктер, эмиттер көмегімен суды баяу тамшылату арқылы суаруға мүмкіндік теретін тәсіл. Сонымен қатар, оны тыңайтқыштарды үнемдейтін ерекше суару түрі деп те атайды. Тамшылатып суару әдісі бүгінде Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Ақылды технологияларды агросалаға енгізгелі бұл тәсіл шет елдерде арнайы құрылғылардың көмегімен жұмыс жасауда. Алайда, бұл жаңа технологиялар тамшылатып суару әдісінің жақын аралықта пайда болғанын білдірмейді. Оның тарихы б.з.б. І ғасырдан бастау алады. Бұл кезеңде тамшылы суарудың қарапайым түрі қолданылған. Сол заманның ғұламалары өз еңбектерінде егістікті суару үшін жерге сумен толтырылған қыш құмаралардың көмілгендігін жазған. Яғни, жерді ылғалдандыру үшін егін егушілер ортасында осындай әдіс қолданылған. Тарихи деректер бойынша, заманауи тамшылатып суару  1860 жылы Германиядан бастау алған. Тамшылатып суару кезінде құбырдың бітелуінің алдын-алу үшін арнайы сүзгілер қолданылады. Ережелер бойынша, ауыз су ретінде пайдануға сәйкес тазартылмаған суды ауада шашуға да рұқсат етілмейді екен. Дұрыс жоспарланып, жобаланған және басқарылған суару жүйесі булануды азайтып, су ресурстарының сақталуына септігін тигізеді. Себебі, бұл әдіс арқылы судың өсімдік тамырына жетуі дәлірек жүреді.

Тамшылатып суару әдісінің негізгі артықшылықтары:

  • алқапты тегістеуді қажет етпейді;
  • топырақ эрозиясы азаяды;
  • арамшөптер жиі шықпайды;
  • басқа суару түрлеріне қарағанда, еңбек құны аз;
  • тыңайтқыштар мен құнарлы заттардың жоғалуын азайтады;
  • ең негізгісі, суды үнемдейді.

Тамшылатып суару әдісінің кемшіліктері:

  • технологияларды сатып алу үшін, алғашында көп шығын шығады;
  • жабдық қадағаланбаса бітелуге әкеледі;
  • құбырлар кеміргіштердің кесірінен жиі жарамсыз болып қалады.

Шет мемлекеттерде бұл әдісті көбіне жылыжайларда, аспалы бақтарда қолданады. Тамшылап суару – тамырға суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды біркелкі жеткізу үшін де қолданылады. Өсімдікті суару үшін құбырларды топырақтың астымен де, үстімен де жүргізуге болады. Бүгінде бұл әдістің тиімділігін еліміздің шаруагерлері жақсы біледі. Осыған сәйкес, осы жүйеге өтіп жатқандардың да саны көбейіп келеді. Осы әдіспен суару жүйесіне көшкен шаруалар саны күн санап арта берер болса, еліміздің агросаласының жаңа белеске шығары анық. Бүгінгі таңда жер шарында су тапшылығы өткір мәселелердің біріне айналып отыр. Әсіресе, ауыл шаруашылығында су қорын үнемдеу және тиімді пайдалану аса маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, тамшылатып суғару технологиясы – суды үнемдеп, егіншіліктің өнімділігін арттыратын озық әдіс. Бұл тәсіл көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да белсенді түрде қолданыла бастады. Тамшылатып суғару – егіншілік саласының болашағы деп сеніммен айтуға болады. Тамшылатып суғару тәсілінің мәні. Тамшылатып суғару – өсімдіктердің түп аймағына суды аз мөлшерде, тамшы түрінде жеткізетін әдіс. Мұнда су арнайы түтікшелер немесе ленталар арқылы жеткізіледі. Әр түптің түбіне орнатылған тамшылатқыш құрылғылар суды қажетті мөлшерде және уақытында береді. Бұл тәсілдің басты ерекшелігі – судың тек өсімдіктің тамыр аймағына бағытталуы және булану мен сіңіп кету шығынын азайтуы.

Тамшылатып суғару тәсілінің артықшылықтары:

  1. Су үнемділігі. Тамшылатып суғару суды 30-50%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі арық немесе атызбен суғару кезінде судың едәуір бөлігі буланып немесе сіңіп кетеді, ал тамшылатып суғару бұл шығынды азайтады.
  2. Өнімділіктің артуы: Өсімдіктер қажетті суды дер кезінде және дәл мөлшерде алады. Бұл олардың стресс жағдайына түсуін азайтып, өсуін тездетеді. Нәтижесінде өнім 20-40%-ға дейін артады.
  3. Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану:Тамшылатып суғару жүйесі арқылы суда еріген тыңайтқыштарды да тікелей тамырға жеткізуге болады. Бұл тыңайтқыштардың ысырабын азайтып, өсімдіктің қоректік заттарды жақсы сіңіруіне жол ашады.
  4. Топырақ құрылымын сақтау: Тамшылатып суғару кезінде топырақ шайылмайды, қатаймайды және қопсытылған күйде қалады. Бұл тамырдың оттегімен жақсы қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.
  5. Арамшөптермен күрес жеңілдейді: Су тек өсімдік түбіне берілетіндіктен, басқа жерлерге су бармайды. Бұл арамшөптердің өсуін тежеуге көмектеседі.
  6. Еңбек шығынын азайтады: Суғару процесі толықтай автоматтандырылып, адамның физикалық еңбегін жеңілдетеді. Уақыт пен күш үнемделеді.

Қаржылық тиімділік: Көпшілік тамшылатып суғару жүйесін қымбат деп санайды. Шынында, бастапқы орнату құны жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, су мен тыңайтқыш шығынының азаюы, өнімділіктің артуы, еңбек шығынын үнемдеу сияқты факторлар шығынды қысқа мерзімде ақтайды. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, тамшылатып суғару жүйесіне кеткен қаржы 2-3 жыл ішінде өз-өзін өтейді. Экологиялық маңызы: Тамшылатып суғару экология үшін де маңызды. Су үнемделеді, топырақтың тұздану қаупі төмендейді. Сонымен қатар, суды тиімді пайдалану арқылы су ресурстарын сақтау ісіне үлес қосады. Қазақстандағы тамшылатып суғару: Қазақстанда тамшылатып суғару жүйелері әсіресе Оңтүстік өңірлерде – Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында кең таралуда. Қарқынды бақтар, жылыжайлар және көкөніс алқаптары бұл тәсілді белсенді қолдануда. Мемлекет тарапынан да осы технологияны енгізуге қолдау көрсетіліп, субсидиялар бөлініп жатыр. Бұл әдіс тек егіншілікте ғана емес, жеміс-жидек, жүзім, көкөніс шаруашылығында да өз тиімділігін дәлелдеді. Тамшылатып суғару – заманауи ауыл шаруашылығының маңызды жетістіктерінің бірі. Ол суды үнемдеп қана қоймай, өнімділікті арттырады, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және фермерлерге экономикалық пайда әкеледі. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін тамшылатып суғару технологиясын кеңінен қолдану аса маңызды. Бұл – болашақтың талабы әрі су тапшылығына қарсы күрестегі ең тиімді жолдардың бірі.

Previous Post

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығында ауқымды инвест жобалар қолға алынуда

Next Post

Жетісайдың алғашқы қауындары Ресейге жөнелтілуде

Related Posts

Саурандық мемлекеттік қызметшілерге сенім мен жауаптылықты арттыру мақсатында аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

Саурандық мемлекеттік қызметшілерге сенім мен жауаптылықты арттыру мақсатында аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

by Алаш Ақпарат
01/07/2025
0

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл Бекзат Абубакиров ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізіп, Әдеп кодексінің жаңа талаптары...

Жетісайлық шаруаларға мемлекеттік қолдау көп

Жетісайлық шаруаларға мемлекеттік қолдау көп

by Алаш Ақпарат
01/07/2025
0

Ауыл шаруашылығы саласы – аудан экономикасының негізгі драйвері десек қателеспейміз. Өйткені, ол үшін ауданда барлық потенциал бар.Жетісай ауданында ауыл тұрғындарының...

Жетісайда аудан әкімі елді мекендеріндегі ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен танысты

Жетісайда аудан әкімі елді мекендеріндегі ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен танысты

by Алаш Ақпарат
01/07/2025
0

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындармен өткізген есептік кездесулері мен жеке қабылдауларында айтылған ауыз су мәселелеріне, елді мекендердің санитарлық...

Жетісайдың алғашқы қауындары Ресейге жөнелтілуде

Жетісайдың алғашқы қауындары Ресейге жөнелтілуде

by Алаш Ақпарат
01/07/2025
0

Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 43 мың гектарына мақта шитін сепсе, 16,7 мың гектар жерге бақша,...

Next Post
Жетісайдың алғашқы қауындары Ресейге жөнелтілуде

Жетісайдың алғашқы қауындары Ресейге жөнелтілуде

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Саурандық мемлекеттік қызметшілерге сенім мен жауаптылықты арттыру мақсатында аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

Саурандық мемлекеттік қызметшілерге сенім мен жауаптылықты арттыру мақсатында аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Саурандық мемлекеттік қызметшілерге сенім мен жауаптылықты арттыру мақсатында аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

Саурандық мемлекеттік қызметшілерге сенім мен жауаптылықты арттыру мақсатында аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

01/07/2025
Жетісайлық шаруаларға мемлекеттік қолдау көп

Жетісайлық шаруаларға мемлекеттік қолдау көп

01/07/2025
Жетісайда аудан әкімі елді мекендеріндегі ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен танысты

Жетісайда аудан әкімі елді мекендеріндегі ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен танысты

01/07/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Саурандық мемлекеттік қызметшілерге сенім мен жауаптылықты арттыру мақсатында аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

Жетісайлық шаруаларға мемлекеттік қолдау көп

Жетісайда аудан әкімі елді мекендеріндегі ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен танысты

Жетісайдың алғашқы қауындары Ресейге жөнелтілуде

Жетісай ауданында биыл тамшылатып суғару тәсілі 8 мың гектарға енгізіледі

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығында ауқымды инвест жобалар қолға алынуда

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,558)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In