Кентау қалалық “Жастар ресурстык орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алу мақсатында жастар көп шоғырланатын мекемелерге, орталық, көшелерге ескертпелер таратылды.
Мақсаты – есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу. Жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарлату, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу – жастардың қолымызда, себебі жаңа дәуірде елді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ.
Мамандардың айтуынша, есірткіге тәуелділік есірткі заттарды қолданудан болатын ауруды білдіреді – ол гректің «ступор» және «ессіздік, ынта» сөздерінен шыққан. Басқаша айтқанда, нашақорлық адамның есірткі туралы үнемі ойланып, психикалық ыңғайсыздықтан арылу және оған жағымды болып көрінетін сезімдерді алу үшін оларды кез келген әдіспен толтыруға тырысатын жағдайын білдіреді. Нәтижесінде ол адамгершілік шекарасынан оңай асып түседі – бұл оның отбасының бұзылуына және достарымен қарым-қатынасына әкеледі.Нашақорлықтың алдын алу шаралары қажеттілік болып табылады, өйткені ол нашақорға да, оның жақындарына да айтарлықтай зиян келтіреді. Есірткі – адамның миы мен психикасын баяу бұзатын у. Мидың зақымдануы мен жүйке жүйесінің дисфункциясына байланысты ішкі органдар нашарлай бастайды. Кокаинді және кейбір басқа да есірткілерді пайдаланатын адамдар 4 жылдан аспайды – олар жиі жүректің жарылуынан өледі. Морфинді пайдаланатындар 2-3 айдан кейін ақыл-ойдың жұмыс істеу қабілетін жоғалтады. Барлық нашақорлар денсаулығының ауыр проблемаларын бастан кешіреді (иммунитеті төмен болғандықтан), сондықтан ұзақ өмір сүрмейді. Нашақордың мүддесі тек қана есірткі заттарын өндіру мен пайдалануға бағытталғандықтан, оның байланыс шеңбері тарылып, негізінен қоғамға жат тұлғалардан тұрады. Нашақор бірте-бірте бәрін жоғалтады: жұмысынан, достарынан, отбасынан. Қоғам үшін ол мүлдем пайдасыз болып қалады, сондықтан қоғам нашақорлықтың өсуін азайтуға және тәуелді адамдарды толыққанды өмірге қайтаруға ұмтылады.
Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.
Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания,Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет. Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында – оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды. Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді. Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:
аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін – 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға;
оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға;
ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін – 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға;
есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға;
есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін.
Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген. Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек. Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.
Нашақорлық дегеніміз – есірткіні қолданудан туындаған ауру-гректің “ұйқышылдық” және “ессіздік, ынта”сөздерінен шыққан. Басқаша айтқанда, есірткіге тәуелділік дегеніміз-адамның Есірткі туралы үнемі ойлайтын және психикалық ыңғайсыздықты жою және оған жағымды болып көрінетін сезімдерді алу үшін оларды кез-келген жолмен толтыруға тырысатын жағдайы. Нәтижесінде ол адамгершілік шекарасынан оңай өтеді-бұл отбасының бұзылуына, достарымен қарым-қатынасқа әкеледі.Нашақорлықтың алдын алу шаралары қажеттілік болып табылады, өйткені ол нашақорға да, оның жақындарына да айтарлықтай зиян келтіреді. Есірткі-бұл адамның миын, оның психикасын баяу бұзатын улану. Мидың бұзылуы мен жүйке жүйесінің дисфункциясы салдарынан ішкі органдар бұзыла бастайды. Кокаин мен басқа да есірткілерді қолданатын адамдар 4 жылдан аспайды-көбінесе олар жүректің жарылуынан көз жұмады. Морфинді қолданатындар 2-3 айдан кейін психикалық белсенділік қабілетін жоғалтады.Барлық нашақорлар денсаулығына байланысты күрделі проблемаларды бастан кешіреді (иммунитеттің төмендігіне байланысты), сондықтан ұзақ өмір сүрмейді. Нашақордың мүдделері тек есірткі заттарын өндіруге және қолдануға бағытталғандықтан, оның қарым-қатынас шеңбері тарылып, негізінен қоғамға қарсы тұлғалардан тұрады. Нашақор біртіндеп бәрін жоғалтады: жұмыс орны, достары, отбасы. Қоғам үшін бұл мүлдем пайдасыз болады, сондықтан қоғам нашақорлықтың өсуін азайтуға және тәуелді адамдардың толыққанды өміріне оралуға тырысады.
«Біз мынадай бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керек. Алдымен, есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Нашақорлық әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек.» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде елдегі нашақорлықпен күреске қатысты осылай деген болатын. Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын халге түсіреді. Қазіргі кезде есірткіге қарсы күрес жүргізу үшін дүние жүзі мемлекеттері аянып жатқан жоқ. Соның ішінде еліміз де есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда.
Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Мамандардың айтуынша, нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүргендер баршылық. Есірткі тұтынатындар саны 2010 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқан. Демографиялық өзгерістерге негізделген болжам 2030 жылға қарай есірткіні қолданатындар саны дүние жүзінде 11%-ға артады дейді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, нашақорлық – адамзат баласының денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Ғасыр дертіне айналған есірткі, оны тұтынудың, оған тәуелділіктің алдын алу – бүгінгі күннің өткір мәселелерінің бірі.
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.
Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіредіБұларға гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Психотроптық заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті Есірткіге тәуелділіктің бастапқы профилактикасының мақсаты бұрын есірткі тұтынбаған адамдардың оны тұтынуды бастауының алдын алу болып табылады. Яғни күш-жігер аурудың дамуын ескертуге ғана емес, денсаулықты сақтау не нығайту.
Көптеген ата-аналар осындай жаман қылықтарға салынып, өз өмірін жалғастырып келе жатқан жас ұрпағына көңіл бөлмей, оларды аздырып тоздырып отыр. Қоғам сондай жандарды уақытында анықтап,оның ұрпағының азбауына жол бермей бір шаралар қолдану керек, бірақ осындай міндетті біздің қоғам әлі де болса дұрыс атқара алмай отыр деп ойлаймын. Бірақ әрине бар кінәні қоғамға да жаба салуға болмайды, себебі әр азамат пен азаматшаның дені сау болуы ең бірінші өздерінеде байланысты болады. Олай болса достар, денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептеймін. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.