• Latest
Кентаулық полицейлер 40-тан астам жол ережесін бұзған мопед жүргізушілерін жауапқа тартты

Кентаулық полицейлер 40-тан астам жол ережесін бұзған мопед жүргізушілерін жауапқа тартты

26/08/2024
ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

24/06/2025
Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

23/06/2025
Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

23/06/2025
Бәйдібек ауданында  «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

Бәйдібек ауданында «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өнімі биыл 5 айда 7,2 млрд теңгеге жетті

Бәйдібекте биылғы егін шаруашылығы мәселелеріне арналған мәжіліс өтті

Бәйдібекте биылғы егін шаруашылығы мәселелеріне арналған мәжіліс өтті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында 2025 жылғы ұлттық ауылшаруашылығы санағына дайындық мәселесі талқыланды

Бәйдібек ауданында 2025 жылғы ұлттық ауылшаруашылығы санағына дайындық мәселесі талқыланды

23/06/2025

ҚҰҚЫҚ ПЕН ТӘРТІП ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ!

23/06/2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN – 2025» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

21/06/2025
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

19/06/2025
Сайрам ауданы – түрлі этностың бірлігі жарасқан мекен

Сайрам ауданы – түрлі этностың бірлігі жарасқан мекен

18/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Wednesday, June 25, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Кентаулық полицейлер 40-тан астам жол ережесін бұзған мопед жүргізушілерін жауапқа тартты

26/08/2024
in Қоғам
0
Кентаулық полицейлер 40-тан астам жол ережесін бұзған мопед жүргізушілерін жауапқа тартты
505
SHARES
1.4k
VIEWS

Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлері мотокөліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында мотоцикл, скутер, мопед жүргізушілеріне жылдамдықты асырмай, жол жүрісі ережесін қатаң сақтау бойынша шаралар қабылдап, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері шара аясында бірқатар құқық бұзушылықтардың жолын кесті. Тәртіпті жіті қадағалайтын полицейлер жол ережесін бұзған 42 мопедті анықтап, жүргізушілеріне немесе заңды өкілдеріне шара көріп, айыптұраққа қойды.Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және оны болдырмауға күш салуда.

Мопед – көлемi 50 текше см-ден аспайтын мотормен қозғалысқа түсетін көлік. Екi немесе үш дөңгелектi, ал ең жоғары конструктивтi жылдамдығы сағатына 50 шақырым болады. Мопедке аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер және осындай сипаттағы басқа көлiк құралдары жатады. Күнделікті қаржы үшін қолданысқа ыңғайлы әрі жанар-жағармайды да көп қажет етпейтін мопед қарапайым халық үшін «құтты көлік» болып тұр. Мопед мінген жүргізушілердің дәрежесі велосипед айдаушылармен тең болғандықтан барар жеріне тез жету үшін арнайы жолақты басып өтіп, автомобиль жолдарын пайдаланады. Кептелісте кедергісіз қозғалатын бұл көлік түріне төнер қауіп те аз емес.

Былтыр 30 тамызда күшіне енген «Жол жүрісі туралы» заңдағы түзетулер мен 18 қыркүйекте жол ережесіне енген өзгеріске сай мопедші тротуар немесе жол жиегімен ғана емес, веложол және веложолақпен де жүре алмайды. Жол ережесінде мопедшіге арналған шектеулер бұл ғана емес. Мопед мінген адамға мыналарды істеуге болмайды: рөлді кем дегенде бір қолмен ұстамай жүргізуге, жолаушы тасуға (жолаушы тасуға арналған арнайы орны болмаса), жүк тасуға (жүк тасуға арналған арнайы құрылғысы болмаса, сондай-ақ жүктің ұзындығы мен ені 50 сантиметрден асса және алып жүргенде қиындық тудыратын болса), трамвай жолы бар және бір бағыттағы жолақ саны бірден көп жолда солға немесе кері бұрылуға, мопед, электросамокат, велосипед сүйреуге (мопедпен сүйреуге арналған тіркемені қоспағанда), қараңғы уақытта өзге көлік жүргізушісіне көрінетін жарық шағылыстыратын зат тақпай жол бойында жүруге тиым салынады.Жол ережесінің 24-бөлімі, 1 тармағында мопедті тек 16 жасқа толған адамдар жүргізе алатыны жазылған. Соған қарамастан соңғы уақытта қала көшелерінде 16 жасқа толмаған балалардың скутер және электросамокат айдауға рұқсат жоқ бола тұра, осы көлік түрін басқарып жүргенін жиі көреміз. Тәртіпті ескермеу салдарынан жол апаты болып жатқан жайттар да аз емес.

Негізгі заң жобасына сәйкес, мопед жүргізушілері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Бұл норма мас күйде мопед қолданған жүргізушілер санын, мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен жарақат алуды азайтуға бағытталған. Мұнан басқа мопед жүргізушілерін толық жол қозғалысына қатысушыларға теңестіру ұсынылып отыр. Бұдан былай азаматтар мопедтерді басқару үшін уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді. Сонымен қатар, «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алып, жыл сайынғы техникалық байқаудан да өтуі тиіс. Көлік құралдары жүргізушілері азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет. Жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін анықтау өкілеттігі беріледі. Жол ережесі мен «Жол жүрісі туралы» заңның бұрынғы нұсқасында мопедші шлем киюге міндеттелмеген. Ол мотоцикл жүргізушісіне міндетті болатын. Енді жол ережесінің 24-бөлімі 171-тармағының 8-тармақшасында мопедшіге шлемсіз жолға шығуға тыйым салынады. Ережеде шлем қандай болу керегі нақты жазылмаған, бірақ мопедші E стандартынан төмен емес жарамды сертификаты бар жоғары сапалы шлем киюі қажет. Мұндай жабдық сәл қымбат болатыны анық, бірақ жазатайым оқиға болса, қауіптен қорғайды.

Previous Post

Кентауда құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Next Post

Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Related Posts

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

by Алаш Ақпарат
24/06/2025
0

Түркістанда 28 маусым БАҚ қызметкерлері мерекесіне орай спартакиада өтті. Жарысқа спорттың волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, арқан тартыс түрлерінен Түркістан...

Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

by Алаш Ақпарат
23/06/2025
0

Бәйдібек ауданына қарасты Тұрақты елді мекенінің маңынан өтетін Бөген өзенінің арнасында су тасқынының алдын алу мақсатында арна нығайту және жағалау...

Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

by Алаш Ақпарат
23/06/2025
0

Бәйдібек ауданында өрт қауіпті маусымның басталуына байланысты өрттің алдын алу және табиғи аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде....

Бәйдібек ауданында  «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

Бәйдібек ауданында «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

by Алаш Ақпарат
23/06/2025
0

Бәйдібек ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Отырысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық...

Next Post
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

24/06/2025
Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

23/06/2025
Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

23/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс

ZERO.kz

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

Бәйдібек ауданында «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өнімі биыл 5 айда 7,2 млрд теңгеге жетті

Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,536)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In