Балық өсіру бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өңірде балық шаруашылығын дамыту тапсырмасы аясында Созақ ауданының шаруалары балық шаруашылығымен айналысуды қолға алды. Бүгінде ауданда тауарлы балық шаруашылығымен айналысуға кәсіпкерлердің қызығушылығы күн санап артып келеді. Соның бірі – «Бейбарыс» шаруа қожалығы.2005 жылы ашылған шаруа қожалығы бұған дейін мал және егін шаруашылығымен айналысып келген. Соның ішінде асыл тұқымды ангус тұқымын өсірген.Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова Жартытөбе ауылдық округі, Аққолтық елді мекеніне арнайы барып, жеке кәсіпкер Қайрат Байниевтің шаруашылығымен танысты. Кәсіпкер 15 гектар аумаққа балық шаруашылығын дамытуды қолға алып отыр.
Ол мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 8,5 млн теңге несие алып, былтыр көктем айында өз ісін бастаған. Кәсіпкер өзінің жеке тоғанына 15 мың форель шабақтарын жіберіп, өсіруде. Кәсіп иесі алдағы уақытта өз кәсібін кеңейтуді көздеуде.Кәсіп иесімен кездескен басқарма басшысының орынбасары балық шаруашылығымен айналысу тиімді кәсіптердің бірі екенін айтып, мемлекет тарапынан қолдаулар болатындығын жеткізді.Ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидия беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Жалпы ауданда «Ауыл аманаты» жобасы аясында балық шаруашылығын дамыту бойынша 7 кәсіпкер 56 млн теңге несие алған. Жалпы биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 232 жоба мақұлданып, 1 млрд. 20 млн. теңге қарастырылып отыр.Айта кетейік, облыста «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 24 кәсіпкер 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие алып, балық өсіру шаруашылықтарын ашқан.
Қазақстанда балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе, яғни 800 тоннадан 7,4 мың тоннаға дейін өсті. Елімізде осы іспен 180 балық өсіру шаруашылығы айналысады, онда мыңнан астам адам жұмыс істейді. М.Мырзағалиевтің айтуынша, бұл жеткіліксіз. «Жасанды балық өсіру шаруашылықтары бұдан да көп болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жан басына шаққанда 16 кило балық тұтыну нормасына қол жеткізу үшін шамамен 300 мың тонна балық өсіруіміз қажет», деді ол. Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Алматы облысында шамамен 1000 тонна, Солтүстік Қазақстанда 380 тонна, Шығыс Қазақстанда шамамен 300 тонна балық өсіріледі. Биыл ақпан айында Атырау қаласында балық шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде өткен көшпелі жиында Премьер-Министр А.Мамин саланың дамуына кедергі келтіретін негізгі кедегілерді анықтауға тапсырма берген еді. Министрлік осы тапсырманы орындау үшін бизнеспен бірге талдау жүргізіп, 3 басты мәселені анықтады. Олар – суқоймаларын балық аулаудан балық өсіруге бейімдеу, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын арттыру. Еліміздегі суқоймаларын зерттеу нәтижесінде онда жылына 600 мың тонна балық өсіруге болатыны анықталды. Соның негізінде балық өсірудің өңірлер үшін тиісті схемасы жасалды. Мысалы, Түркістан облысындағы Шардара суқоймасы сазан және бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіруге қолайлы болса, Шығыс Қазақстандағы Өскемен, Бұқтырма суқоймаларында форель, сиг тұқымдас балықтарды өсіруге болады. Өңірлер тұйықталған сумен қамту технологиясын пайдалана отырып, тоған және бассейндік шаруашылықтар сияқты балық өсірудің басқа да бағыттарын дамыта алады. Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы шаруашылықтың типтік жобаларын әзірледі. Бұл бизнеске қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, қолайлы шаруашылық типін, өсірілетін балық түрін таңдауға мүмкіндік береді. Министрлік қолданыстағы заңнамаға талдау жасай келе су қорғау белдеуінде балық шаруашылықтары мен құрылыстарын салуға тыйым салынуы, балық өсіру кезінде суды тұтыну үшін артық төлем алынуы, жергілікті маңызы бар су айдындарының көп бөлігі кәсіп жүргізуге берілмеуі және басқа да бірқатар кедергілердің бар екендігін анықтады. Соған сәйкес Салық, Су, Жер кодекстеріне, сондай-ақ «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану», «Архитектура, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары туралы» заңдарға өзгерістер әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Тиісті ұсыныстар күзде Парламентке енгізіледі.
Қазақстан жан басына шаққанда, балықты аз тұтынумен сипатталатынын атап өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адамға жылына кемінде 16 килограмм балық өнімдерін тұтынуды ұсынады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 килограммнан аз, оны арттыру қажет. Өз кезегінде көршілес Ресей мен Қытайда бір адам сәйкесінше 23 және 43 кг тұтынады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, көрші елдердің шекаралас аудандарын ескере отырып, балық өнімдерін экспорттау үшін әлеуетті ниша 3 млн тоннадан астам болуы мүмкін. Оның айтуынша, бүгінгі күні елде мыңнан астам балық шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді. Оларға 1646 балық шаруашылығының су айдындары мен учаскелері бекітіліп берілген. Өткен жылы шамамен 45 мың тонна балық ауланды. Бұл салада 12 мыңнан астам адам еңбек етеді. Балық аулау негізінен Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жүргізіледі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық ресурстарының табиғи популяциясын сақтау бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдайды. Ең алдымен, бұл браконьерлікпен күрес. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындарымен кездесуі барысында назар аударды.
«Президенттің тапсырмасын орындау үшін браконьерлікке қарсы күресті күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылдайтын боламыз. Бұл, ең алдымен, балық инспекцияларын заманауи материалдық-техникалық құралдармен толық жарақтандыру және табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру», — деді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, биыл 61 млн теңгеден астам сомаға 4,5 мыңнан астам бұзушылық анықталды және 65 млн теңге сомасына талап қойылды. Құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жағдайларының саны өсті. Бұл балық шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің күшеюін көрсетеді. Балықтың уылдырық шашу кезеңінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Мәселен, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен (ЭГТРМ, ІІМ және ҰҚК) Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жыл сайын «Бекіре» балық қорғау акциясы өткізіледі. Қалған өңірлерде «Уылдырық шашу» және «Таза су айдындары» акциялары өткізіледі. Биоәртүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі Каспий итбалықтарының популяциясын қалпына келтіру болып табылады. Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мемлекет басшысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру бойынша тапсырмасына сәйкес ғылыми негіздемені (ЕНО) әзірлеу басталып кетті. Нәтижелерді келесі жылдың қаңтар айында алуды жоспарланып отыр. Содан кейін техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭО) әзірлеу қолға алынады.
Браконьерлікпен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өткен жылы инспекцияларды материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту бойынша елеулі жұмыс жүргізілді. Аумақтық инспекциялар паркінің шамамен 30% жаңартылды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда. Қорғау шараларымен қатар, жыл сайын табиғи су айдындарының балық ресурстарын сақтау және молайту бойынша шаралар қабылданып жатыр.
«Мәселен, мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындары жыл сайын құнды балық шабақтарының жасанды өсімін молайтуды қамтамасыз етеді. Бірақ олардың өндірістік базасы тозған, жаңғырту жүргізуді қажет етеді. Атырау облысында Президент бұл мәселеге тоқталып, Атыраудағы екі бекіре балық өсіру зауытын реконструкциялауды және жаңғыртуды тапсырды. Біз инвестициялық ұсыныс әзірлеп, Ұлттық экономика министрлігінің қарауына енгізетін боламыз», — деді.
Бұдан басқа, Атырау облысында 2018-2020 жылдары Жайық және Қиғаш өзендерінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту бойынша жобалар жүзеге асырылды. Каналдардың жалпы ұзындығы 194 шақырымды құрады. Осы жылы республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Сонымен қатар Президенттің тапсырмасына сәйкес, келесі жылы кеме қатынайтын су жолдарында түп тереңдету жұмыстары басталатынын атап өту маңызды. Бұл балықтардың уылдырық шашатын жерлерге өтуі үшін қосымша қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ балық аулау кемелерінің Каспий теңізіне кедергісіз шығуына мүмкіндік береді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған заңнаманы жетілдіру аясында айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап өтті. Бұдан басқа, өндірілетін және өсірілетін балықты терең өңдеу, сонымен қоса, қосылған құны жоғары балық өнімдерін шығару үшін жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы өңдеуге 35 мың тонна шикі балық жіберілді, нәтижесінде 29 мың тонна балық өнімдері алынды. Қазіргі уақытта, 72 балық өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 17 кәсіпорын жоғары талаптарға сай келеді және балық өнімдерін Еуропалық одақ елдеріне экспорттау құқығын алды. Бұл ретте, қосымша тағы 14 қазақстандық кәсіпорын осындай экспорт құқығын алуға өтінім берді. Сондай-ақ экспорттық нарықты кеңейту мақсатында Қазақстан мен Қытай арасында ветеринариялық сертификат келісілді, ал Қытай тізіліміне 64 қазақстандық кәсіпорын енгізілді.
Сонымен қатар «Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының шеңберінде балық өңдеумен айналысатын субъектілер үшін қосымша құн салығын (ҚҚС) 70%-ға төмендету көзделген. Заң жобасы Парламент Сенатының қарауында. Сондай-ақ отандық шикізаттан алынған терең өңделген балық өнімдерін субсидиялауды енгізу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы) Үкіметтің қарауына енгізілді.
Сондай-ақ Серікқали Брекешевтің айтуынша, көлеңкелі айналымды азайту үшін балық өнімдерін қадағалаудың ақпараттық жүйесі әзірленуде. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы балық шаруашылығында қабылданып жатқан шаралар қазіргі проблемаларды шешу үшін жеткіліксіз және көптеген мәселелер бірқатар шұғыл шешімдерді талап ететінін айтты. Атап айтқанда:
Заңсыз балық аулау фактілерінің болуы (браконьерлік).
Балық шикізатының жетіспеушілігіне байланысты балық өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының жүктелмеуі.
Каспийдің теңіз балық түрлерін аулауға арналған квотаны игермеу (килька, майшабақ, кефаль).
Браконьерлікпен күресу үшін қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін мына шаралар ұсынылып отыр:
Бірінші. Браконьерлікті төмендету мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің әзірленіп жатқан жобасы шеңберінде жауапкершілікті күшейту ұсынылды. Яғни, айыппұлды 20-дан 50 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін ұлғайту және 1 жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу.
Екінші. Балық өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын толтыру үшін балықты салқындатылған және мұздатылған түрде экспорттауға тыйым салу мәселесі қаралуда.
Анықтама үшін:
Осы шектеулерді енгізу:
– балық өңдеу кәсіпорындарының қуатын жүктеу;
– балық өңдеу саласын дамыту есебінен экспортты ұлғайту;
– қосылған құны жоғары балық өнімдерін шығаруды және іскерлік белсенділіктің өсуін қамтамасыз етеді.
Үшінші. Балық аулау флотының кемелері мұнай танкерлері мен құрғақ жүктердің тарифтеріне бірдей (портқа бір кіру үшін шамамен 500 мың теңге). Егер килька өнімдерінің төмен бағасын ескерсек, бұл қымбат болып табылады. Сондықтан Каспийдің теңіз балық түрлерін (килька, майшабақ, кефаль) игеру үшін заңнамалық деңгейде теңіз флотын жеңілдікпен кредиттеу немесе лизинг жолымен сатып алу мәселесін шешу қажет. Сондай-ақ порт қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселесін пысықтау керек.
Төртінші. Инспекцияларды толығымен жарақтандыру үшін алдағы 3 жылға қосымша 8 млрд теңге қажет. Бұл бұзушыға алғашқы деректерді жедел, сапалы толтыруға және браконьерлікке қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Балық өсіру шаруашылығына қатысты экология, геология және табиғи ресурстар министрі Біріккен ұлттар ұйымы Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының бағалауы бойынша акваөсіру әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан бағыт. Соңғы 25 жылда акваөсіру көлемі 4 есеге өсті, ал осы кезеңде балық аулау көлемі тұрақты деңгейде қалып отыр.
«Қазақстанның балық өсіру шаруашылығының да әлеуеті зор. Соңғы 5 жылда өсірілген балық көлемі 2,7 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін немесе 5,5 есеге ұлғайды. Балық өсірумен 380 шаруашылық айналысады, онда 1,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді», — деді Серікқали Брекешев.
Балық өсіруден Түркістан облысы көш бастап тұр (3,6 мың тонна).Өткен жылы Үкімет Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады, негізгі басымдылық балық өсіру шаруашылығына берілген.
2030 жылға қарай жылына 270 мың тонна балық өсіру, ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайту, импорт көлемін 45 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін азайту жоспарланған. Бұдан басқа, кемінде 10 мың қосымша жұмыс орнын құру және негізінен ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыру күтілуде. Саланы табысты дамытудың маңызды факторы – бизнесті субсидиялау және салықтық жеңілдіктер түрінде бастапқы кезеңде қолдау болып табылады. Бүгінгі күні балық шаруашылығы саласында (көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы, тор шаруашылығы, УЗВ) бірқатар бағыттарды субсидиялау қарастырылған. Олар слайда көрсетілген
Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтардың («Ақтау теңіз порты», «Сарыарқа», «Қорғас-Шығыс қақпасы») аумағында салықтық жеңілдіктер мен преференциялар берілетін жер учаскелері беріледі. Соның арқасында жалпы инвестиция көлемі шамамен 150 млрд теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып жатыр. Олар жылына 74 мың тоннадан астам балық өсіруге, 125 мың тонна балық жемін өндіруге және 1 мың тоннаға жуық асшаяндарды өңдеуге, сондай-ақ 5 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Каспий килькасын өндіру және артемия цисталарын қайта өңдеу бойынша жобаларда бар. Оларды іске асыруды аяқтау мерзімі осы жылмен 2026 жылға дейінгі аралықта.
Президенттің тапсырмасына сәйкес балық өсірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту бойынша қосымша шаралар мен ұсыныстар әзірленетін болады. Бұл ретте балық өсіру шаруашылығын дамыту бойынша қабылданып отырған шаралармен қатар, шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда:
Бірінші. Су пайдалану лимиттерін бөлу кезінде балық шаруашылығының басым еместігі. Сондай-ақ, жер асты суларынан арнайы су пайдалану кезінде акваөсіру үшін рұқсат алу тәртібінің күрделігі.
Екінші. 2025 жылдан бастап балық өсіру көлемінің едәуір ұлғаюымен ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтіндігі.
Үшінші. Бекіре және албырт балық түрлерін өсіруге арналған балық азығы мен шабақтарын сатып алудың импортқа тәуелділігі.
Төртінші. Әлсіз ғылыми сүйемелдеу және білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
Бесінші. Балық тұтыну деңгейінің төмен болуына байланысты, 2025 жылдан бастап балық өнімдерін өткізудің қиындығының туындауы.
Алтыншы. Акваөсіру саласындағы құқықтық қатынастардың жеткіліксіз реттелуі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, бұл мәселелерді шешу үшін мыналар қарастырылған:
Бірінші. Акваөсіруге су пайдалану мәселелерін шешу үшін әзірленіп жатқан жаңа Су кодексі аясында тиісті нормалар көзделетін болады. Атап айтқанда, акваөсіру субъектілерінің мүддесі үшін басқа су пайдаланушылардың құқықтарына шектеулер белгілеу құқығын беру. Сонымен қатар, акваөсіру субъектілерін тұйық сумен жабдықтау қондырғыларын пайдалануға және су үнемдеу технологияларын енгізуге ынталандыру.
Екінші. Ведомство бастамасымен балық ресурстарының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық сарапшылар тартылды, олар осы айда Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы балық өсіру шаруашылықтарының ветеринариялық қауіпсіздігінің жай-күйіне тәуелсіз бағалау жүргізді. Жыл соңына дейін ветеринариялық қауіпсіздікті жақсарту бойынша нақты ұсыныстар күтілуде. Сонымен қатар балық ауруларын жедел зерттеу бойынша Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы жанынан мамандандырылған зертхана құру талап етіледі.
Үшінші. Балық азығы мен шабақтарын сатып алуда импортты алмастыру үшін Қазақстанда азық өндіретін кәсіпорындар салу үшін инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту көзделген.
Төртінші. Білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін «балық шаруашылығы» мамандығы бойынша оқыған азаматтарды әлеуметтік жеңілдіктер бере отырып, осы салада кемінде үш жыл жұмыс істеу міндетін көздеу қажет. Жас мамандарды тарту үшін мемлекеттік қолдаудың субсидияларын алушылар үшін бизнес субъектілерінің өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруді міндеттеу керек.
Бесінші. Балық өнімдерін өткізу мәселесін заңнамалық деңгейде шешу үшін білім, денсаулық, мемлекеттік ұйымдар, ішкі істер, қарулы күштер, қылмыстық-атқару жүйесі органдары балықты тамақтану рационына енгізуді және отандық өндірушілерден балық өнімдерінің кепілдік берілген көлемін басым тәртіппен сатып алуды міндеттеу ұсынылады.
Алтыншы. Акваөсіру саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу үшін тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр, оны келесі жылғы қарашада Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу жоспарланып отыр.
Қорытындылай келе, Серікқали Брекешев балық шаруашылығы мәселелері Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті.Осыған орай, проблемалық мәселелерді кешенді шешу үшін балық шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасады.