Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты Ш.Бектасов атындағы N38 жалпы білім беретін мектебінде тарих және құқық пәні мұғалімі Қонарбаева Үрзада Тәшімқызы 10 сынып оқушылары арасында ” Қаржылық сауаттылық негіздері” атты тақырып аясында дөңгелек үстел өткізді. Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық пирамида арқылы алаяқтыққа ұрынып қалмаудың алдын алу мақсатында өтілген іс- шара барысында оқушылар қаржы деген не, қаржылық сауаттылықты арттыру жолдары, интернет арқылы маркетплейстерді пайдаланбау т.б. алаяқ әркеттердің арбауына түсу қаупі жөнінде ойларын ортаға сала білді. Және де мұғалім Ү.Қонарбаева өмірде орын алған фактілерге тоқталып , оны тиімді шешу жолдарын оқушыларға бағыттап, оқушылардың тәуелсіз әрекет етуі арқылы дұрыс та тиімді шешім қабылдай алуына бағдар берді.
Интернет кеңістігінде қысқа мерзім ішінде жоғары табыс көзі туралы және үміткерге саусақпен санаулы талаптар қоятын хабарландыруларды жиі кездестіруге болады. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Fingramota.kz жобасымен бірлесіп, азаттарға сақ болуды ескертеді және ықтимал айла-шарғылардың жаңа түрлері туралы айтап береді.
Жалған жарнамалар. Мұндай жағдайда ақша аударымдары және қолма-қол ақшаға айналдыру, құжаттар ресімдемей, яғни ешқайда тіркелмей, толық «қашықтан» режиміндегі жұмыс ұсынылады. Олар – «бірнеше сағат ішінде жақсы табыс», «тексерулерсіз және құжаттар толтырмай жұмысқа орналасу», «жоғары табыс» деген сөздерді жиі пайдаланады. Алаяқтық бос жұмыс орындарында іздеушіге ақша аударуды және жұмыс берушімен онлайн іс-әрекетке түсу бойынша нақты талаптар көрсетілмейді