Ауданда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын — ұрпақ тәрбиесіне қатысты семинар-кездесу ұйымдастырылды. «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында өткен іс-шара облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен аудан, қалаларда жүйелі қолға алынған. Алқалы басқосуға Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілес Айтжан және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандағы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Семинар-кездесу барысында облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков ұрпақ тәрбиесі және бұл бағытта Ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жайлы жан-жақты баяндама жасады. Жиналған көпшілікке бүгінгі өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие беретін ақыл-кеңестер айтылды. Өз кезегінде аудан зиялылары да жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерге тоқталды. Жиналған көпшілік осындай маңызды мәселе төңірегінде қоғам болып күресіп, ауызбіршіліктің үлгісін көрсету керекпіз деп тарасты.
«Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады» – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында: «Адал азамат деге¬німіз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнық¬тыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады», деді Президент. Оның айтуынша, Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге, жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс»-, деген еді. Тегінде, адалдық, әділдік – адам бойындағы бағалы қасиет, басты құндылық, өмірдегі шырағдан іспеттес. Ал, адал азамат – сол шырағданмен жүретін, ар-ұжданына қайшы келетін әрекетке бармайтын, өз ұлтының мүддесін көздеген, соған лайықты қызмет қылатын адам болса керек. Оның салмағы зор, жауапкершілігі де соншалықты жоғары. Бізге ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін осы жауапкершілікпен қатар, санамен түсініп, ұлт болашағына жанашырлықпен қызмет қыларлық жолда болуымыз керек. Себебі, Мемлекеттің діңгегі – адал азаматтар, ұлт мүддесін жоғары қойған қоғам. Бүгінгідей ақпарттық заманда, технологияның сәт санап дамыған уақытында өркениет көшіне ілесеміз десек, жаһандануға жұтылмай адами құндылықты кенжелетпегеніміз абзал. Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Жастардың заманға сай рухани тәрбие деңгейін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Тегінде, адалдық, әділдік – адам бойындағы бағалы қасиет, басты құндылық, өмірдегі шырағдан іспеттес. Ал, адал азамат – сол шырағданмен жүретін, ар-ұжданына қайшы келетін әрекетке бармайтын, өз ұлтының мүддесін көздеген, соған лайықты қызмет қылатын адам болса керек. Оның салмағы зор, жауапкершілігі де соншалықты жоғары. Бізге ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін осы жауапкершілікпен қатар, санамен түсініп, ұлт болашағына жанашырлықпен қызмет қыларлық жолда болуымыз керек. Себебі, Мемлекеттің діңгегі – адал азаматтар, ұлт мүддесін жоғары қойған қоғам. Бүгінгідей ақпарттық заманда, технологияның сәт санап дамыған уақытында өркениет көшіне ілесеміз десек, жаһандануға жұтылмай адами құндылықты кенжелетпегеніміз абзал. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыз үшін қасиетті мекен болған Түркістандағы Құрылтайда сөйлеген сөзінде мемлекеттік қызметшілер халыққа және елге қызмет етуге толық бел буып қызмет етуі тиіс екенін атап өтті. Алаш арысы Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген өнегелі сөзі бүгінгі күні аса маңызды болып тұр. Осы қағида әрбір азаматқа бұлжымас қағида болғанда біз армандаған ұйысқан ұлт, өркениет көшіндегі құндылықтары берік, тәуелсіздігі баянды мемлекет боларымыз хақ. Бұл жалаң сөз, жалынды ұран емес, іс-әрекетке айналғанда өзімізден кейінгі жас ұрпақ әділ, адал, еңбекқор, білімпаз, отаншыл, жаңашыл әрі жанашыр болады. Президент айтқан «Адал азамат һәм ұлттың жаңа сапасы» деген ұғым осы болмақ. Адалдық пен әділдік турасында пікір сұрағанда, ең алдымен, абыз Абайдың жетінші қара сөзіне қайыра үңілеміз. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп, «ол немене», «бұл немене» деп, «ол неге үйтеді» деп, «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады» деп түйедi. Абай ұғымындағы жан азығы мен рухани құндылықтардың адал азамат ұғымымен ұштасатын тұсы көп.
Президент «Адал азамат» ұстанымы жөнінде «Елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасуы керек. Онда елдің бірлігі және тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар үстемдік құруы қажет. Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бірауыз сөзбен сипаттауға болады» деген еді. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз. Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын. Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы қасиеттер әрбір азаматтың, әсіресе, жастардың бойынан табылғанда ғана мақсатымызға жетеміз. Отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр адам мақсатына жетеді», – деді аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілес Айтжан.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз», – дей келе: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ», – деп нақты айтты. «Біз Ата Заңымызда «жер мен табиғи ресурстар – халықтың меншігі» деген басты қағидатты бекіттік. Бұл құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы», – деді Президент. Мемлекет басшысы әділетті қоғам орнатудың басты бағдары ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мәселесіне айрықша тоқталды. «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс», – деп атап өтті. Шындығында, елдің тұрмыстық жағдайы түзелмей, өзге салада жетістікке жетуіміз неғайбіл. Экономика саласында қордаланған түйткілдер баршылық, еліміздің әлі күнге шикізатқа тәуелді болып отырғаны, еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз екені жасырын емес. Ұлттық табыстың игілігін елдің бәрі бірдей көруі үшін оның нақты жолдарын қарастыру қажеттігі анық. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сонымен қатар шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру – кезек күттірмейтін заман талабы. Адал азамат болу – әрбір қазақстандықтың парызы.